ДНҚ және РНҚ-дан айырмашылығы АТФ-тың азотты негізі тек А – аденин болуы мүмкін. Кез келген нуклеотидтердегі барлық азотты негіздер, әдетте бас әріптермен белгіленеді.
АТФ молекуласындағы фосфор қышқылы басқа кез келген қосылыстағы сияқты болады. Оның формуласы - Н3РО4.
Үздіксіз АТФ молекуласының ерекшелігі оның әр молекуласының құрамында үшфосфор қышқылының қалдығы болуында. Барлық үшфосфор қышқылының қалдығы рибозаға бірінің артынан бірі жалғасады. Сондықтан да ол үшфосфат деп аталады.
Сонымен, АТФ нуклеотидінде бескөміртекті қант – рибоза, азотты негіз – аденинмен және үшфосфор қышқылының қалдығымен байланысады.
АТФ молекуласының құрылысы
:
Тірі ағзаларда аккумулятор қызметін АТФ молекуласы атқара алады. Бұны фосфор қышқылының арасындағы макроэргиялық байланыстар атқарады. Егер жасушаға энергия керек болса, АТФ ыдырып АДФ-қа, одан кейін АМФ-қа айналады. Бұл үрдістің нәтижесінде түзілген энергия биосинтезге, бұлшықеттердің жиырылуына, дененің жылумен қамтамасыз етілуіне жұмсалады.
Кез келген тірі жасушада АТФ негізгі биологиялық энергия көзі болып табылады. Барлық тірі ағзалар үшін АТФ рөлі ДНҚ және РНҚ рөлі тәрізді әмбебап. Тірі ағзалардың ішінде жасушасыз тіршіліктің иесі – вирустарда ғана АТФ болмайды. Басқа жасушалардың барлығында әр түрлі мөлшерде АТФ молекуласы болады.
АТФ молекуласының жасушадағы рөлі
:
АТФ арқылы ағзаға қажетті барлық пайдалы энергия өтеді. Тәулігіне бір молекула АТФ 2-3 мың рет ыдырап, қайта түзіледі, сондықтан АТФ молекуласын “жасушаның энергетикалық валютасы” деп атайды.
АТФ молекуласының жасушадағы рөлі
:
Тапсырма
1. Төменде берілген суретті қолданып, АТФ молекуласының құрам - бөліктері мен өзгерістерін 1-5 ке дейінгі сандар бойынша жазыңыз.
Дескриптор:
құрылымның атауын дұрыс жазады;
байланысудан пайда болған заттың атын дұрыс жазады.
Тапсырма
2. АТФ-ның жасушадағы қызметіне екі мысал келтіріңіз.