Тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелері Дайындаған: Базарбаева Назира Топ



Дата21.05.2022
өлшемі15,18 Kb.
#35200

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Осөж
Қазақ әдеби процесі
Тақырыбы: Қазіргі қазақ әңгімелері
Дайындаған:Базарбаева Назира 
Топ:Қазақ тілі мен әдебиеті, 301
Әңгіме - оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді. Оқиға көбіне бірінші жақтан баяндалып, әңгімешінің оқиғаға тікелей қатыстылығын көрсетеді. Әңгіме - очерк, публицистикадан кейінгі белсенді жанр. Ол әрқашан роман ,поветь секілді күрделі туындыларға жол салады. Шағын жанрдың өткеніне ой жүгіртсек халқымыздың басынан кешкен не түрлі өзгерістердің хикаялары көрініс тауып отырған екен. Яғни кешегінің шежіресіндей әсер аламыз. Айтадық жиырмасыншы, отызыншы жылдардағы шындықты Б.Майлин, С.Сейфуллин, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов секілді клласиктеріміздің әңгімелерінен танып білсек, сұрапыл соғыс кезеңінің оқиғаларын қырқыншы жылдардан бастапбүгінге дейінгі жазылыпкеле жатқан туындылар айғақ етеді. Әдебиетке елуінші, алпысыншы жалдары келіп қосылған жазушылар соғыс жылдарының ауыртпалығын көріп өскен жандар. Олардың шығармашылығындағы сол кезеңнің оқиғалары тарихи панораманың бөлшектері дерлік. Жалпы одақ көлемінде әңгіме жанрының жаңа серпілісі елуінші жылдардың бер жағында басталды. Біздің ұлттық әдебиетімізде елуінші жылдың екінші жартысы мен алпысыншы жылдардан бастап әңгіме жанры кең өріс алады. Осыған орай зерттеулер
мен ғылыми еңбектер, моногафия, диссертациялардың шыға бастауы да заңды. Жанрдың табиғатына үңілу, пікір таластарда газет-журнал бетінен бүгінге дейін түспей келе жатыр.
Қазақ әдебиеті ауызша тараған әдебиет үлгілеріне бай болғанымен, жазба әдебиетте қалыптасқан дәстүрі үлі жоқ еді. Сондықтанда олар қазақ әдебиетінде алғашқы жазыла бастаған әңгіме, повесть, романдар шын мәніндегі прозалық көркем туынды дәрежесіне көтеріле алмады. Қазақтың төл әдебиеті әңгімеден мүлдем құр алақан деп те айта алмаймыз. Мысалы, Ы.Алтынсаринның қалдырған сүрлеуі мен өнегесі халқымыздың рухани байлығының таяз еместігін дәлелдеді. Әңгіменің бүгінгі табысын саралау үшін өткенге көз жүгіртсек әр уақыттың, әр кезеңнің тәжирбесімен қорланып, байып отырғанын айқын көреміз. Шын мәніндегі көркем әңгіменің өркендеп өріс алуы революциядан кейін екені бәрімізге белгілі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет