Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»



бет1/6
Дата26.11.2023
өлшемі185,24 Kb.
#128482
  1   2   3   4   5   6

Тақырыбы: «Балалардағы және нәрестелердегі тыныс алу мүшелерінің құрылысының ерекшеліктері»

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
  • Қорытынды
  • Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тынысалу дегеніміз - ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тынысалу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауатамырлар қажет. Осы жұмыстың мақсаты тыныс алу жүйесі қызметі жайлы және жасқа байланысты ерекшеліктерін айтып өту.

Өкпенің респираторлық бөлімінің гистологиялық құрылымы

Осы уақытқа дейін басқа сабақтарда айтылып келгендей, терминалды бронхиоллалар 1,2-ші және 3-ші реттік респираторлы бронхиоллаларға бөлінеді. Соңғылары сәл кеңейген альвеолярлық жолдардың кіреберісін құрайды. Альвеолярлық жолдар 3-тен 17-ге дейін болады. Олар 1-ден 4 ретке дейін тармақталып, тұйықталған альвелла қапшықтарымен аяқталады. Бронхиоллалардың деңгейінде бронхиальдық артериялар жүйесі бойынша қанмен қамтамасыз ету аяқталады. Дистальды бөлімдерде қан айналымы тек өкпе артериясы жүйесі бойынша жүзеге асады.

сурет: Өкпе бөлікшесінің моделі, 32 рет үлкейтілген.

сурет: Өкпе бөлікшесінің моделі, 32 рет үлкейтілген.

1 — өкпе артериясының тармағы; 2 — бронхтың шырышты қабықшасы; 3 — ұсақ бронх; 4 — нерв; 5 —бронх артериясының тармағы; 6 — бронхтың фиброзды қабықшасы; 7 —бронхтың тегіс бұлшықеті; 8 — шеміршектік табақша; 9 — бронхтық бездер; 10 — бронхтың шырышты қабықшасының эластикалық торы; 11 — бронхтық вена; 12 — бронхиоллалар; 13 —эластикалық талшықтардың торы; 14 — жазық бұлшықет шоғыры; 15 — респираторлы бронхиолла; 16 —альвеолланың эластикалық торы; 17 — альвеоллалық қапшықтар; 18 — альвеолярлық жол; 19 — альвеоллааралық қоршаулар; 20 — альвеоллалар; 21 — сообщение альвеолярного мешка с альвеолярным ходом; 22 — 3 слоя плевры (с эластической сетью); 23 — капиллярная сеть в альвеолярных стенках; 24 —көрші бөліктің кесіндісі; 25 — өкпе венасының тармағы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет