Х А Т Т А М А № 2
Қатысқаны: 35
Қатыспағаны: 3
Тақырыбы: Отбасы –тіршіліктің тірегі
Күн тәртібінде
І тоқсан бойынша оқушылардың білім сапасының қорытындысын талдау
«Отбасы –тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта ойталқы.
Баяндамашы – 5-сынып жетекшісі Сейпкенова Гүлнұр
Әр түрлі мәселелер.
Тыңдалды:
1- мәселе бойынша сынып жетекшілері тоқсанның қорытындысы мен таныстырып білім сапасын көтеру керектігін , оқу үздіктерінің осы тоқсанда 9-сыныптан Талапхан Ерлік ,8-сыныптан Амангелдин Темірлан ,7-сыныптан Мұратбекова Мөлдір,6-сыныпта үздік оқушы жоқ,5-сыныптан Ардақ Алау және Делдерханова Аружан ,4-сыныптан Бұқатов Асылбек ,3-сыныптан Қабдылова Жанерке ,2-сыныптан Делдерханова Шұғыла ,Слямғалиева Еңлік ,Кенжебекова Іңкәр ,1-сыныптан Дәулетбекқызы Сырға ,Слямғалиев Едіге барлық саны – 12екендігін және 2 оқушы 2 сабақтан 4-ке ( Достанов Ақжан 4-сынып ,Болатбек Мағжан 7-сынып), 5 оқушы 1 сабақтан 3-ке ( Қали Нариман ,Қабдеш Мейіржан,Ділдақан Айымқан, Базылбеков Дарын,Сұңғат Әли) қорытылғандығы жөнінде айтылды және ата-аналарға оқушылардың сабаққа деген ынтасы мен қызығушылығын арттыруда бірлесе отырып жұмыс істеу керектігі жөнінде ерекше атап өтті.Сабаққа мүлдем даярлықсыз келетін оқушылардың да бар екендігі айтылды.
2- мәселе бойынша «Отбасы –тіршіліктің тірегі» атты тақырыпта ойталқы жүргізді, сынып жетекшісі: Гүлнұр Сейпкенова отбасы жағдайындағы әртүрлі ситуациялық жағдайларды ұсына отырып, ата-аналардың пікірлерін тыңдап, әртүрлі рольдік ойындар мен тренингтер жүргізді, Отбасы тәрбиесі баланың өсіп-өнетін ортасы ғана емес сонымен қатар отбасы - баланың алғашқы өмір сүретін кеңістігі, бұл кеңістіктің ең жарқын ерекшелігі –ата-ана сүйіспеншілігі, аяулы қамқорлығын қажет ететіндігін естен шығармау керектігін ерекше атап өтті. Кішігірім пікірталас болып, ата-аналар өз пікірлерімен бөлісті, ең басты мәселелердің бірі екендігін ерекше айтып, өздерінің де алаңдаушылық білдіретіндігін айтып кетті.
3- мәселе бойынша оқу құралдары мен күнделіктерін уақытылы әкеліп толтыруы және тапсырмаларды уақытылы орындап әкелуі туралы айтылды.
Қаулы: Ата-аналардың баларына көңіл бөліп мінездеріндегі ерекшеліктерін бақылау, сынып жетекшісімен байланыста болу. Оқу тәрбие үрдісінде ата-анамен мектеп бірлесе отырып жұмыс жүргізу.
Сынып жетекшісі: Сейпкенова Г.З
Ата-аналар комитетінің төрайымы: Уалиева Қ.Е
Достарыңызбен бөлісу: |