Тақырыбы: Энергетикалық сусынның зияны. Мақсаты



Дата14.10.2023
өлшемі14,47 Kb.
#113864
түріҚұрамы

Тақырыбы: «Энергетикалық сусынның зияны.
Мақсаты: 
Энергетикалық сусынның адам ағзасына және оның атқаратын қызметіне тікелей әсері бар екендігі жөнінде өскелең ұрпаққа насихаттау.
Міндеттері:
• Энергетикалық сусынының шығу жолдары, оның құрамы мен зияндылығы туралы түсінік беру;
• Энергетикалық сусынның тұрмыстық жағдайда және өмірде қандай заттарды тазалап, нендей зиян келтіретін ерекше тұстарын таныту.
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Куратор: Энергетикалық сусындар – адамзаттың бертінде ойлап тапқан өнертабысы. Алайда олардың құрамындағы заттар жүйке жүйесін ынталандыру үшін бұрыннан пайдаланылып келеді. Энергетикалық сусындар емтиханға дайындалып жүрген студенттерге, жұмысын уақытында тапсырып үлгермей жүрген қызметкерлерге, спорттық рекордтарға ұмтылған спортшыларға, шаршаған жүргізушілер мен түнгі клуб қыдырмаларына нағыз құтқарушы болды... Бір сөзбен айтқанда, шаршаса да өзін сергек сезінуі керек адамдарға арналады. Сусынның бір құтысынан бар шаршағаныңыз кетіп, ұйқы қысу басылып, жаңа әрекеттерге дайын боласыз. Энергетикалық сусындардың зияны жайлы естісек те, олардың нақты қандай зияны бар екенін біле бермейміз. Ал дүкендерде бұл ғажайып сусынның еркін таралуы мен қолжетімділігі денсаулыққа алаңдамауға болатындай әсер береді. Осы мәселе төңірегін зерделеп көрейік.
ІІ.Бейнематериал.
Хабар агенттігінің «Тұтынушы таңдауы / энергетикалық сусындар» тақырыбында түсірілген бейнероликті пайдалануға ұсынылады. (Ю Туб каналынан алған дұрыс)
ІІІ. Сұрақ – жауап
1. Энергетикалық сусындардың құрамы туралы не білеміз?
2. Бұлар қандай сусындар? 
3. Шөл қандырам деп жүріп денсаулығымызды бүлдіріп алып жүрмейміз бе? 
4. Бұл туралы мамандар не дейді екен? 
5. Адамға келтірер қандай зиянын білесіңдер?
6. Энергетикалық сусындарды тұтынудың ережелерін білеміз бе?
ІУ.Сауалнама
Сынып оқушылары энергетикалық сусындарды қолдана ма, жоқ па деген сұраққа жауап алу мақсатында сауалнама алу:
1.Сен қандай сусынды қалайсың?
*Газдалған –
*Кәдімгі суды –
2.Қандай энергетикалық сусынды жақсы көресің?
*«Кока-колны» —
*«Спрайт» —
*Минералды суды –
3.Энергетикалық суды жиі ішесің бе?
*күнделікті –
*аптасына бір рет –
*өте аз ішемін –
4.Неге энергетикалық сусын ішесің?
*Өті дәмді –
*білмеймін –
5.Энергетикалық сусындар пайда әкеле ме жоқ па??
*Иә –
*Жоқ –

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет