Құрметті Ахмет Байтұрсынұлы!



Дата15.09.2022
өлшемі16,42 Kb.
#39202
түріСабақ
Байланысты:
Документ


Құрметті Ахмет Байтұрсынұлы!
А.Байтұрсынұлы сіздің өміріңіз жәнеде жасаған еңбектеріңіз мен үшін үлгі әрі өмірлік өнеге ,сабақ. Сіздің өмір жолыңыз, өмірде жасаған еңбектеріңіз мені қатты тамсандырады. Сіз 1913-1918 жылдары Орынборда өмірлік достарыңыз Ә.Бөкейхан атам мен М.Дулатұлы атаммен танысып , тұңғыш жалпыұлттық газетін,яғни «Қазақ» газетін басып шығарыпсыз. Осы газет шығару жолында абақтыға отырып шығыпсыз. Халық жауы атанған екенсіз. Осыны жазып отырып ,мен сіздің өмірде қалай қиналғаныңызды сезгендеймін! Бірақ қанша қиналсанызда , сіз өз өміріңізді қазақ елі ұшін арнадыңыз! Сіз қазақтарға білім беріп, қазақ елін жаңа деңгейге жеткіздіңіз. Сауаттылығымызды арттырып, тұңғыш қазақ әліпбиін шығардыңыз. Өлеңге жан-жақты зерттеу жасапшумақтармақбунақбуынұйқас, т.б. ұғымдарға анықтама бердіңіз.Сіз тілші-ғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазып қана қоймай,1926 ж, Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1-съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасадыңыз.Сіздің 1904 ж И.Крыловтың өлеңдерін аударып, «Қырық мысал» деген атпен шығарған еңбегіңіз бәріне мәлім. Осы қырық мысал жинағы барша жаңға тәлім-тәрбие беріп қана қоймай,өмірлік сабақ болды. Ал екінші кітап жинағыңыз - «Маса» 1911 жылы жарыққа шыққан.Бұл кітапқа енген өлеңдерінізден қараңғылық, надандық секілді адам бойындағы кемшіліктерді көреміз және үйренеміз.Сіздің жасаған осыншама еңбектеріңіз текке кетпей 1994 жылы « Алашорда» фильмі сізге арнап түсіреледі.Сіздің жазған барлық еңбектеріңіз біздің өміріміздің басты бағыттаушысы болып қалмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет