Мәнжазба тақырыбы: Жануарлар психикасының онтогенезі. Орындаған: пко 201 студенті Абдуллина Айнара Тексерген: аға оқ. Утеуова А. А



Дата31.12.2021
өлшемі16,44 Kb.
#21612

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

МӘНЖАЗБА

Тақырыбы: Жануарлар психикасының онтогенезі.

Орындаған: ПКО 201 студенті

Абдуллина Айнара

Тексерген: аға оқ. Утеуова А.А.

Ақтөбе 2021

Жануарлар психикасының түрлері

Инстинктер

Жануарлардың биологиялық дамуы мен жүйке жүйесінің түрліше құрылымына қарай оларда мінез - құлықтың әр түрлі түрлері байқалып отырады. Осы арқылы жануар сыртқы ортамен байланыс жасайды, табиғи қажетін өтеу жолында тіршілік етеді, материалдық дүниенің құбылмалы өзгерістеріне тиісінше жауап қайтарып бейімделіп отырады.

Инстинкт, көбінесе, дамудың төменгі сатысында тұрған жануарларда кездесетін мінез-құлықтың қарапайым нәсілдік формасы. Мұны қазақша «соқыр сезім» деп атайды. Инстинктер табиғи сұрыпталу жолымен жасалады. Жануарларда болатын инстинкт-организмнің белгілі тіршілік жағдайында, өскен ортасына әбден көніккенін көрсететін мінез-құлықтың түрі. Мысалы, араның омартасы, құстың ұясы, көртышқанның іні т.б. өте «шеберлікпен», «ептілікпен» жасалынады. Бірақ осы мысалға қарап, бұл айтылған жәндіктер мен құстарда сананың саңылауы бар деуге болмайды, өйткені инстинктік амалдардың бәрі- тұқым қуалау жолымен жасалынады.

Олар өздерінің тұрақтылығымен, оралымсыздығымен ерекше көзге түседі. Мәселен, тауықтың басып отырған жұмыртқаларын алып, орнына тас салса да, мерзімді күні біткенге дейін отыра береді. Өйткені жылдың белгілі мезгілінде тауықтың, я басқа құстың жыныс безі гормондары қозып, осындай күйге түседі. Инстинктер жануарларда бір арнамен тізбектеліп өтіп жатады. И.П.Павлов оларды шартсыз рефлекстердің тізбегі дей келіп, инстинктердің басты түрлеріне (жыныс, тамақ, өмірін сақтау т.б.) физиологиялық сипаттама берген.  

Жануар дағдылары 

Жануарларда дағды дара тәжірибенің нәтижесінде қалыптасқан. Азақтардың малға бас білдіру, мады үйрету деп жүргендерді де осы дағды. Ми қабығының құрылымы неғұрлым күрделі болса, жануарларда дағдының қалыптасуы де оңайырақ, тезірек болады. Дағды инстинктерге қарағанда өзгермелі, мінез құлықтың икемді түрі. Сондықтан да айуан ортаға тез бейімделіп, көндігіп кете алады. Орыстың атақты аң үйретушісі В.Д.Дуров өз аңдарына кітап «оқытты», «үй сыпыртты», «есеп шығартты», тіпті орамал мен мұрнын сүртуге дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырған аңдар бұрышын Дуров “шартты рефлекстердің фабрикасы» деп атаған.

В.Д.Дуров осындай табысқа И.П.Павлов ілімінің нәтижесінде жетті. Өйткені В.Д.Дуров жануарларды жаттықтырып, үйрету үшін әр түрлі сигналдарға шартты рефлекстерді жасады. Мәселен, цирк алаңына келтірілген поезға тышқандар жапа тармағай «міне» бастайды. Кішкене көк вагондарға сұр тышқандар, қызыл вагондарға ақ тышқандар кіріп орын алады. Тышқандарды осылайша жаттықтырып үйрету ісі оларды тамақтандыру арқылы жүргізілді (сұр тышқандар көк вагонда, ақ тышқандар қызыл вагонда тамақтандырылады). Тамақтандыруды сан рет қайталанғаннан кейін, вагондардың белгілі бір түрі мен түсіне қарап қоректендіру тышқандарда шартты рефлекстерді қалыптастырады. Түйсік, қабылдау процестерінің күрделіне түсуі, заттардың қасиеттерімен қатар байланыстарын да бейнелей алуы, оларды елестетіп, есте сақтау, жалпылау элементтері - психикалық дамудың осы сатысында тұрған жануарлардың мінез-құлығының басты ерекшеліктері.

 Жануар интеллекті 



Жоғары  сатыдағы жануарлардан (маймыл, дельфиндер) «ақылды» деп айтуға тұрарлықтай мінез құлық көріністерін байқауға болады. Мінез- құлықтың осындай түрі маймылдарға жасалған эксперименттен сан рет байқалған. Мәселен, маймылдың сүйікті тағамы банан жемісін оның қолы жетпейтін жерге іліп қойса, маймыл жемісті алғысы келіп секіреді, бірақ оған қолы жетпейді. Бір кезде оның көзі қасында жатқан жәшіктерге түседі. Енді ол жәшіктің біреуін әкеліп, үстіне шығып көреді де, әлде де қолы жетпейтіндігін байқайды. Сонан соң бірнеше жәшікті әкеліп, бірінің үстіне бірін қойып биіктеткеннен  кейін «қара тер» болып бананды алуға шамасы келеді. Маймылдың осы қылығында қандай да болмасын бір мәселені шешуге ұқсас көрініс бар. Жануарлардың интеллектік амалы алда тұрған бөгетті жеңе білуге байланысты туып отырады.  Интеллект айуанның жеке өзіне ғана тән қылық, оның ғана тапқан әдісі. Мұндай «әдіспен» басқа жануарлар пайдаланбайды, бұған басқа жолмен жетеді. Бұл айуанның кез келген уақытта («көңілі» қалағанда) айналысатын әрекеті емес. Олардың ортаға бейімделуінде инстинкт пен дағды көбірек көрінеді де, интеллект онша жетекшілік рөль атқармайды. Мінез - құлықтың (интеллект) осы түрі айуанға түрлі сатылы, басын «қатыратын» күрделі әрекет жасауға мәжбүр етеді. Сондықтан да олар интеллектік амалға бара бермейді. Интеллект жануарлар психикасының ең икемді түрі. И. П. Павлов маймылдардың интеллектісі де ассоциациялардан (үрделі жүйке байланыстарынан) тұратындығын, бірақ мұның бірінші сигнал жүйесінің жұмысына тәуелді екендігін атап көрсетті.

Маймыл интеллектісінің өрісі тар, олардың  интеллектісі,  көбінесе, өрінетін көзге көрінетін нәрселерге байланысты ғана туып отырады. Мәселен, қасында жатқан таяқты «құрал» есебінде кездейсоқ пайдаланады, оны кейіннен керек болып қалар деген «мақсатпен» сақтап қоюды да білмейді. Маймылдарда кездесетін осындай интеллект оның миының маңдай бөлігінің жақсы дамуына байланысты. Егер маймыл миының осы бөлігін алып тастаса, бұрын білгенінен асып, ештеңе істей алмайды. Эволюциялық басқыштың түрлі сатыларында тұрған айуанда психиканың бір формасы (инстинкт, дағды, интеллект) үстем болғанмен, оның басқа түрлері де кездесе береді. Мәселен, буын аяқтыларда (өрмекші, құрт құмырсқа) инстинкт үстем болғанмен, оларда дағды да өсіп жетіле алады. Интеллектің өзі де инстинктер мен дағдылардың негізінде құралады. Жануарлар психикасының қандай түрі болмасын сыртқы ортаның жағдайына икемделуді ғана қамтамасыз етеді. Бұлардың бәріне ортақ ерекшелік олардың биологиялық сипаттама болатындығында. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет