Тақырыбы: «Отбасын жоспарлау сұрақтары. Контрацепция. Әйелдің репродуктивті денсаулығын қорғау»


Комбинирленген оральді контрацепция



бет7/12
Дата31.03.2022
өлшемі7,26 Mb.
#29348
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Комбинирленген оральді контрацепция  

Құрамы. Оральді контрацепция, яғни ұрықтануға қарсы препарат комбинациясында эстроген және прогестина немесе прогестин бар. Бізге бір –, екі -, және үш- фазалы комбинерленген эстроген – гестагенда препараттар белгілі.  Бір фазалыға: овулен, овидон, регевидон, диане — 35, микрогинон жатады; Екі фазалыға: антеовин, климин, дивин жатады. Үш фазалыға: триквилар, тризистон, трирегол, марвелон және т.б Комбинерленген оральді таблеткалар құрамында эстрогегннің (этинилэстрадиол немесе местранол ) және прогестиннің құрамы әр түрлі мөлшерде болады. Бірақ, қазіргі кездегі препараттар құрамында төмен дозалы эстроген (бір таблеткада 20 – 50 мкг) болады. Оларда 21 күн ішінде цикл арасында апталық үзіліспен қабылдайды. Құрамында прогестині бар препараттарды үзіліссіз қабылдайды. Әсер ету механизмі. Овулияцияны төмендету КОК — тың негізгі механизмдік әсері. Эстраегендер сияқты прогестиндер де гонатропин синтезін төмендетіп, овуляцияны тоқтатады. Жатыр мойны шырышы қоюланып, жабысқақтанады. Цервикальді өзекке сперматозоидтардың жылжуына кедергі жасайды. Прогестин әсерінен эндометрий активтілігін төмендетіп, сонымен бірге бластоцистаны имплантациялауға дайын болмайды. Зиянды әсері. Төмен мөлшерлі препараттарды жиі қолданғанда қан кетулер немесе аменорея , дисменорея болады. Кейде жүрек айну, дене салмағы жоғарлауы және сүт бездерінің ауырсынуы болады. Бас ауру, ішінің ауруы, құсу басқа аурулармен байланысты болуы мүмкін. Таблеткаларды екі — үш рет қабылдағаннан кейін бұл көріністер жоғалып кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет