Тақырыбы: Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы



бет1/14
Дата10.05.2022
өлшемі47,85 Kb.
#33943
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Тақырыбы:Назология. Қан жүйесі мен қан жасайтын мүшелер патологиясы.
Ауру жайлы ұғым.

Адам организмі өмір бойы климаттық, радиациялық, тағамдық, әлеуметтік сияқты әр түрлі қоршаған орта жағдайлардың үздіксіз әсерінде болады. Организм қоршаған ортаның үздіксіз өзгерістеріне үнемі бейімделіп отырады; олардың біразы организм үшін қажетті де.



Денсаулық — организмнің сыртқы және ішкі ортаның өзгерістеріне ең оңтайлы бейімделген физикалық, психикалық және әлеуметтік есендiгi. Шектен тыс алғашқы немесе бұрын ұшыраспаған әсерлер бейімделумен байланысты жауаптар туындатады. Ондай әсерге қарсы тұра алмаған жағдайда, организм әрекеті бұзылып, бейімделумен байланысты жауап шегіне жетпейді де, адам ауырады.

Ауру — организмнің патологиялық фактордың әсеріне жауабы; тіршілікке икемділігі бұзылып, қоршаған ортаға бейімделу қабілеті кеміп, еңбекке жарамдылық шектеледі. Ауру да деннін саулығы сияқты тіршілік көрінісінің бірі; оған да зат алмасуы тән және ол да қоршаған ортамен тығыз байланысты.

Ауру организмнің сау организмнен айырмашылығы - симптомдардар, яғни нышандар байқалады. Олар зертханалық және түрлі кешені колданылатын объективті әдістер мен науқастын әлсіздік ауырсыну, лоқсу сияқты субъективті шағымдары арқылы анықталады. Симптомдар негізгі (диагноз қою үшін маңызды) және (дімкәстiк. т.б.) топқа жіктеледі. Ауруға тән симптомдар жиынтығы, синдром деп аталады. Мысалы, анемия - синдром; онын кура эритроциттер санының кемуі, олардың қандағы пішінінің әр түрлігі:гемоглобин мөлшерінің кемуі сияқты симптомдар кіреді. Аурудың даму барысы (ағымы) бірнеше кезеңнен тұрады.



Жасырын кезең

Жасырын (латенттік, инкубациялық) кезең — ауру туындататын әсердің басталу сәтінен аурудың алғашқы нышанына дейінгі мерзім Ауруға тән бейне байқалмайды. Организм патологиялық фактордың әсерін тежейтін қорғаныс механизмдерін іске қосып, аурудың Клиникалық бейнесін туындататын зақымдардың алдын алады. Компенсациялық-бейімделулік механизмдер белсенділігі жеткілікті болса, патологиялық фактор жойылса, ауру дамымайды. Бұл механизмдер жеткіліксіз болса, аурудың даму барысы екінші кезеңге – продром кезеңіне ұласады.



Продром кезеңі

Аурудың продром (бастапқы нышан) кезеңі дімкәстік, әлсіздік, тез қалжырау сияқты алғашқы бейспецификалық нышандардан басталады. Бұл нышандар ОЖЖ қызметін реттейтін механизмдердің бұзылатынын көрсетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет