Dáhlia –Георгина-Нарғызгүл Астралар тұқымдас өсімдік. Жаз бойы гүлдейтін ірі гүлді, биіктігі 20-80 см жететін өсімдік. Гүлдерінің түсі ақ, сары, қызғылт, қызғылт сары. Гүл шаруашылығында георгиндерді бір жылдық және көп жылдық өсімдіктер ретінде қолданады. Бір жылдық георгиндердің тұқымын наурыз айларында сеуіп температурасы +16-20° жерге қояды. Тұқым жарнағы пайда болысымен көшетін көшіріп отырғызады. Көктемгі аяз бітісімен оны арасын 30 см етіп жәшікке отырғызады. Көп жылдық георгиндердің тамыр түйнектерін мамыр айларында арасын 40-50 см етіп жәшікке отырғызады. Күзгі аяздар басталысымен тамыр түйнектерін қазып алып температурасы +4-5° ала көлеңкелі орында сақтайды.
Gladíolus-Гладиолус-Баршынгүл, қамысгүл. Iridaceae тұқымдас. Жаз бойы гүлдейтін, гүлдері ірі, алуан түсті түйнек жуашықты көп жылдық биік өсімдік. Жуашығын мамыр айының басында, сәуірдің аяғында, арасын 16-20 см етіп 8-12 см тереңдікке отырғызады. Шілде-тамыз айларында өсімдіктері гүлдейді. Күзде жуашықтарды қазып алып жылылығы 4-5° қараңғы бөлмеде құмға көмеді, немесе жәшікке салып қояды. Godetia-Годеция. Onagraceae –Кипрейные – Күреңоттар. -Ірі, гүлінің түсі ақ, қызғылт, қызыл, қан- қызыл, кең тармақты, биіктігі 30-40 см жететін бір жылдық өсімдік. Маусым-қыркүйек айларына дейін гүлдейді. Оның тұқымын сәуірде себеді. Мамырдың бас кезінде көшетін арасын 20-30 см етіп жәшікке отырғызады. Күн сәулесіне шыдамды келеді.
Ипомея. Convolvulaceae (Вьюнковые), Шырмауықтар тұқымдас өсімдік. Қызыл, қызғылт, көк гүлді, тез өсіп биіктігі 2-3 м жететін шырмауық. Бүкіл жаз бойы гүлдеп тұрады. Тұқымын мамырда бірден жәшікке себеді. Арасын 30 см етіп, әр ұяға бір өсімдіктен егеді. Өсе бастаған өсімдіктің сабағын тірекке бағыттайды.
Ипомея тұқымнан өніп шыққаннан соң 1 ай өткесін түпкілікті балконда тұратын гүл құмырасына отырғызуды қажет етеді. Көшеттерін тұтасып кетпес үшін тігінен жеке-жеке арнайы байланған затқа(шпагат, рабица, сым және т.б.) бағыттау керек. Matthióla - Жұлдызшешек - Левкойөсімдігі Орамжапырақтар – Brassicaceae тұқымдасынан. Гүлдері ірі, алуан түсті, хош иісті жазғы өсімдік. Тұқымын сәуірдің аяғында, мамырда себеді. Мамырдың басында көшетін арасын 30 см жеткізіп жәшікке отырғызады. Өсімдікті жарығы мол орынға қояды. Lobelia -Лобелия. Campanulaceae – Колокольчиковые –Қоңыраугүлдер тұқымдасынан. Ұсақ гүлді, биіктігі 10-15 см, жаз бойы гүлдейтін бір жылдық өсімдік. Гүлдері көкшіл, көк, күлгін көк, ақшыл. Мамыр айында көшетін арасын 10-12 см жәшікке отырғызады. Мамыр-маусымнан бастап күз бойы гүлдейді. Жаз айында гүлдеп болған бұтақтарын кесіп тастап, олардың гүлдеуін өршітіп отыруға болады. Béllis – Маргаритка, Астралар тұқымдас өсімдік.. Көктемде гүлдейтін екі жылдық кішігірім өсімдік. Көшетін арасын 20 см етіп сәуір айында отырғызады. Petunia–Петуния-Шырайгүл, Solanaceae-Паслёновые-Алқалар тұқымдасынан. Көп жылдық биік және аласа, гүлдері ірі, хош иісті өсімдік. Балконға жарайтын салбырама сабақты. Күтімге, жаңбыр мен желге шыдамды. Тұқымын наурыз-сәуір айларында егеді. Көшетін арасын 2х2 см етіп бір-екі реттен отырғызады да, мамыр-маусым айларында түпкілікті орнына, яғни балкондағы жәшікке отырғызады.
Salvia-Сальвия, Шалфей-Сәлбен, Lamiaceae - Яснотковые -Тауқалақайлар тұқымдасынан. Жаз бойы гүлдейтін, алқызыл гүлді, биіктігі 30-35 см көп жылдық өсімдік. Көшетін арасын 20-25 см етіп мамыр айында отырғызады.
Nicotiana-Темекі. Биіктігі 90 см жететін, жайылып өсетін, хош иісті ақ гүлді өсімдік. Гүлі кешке, бұлтты күндері ашылады. Жаз бойы гүлдейді. Көшетін арасын 30 см етіп мамырда отырғызады. Phlox-Флокс, Polemoniaceae –Синюховые- Көкшегүлдер тұқымдас өсімдік. Жаз бойы гүлдейтін ірі гүлді өсімдік. Көшетін мамырда, маусымның басында арасын 20 см етіп отырғызады.
Бекіту сұрақтары:
1. Балконды көгалдандыру. Гүл өсіретін ыдыстар және оларды орналастыру.
2. Өсімдік отырғызу, тұқымын себу және күту.
3. Балконда өсірілетін сәндік өсімдік түрлері: агератум, алиссум, антерринум. 4. Гладиолустар, годеция, ипомея, жұлжызшешек- левкой, лобелия, маргаритка өсімдіктеріне сипаттама.
5. Шырайгүл, сальвия, темекі және флокс өсімдіктеріне сипаттама.
Әдебиет
1.Козбагарова Н.Ж. Ландшафт сәулеті. – Алматы: «АҚНҰР» баспасы, 2018. – 112 б.
2. Абаева Қ.Т., Қожабекова А.Ж., Қопабаева А.А. Ландшафтық дизайн. – Алматы: «Айтұмар», 2013. -204 б.
3. Сатыбалдиева Г.Қ. және т.б. Бөлме өсімдіктерін күтіп-баптаудың ерекшеліктері. – Алматы:Қазақ унив., 2015. – 157 б.
4. Әметов Ә. Ә. Ботаника. – Алматы:Дәуір, 2017. -512 б.
5. http://www.belstu.by/Portals/0/userfiles/84/Cvetovodstvo/Teksti-lekcij-Cvetovodstvo-Ch-1.pdf Бурганская Т. М. Цветоводство. В 2 ч. Ч. 1.– Минск : БГТУ, 2014. – 121 с.
6. http://www.belstu.by/Portals/0/userfiles/84/Cvetovodstvo/Teksti-lekcij-Cvetovodstvo-Ch-1.pdf Бурганская Т. М. Цветоводство. В 2 ч. Ч. 1.– Минск : БГТУ, 2014. – 121 с.
7. https://domznaniy.info/rasteniya-na-balkone-razukrashennyj-balkon-ili-kak-vyrashchivat-rasteniya-i-tsvety-na-balkone/