Тақырыбы: Абай –дара, Абай –дана қазақта Мақсаты



бет1/2
Дата11.06.2022
өлшемі3,76 Mb.
#36688
түріПоэма
  1   2

Тақырыбы: Абай –дара, Абай –дана қазақта


Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын 
терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр-сырымен
таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу
дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз
байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видио ролик,буклет,
Абайдың суреттері.
Барысы: І Ұйымдастыру
ІІ. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 2 сыныбының «Абай –дара, Абай – дана қазақта!» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Абай —адамзаттың өркениет тарихындағы ұлы тұлға.
Абай қазақтың ғана емес,барша адамзаттың ақыны.


Көп адам дүниеге бой алдырған
Бой алдырып аяғын көп шалдырған
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған —деп айтқан Абай атамыз.
«Жарқын бейнесімен де жалынды жырымен де»-бізбен мәңгі өмір сүре бермек.
1.Портрет көрсетіп;«Бұл кісі кім?»
Оқушылар:—Абай атамыз!
2.Бұл кісі,яғни,Абай атамыз кім болған?
Оқушылар:—Ұлы ақын,аудармашы.
3.Абайдың шын есімі кім?
Оқушылар:—Ибрагим
4.Абай атамыз қай жерде дүниеге келді?
Оқушылар:—Семей облысында,Шығыс тауында дүниеге келген.
5.Қай жылы өмірге келді?
Оқушылар:—1845 жылы
6.Қай жылы өмірден озды?
Оқушылар:—1904 жылы.
Абай атамыз көптеген өлеңдер жазған
Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.
Қазақ халқында,Абай-дара,Абай-дана болған.
Абай атамыздың «Ғылым таппай мақтанба деген өлеңіде бар.
Ерсұлтан: Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге.
Асылжан:Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің,өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет