Сақтар — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Сақ тайпасының әртүрлі атаулары болған. Ежелгі гректер оларды "азиялық скифтер", ал парсылар - "Құдыретті еркектер" деп атаған. Персия патшасы I Дариййдің тас жазуларында сақ тайпалары 3топқа бөліп көрсеткен: парадарая (теңіздің арғы бетіндегі сақтар) — еуропалық сақтар-скифтер немесе Арал теңізі, Сырдарияның арғы жағындағылар;хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар) — Ферғана алқабын мекендеушілер;тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) — Сырдарияның орта ағынын және Жетісуды мекендеушілер.

Скифтер тайқазан жасап, оған жылқының етін асып, аталарына ас берген. Сол дәстүр қазақтарда бүгінге дейін сақталып келеді. Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауидің мавзолейінде тұрған тайқазан-скиф дәуірінен бері үзілмей келе жатқан дәстүріміздің белгісі. Ариант деген патша скифтердің санын білмек болып, “Әрбір скиф бір-бір жебенің ұшын әкелсін!” деп бұйырады. Жиналған жебенің көптігі сонша, патша жебенің ұшындағы жезді балқытып, қазан құяды. Скифтердің тайқазанын көзімен көрген Геродот былай деп жазыпты: “Ол қазанды көрмесеңіздер мен суреттеп берейін: оған 600 құман су еркін сыяды, ал скифтердің бұл ыдысының қалыңдығы алты елі”. Скифтердің тағы бір дәстүрі – бие сауып, қамыз ашытқан.