Жоспары І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім



бет1/11
Дата28.09.2022
өлшемі169,5 Kb.
#40689
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11



ЖОСПАРЫ
І.КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ІІ.1 Эмоциялар мен сезімдер туралы жалпы түсінік
ІІ.2 Сезімнің ерекшеліктері және сапарлары
ІІ.3 Жоғарғы деңгейдегі сезімдер
ІІ.4 Эмоциялар. Эмоциялардың дамуы және қалыптасуы
ІІ. 5 Эмоциялық жағдайлар
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе

Өткен тарауларда адамның танымынан ерекше орын алатын психикалық процестер (түйсік, ойлау, ес, қиял т.б.) жеке-жеке талданды. Осы процестердің әрқайсысы сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын бейнелеудің түрлі формалары екені, бұлар бізге айналамызды әр қырынан танытатыны, әркайсысының өзіне тән ерекшеліктері мен заңдылықтары бар екендігі жан-жақты сөз болды. Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.


Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда, көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.


СЕЗІМДЕР МЕН ЭМОЦИЯЛАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК


Сезімдер - өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілікқажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады. Демек, адамның өмірі қогамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды бүркемелеуі мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет