Тақырыбы: Мотивация мінез-құлықты ұйымдастырудың факторы ретінде



Дата31.12.2021
өлшемі17,61 Kb.
#21613

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Мотивация мінез-құлықты ұйымдастырудың факторы ретінде.

Орындаған: ПКО 201 студенті

Абдуллина Айнара

Тексерген: оқ. Бекенова Д.М.

Ақтөбе 2021

Мотивация және мотив, әсіресе оқуға мотивация мәселесі әрбір адамды, соның ішінде психологтар мен педагогтарды толғандыратын өзекті мәселелердің бірі. Әдетте негізгі іс-әрекет түрлеріне ойын, оқу және еңбекті жатқызады. Кез-келген оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруға тырысатын психолог не педагог ең алдымен оқушылардың оған деген мотивациясын, яғни қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға тырысады, оның негізін, түп–тамырын іздеуге талпынады.

Адамның белгілі бір іс-әрекетті орындаудағы ерекшеліктері мен оның өзіндік қасиеттері өзара біртұтас құрылымды құрайды және бұл құрылым иерархиялық түрде көрінеді, яғни адамның барлық қасиеттері айналасына жинақталатын орталығы болады. Л.И.Божовичтің пікірінше мұндай орталық адамның мотивациялық-қажеттілік сферасы болып саналады .

Аристотель, Гераклит, Демокрит, Лукреций, Платон, Сократ секілді ежелгі философтардың еңбектерінде адам іс-әрекетінің мотивациясы туралы көптеген ой-пікірлер, теориялар пайда болды. Олардың пікірінше іс-әрекетке итермелейтін негізгі күш «қажеттілік» болып саналады. Гераклиттің пікірінше қажеттіліктер өмір шарттары жағдайларымен анықталады, қажеттіліктерді қанағаттандыруда белгілі шектеуді сақтау адамның дамуы мен интеллектуалдық қабілетінің жетілуіне жағдай жасайды. Сократ өз қажеттіліктерін, мінез-құлқын, тілектерін еркіне бағындыра алмайтын адам басқа адамдарға тәуелділіктен арыла алмайды, өз тәнінің құлқы болып қалады деп есептейді. Сократттың айтуы бойынша адам өз қажеттіліктерін тек шын мәнінде өзекті мәселеге айналдырғанда ғана қанағаттандыруы тиіс. Платон адам өз қажеттіліктерін саналы басқаруды талап етсе, Лукрецияның пікірінше еріктің көзі қажеттіліктерден туындайтын тілектер. Демокрит қажеттілікті негізгі қозғаушы күш және қажеттілік эмоционалды қайғыруларға, адамның ойлауға, сөйлеуге, еңбекке дағдылануына әсерін тигізеді деп түсіндірді. Яғни, Демокриттің пікірінше егер адамда қажеттілік болмаса, ол сол жабайы күйінде қалып, дамымайды.

Мотивацияның қазіргі теорияларының көздерін алғашқы психологиялық білімдер туындаған ошақтардан іздеген дұрыс. Бұл мәселені зерттеу кезінде адам мотивациясының пайда болуы мен мәніне көзқарас үнемі өзгеріп, философиядағы рационализм мен иррационализм ағымдарының арасында орналасты. Рационалистік көзқарас бойынша адам жануарға еш ұқсастығы жоқ ерекше тіршілік иесі. Ол әсіресе ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі ежелгі философтардың еңбектерінде айқын көрінеді.Олардың пікірлерінше тек адам ғана санаға, ақылға, ерік-жігерге ие. Адам мотивациясының ошағы болып оның санасы және ерік-жігер, ақыл-ойы саналады.

Адам іс-әрекетінің мотивациясы жөніндегі алғашқы психологиялық теория ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда пайда болған адам мінез-құлқын рационалистік негізде түсіндіретін, жануарлар мінез-құлқын иррационалистік негізде түсіндіретін автоматтылық теориясы.

ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда механика жетістіктерінің нәтижесінде кең өріс алып дамыған автоматтылық теориясы, кейін тірі ағзаның түрлі әсерлерге беретін механикалық, автоматтылық ретіндегі жауабы рефлекс идеясымен байланыстырылды. Бірі адамдар, екіншісі жануарлар үшін бөлек екі мотивациялық теория философияны екі қарама-қарсы ағымға, идеализм мен материализмге бөлу ХІХ ғасырдың соңына дейін жалғасты.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ч.Дарвиннің биологиядағы эволюция теориясының орны ерекше. Ч.Дарвин өз ілімін көптеген ғасырлар бойы анатомиялық, физиологиялық және психологиялық жағынан мүлде ерекше бөлек болып саналып келген адамдар арасындағы шыңырау үстіне көпір салғандай болды. Ол бұл тіршілік иелерін өзара мінез-құлықтық және мотивациялық жақындастыруда, әсіресе эмоционалды экспрессивті көріністері, қажеттіліктері мен инстинктілері тәрізді ортақ мінез-құлық формалары бар деп түсіндіреді.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басында З.Фрейд пен У.Макдауголл иррационалистік, адам мінез-құлқына мәні жағынан биологизаторлық көзқарас ұстанған инстинкт теориясын ұсынды.

Биологиялық қажеттіліктер, жеткіліктер мен ұмтылыстар теориясынан басқа ХХ ғасырдың басында Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы мен И.П.Павловтың жаңалықтарынан тағы екі ағым пайда болды. Олар мотивацияның мінез-құлықтық теориясы және жоғары жүйке іс-әрекетінің теориясы мотивациялық мінез-құлықты түсіндіретін Д.Уотсонның идеяларының логикалық жалғасы сияқты болды. Х.Холл мен Б.Скиннер де Д.Уотсон мен Э.Толманнан басқа бұл бағыттың көрнекті өкілдері болып саналады.

ХХ ғасырдың 30-шы жылдарынан бастап тек адамға қатысты мотивацияның арнайы тұжырымдамалары пайда бола бастады. Мұндай тұжырымдамалардың алғашқысын К.Левин ұсынды. Содан кейін А.Маслоу, К.Роджерс сияқты гуманистік психология өкілдерінің еңбектерінде көріне бастады.

А.Н.Леонтьев тұжырымдамасы бойынша адамның мотивациялық сферасы оның басқа да психологиялық ерекшеліктері сияқты практикалық іс-әрекетте өзінің көздері, бастаулары болады. Іс-әрекеттің өзінде мотивациялық сфера элементтеріне сәйкес, олармен функционалды және генетикалық байланысты құрамаларды байқауға болады.



ХХ ғасырдың 20 жылдары батыс психологиясында тек адамға қатысты мотивация теориялары пайда болды. Мұнда ағзалықтан басқа оқыту және теория нәтижесінде пайда болатын психогенді қажеттіліктер бөліп көрсетіледі. Оған жетістікке жету, тәуелсіздікке жету, афиллиация, агрессия, сыйластық және қорғаныс, басымдылық және көңіл аударту, зиянды әсерлер мен сәтсіздіктерден қашу т.б.қажеттіліктер жатқызылады. Сонымен қатар А.Маслоу да адам қажеттіліктерін жіктеуді ұсынды. А.Маслоу адамдардың бұрын тәжірибесі бар, әрі білімді деп қана қарамай, оларды өзін-өзі меңгеретін, өз өмірін қалыптастыра алатын жандар ретінде қарастырады. Ол адамдарда иерархиялық жүйеден тұратын көптеген қажеттілік болатындығын мойындады. А.Маслоу бұл қажеттіліктерді 5 категорияға бөледі:

  1. Физиологиялық қажеттілік адамға өмір сүруі үшін қажет. Оған су, баспана, тамақ, демалу және жыныстық қатынас қажеттіліктері жатады.

  2. Қорғану, қауіпсіздік және болашаққа сенімділік қажеттіліктеріне қоршаған орта жағынан болатын физикалық және психологиялық қауіп –қатерден қорғану қажеттілігі, болашақта физиологиялық қажеттіліктің қанағаттандырылуы жатады.

  3. Әлеуметтік қажеттілік – бұл біреулерге немесе бір нәрсеге қатыстылық сезімі, әлеуметтік қарым-қатынас, құштарлық және сүйемелдеушілік сезімі, өзіңді біреулердің құрметтеу сезімі.

  4. Құрметтеу қажеттілігіне жеке басының жетістіктері, біліктілігі, өзін-өзі құрметтеу, басқа біреудің өзін мақұлдауы, құрметтеуі жатады.

  5. Өзін-өзі өзектендіру және көрсету қажеттілігі – адамның өзінің потенциалды, жеке басының өсіп-жетілуін жүзеге асыру қажеттілігі және мүмкіндігі. Өзін-өзі өзектендірудің көптеген міндеттері тұлғаішілік болып келуі мүмкін. Оларға: дамудың потенциялдық мүмкіндіктерін ашып көрсету, өмірлік позицияны қалыптастыру, жоспарлау, өзін ашып көрсету жатқызылады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет