Тақырыбы: Салалас және сабақтас құрмалас сөйлем Мақсаты: Құрмалас түрлерін мағыналық, тұлғалық жағынан талдауға жаттықтыру. Тапсырмалар:1. Мәтінді оқып шығып, олардың жай я құрмалас сөйлем екенін ажыратыңыз; олардың өзгешелігі неде екенін айтыңыз. Әр жұмыстың өзіндік қызығы болатынын білесіз.(Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем) Үй салудың да сондай қызықтары болады. (Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем) Әсіресе, іргесі көтеріліп бөлме-бөлмеге бөлініп күннен- күнге биіктеп келе жатқанын көргенде, құрылысшы қуанбай тұра алмайды. (Құрмалас сөйлем:жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді)Оның жауапкершілігі де, өз жұмысына деген ықыласы да арта түседі, өз өнеріне деген сыны да, тағылар міні де күшейе бастайды. (Құрмалас сөйлем:жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді)Кейде мен өз өнерімді суретшілікке ұқсатамын. (Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем) Суретші бір нәрсені көркемдеп шығару үшін суреттің барлық көрінісімен қатар көлемін де, бояуын да – бәрін де ойлап есепке алады. (Құрмалас сөйлем:жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді)Бұл үшін бойда бар барлық өнерін жұмсайды. (Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем) Үйші де сол сияқты. (Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем)Егер бір кірпіш орнын таппаса, яки сәл қисықтау қойылып кетсе,бүкіл үйдің сәнін бұзады. (Құрмалас сөйлем:жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді) Ең аяғы дұрыстап сырланбаса да, сыланбаса да әдемілік қашады. (Құрмалас сөйлем:жай сөйлемдерден құралып күрделі ойды білдіреді)Сондықтан да құрылысшы келешек үйдің көрінісін бірінші кірпішті қолына алмай тұрып ойлайды. (Жай сөйлем:тиянақты бір ойды ғана білдіретін сөйлем) 2. Құрмалас сөйлемдерді түріне қарай (салалас, сабақтас, аралас) ажыратыңыз. 1. Аты шулы Жоңғар қақпасының ең қысылшаң, тар жері де - осы Жалаңашкөлдің тұсы.(Сабақтас сөйлем ) Көлдің ені төрт километр болса, тауға дейін төрт километрдей ашық жер бар.(Салалас сөйлем) Осы арамен жол өтеді. (Сабақтас сөйлем) Қақпаның ең қысылшаң жері осы болғандықтан да, Ебінұр мен Сайқын желдерінің ең күшті ойнағы осы арадан өтеді (С. Бақб.).(Салалас сөйлем) 2. Таудағы шөп шабыс науқанының аяғы қусырылды, шөп машиналар түгелдей жығылды. (Салалас сөйлем)Осынау асқар таудың бір алып қойнауы бұрын шалғы тиіп көрмеген түкпір-түкпіріне шейін түгел шабылып, ұшан-теңіз мал азығы дайындалды(Сабақтас сөйлем) (Б.Соқп.). 3. Жұмыстың қауырт жүргізілгенін мынадан біліңіз: кәдімгі екі, төрт пәтерлік құрама ағаш үйлер үш-төрт күнде бітіп, сапқа қосылып жатты.(салалас сөйлем) 3. Көшіріп жазыңыз да, салаластың қай түріне жататындығын ажырата отырып, тиісті тыныс белгісін қойыңыз. Әр компоненттің тұрлаулы мүшелерін тауып астын сызыңыз. 1. Асқар екі нәрсені қолына берік ұстады, біреуі төрт бұрышты фанер тақтайға желімдеп алған жоғарғы манифест, екіншісі винтовка. (Түсіндірмелі)2. Қалғып кеттің болды ,тыңайып сала бересің (С.М.). (Түсіндірмелі)3. Сәуленің соны айтуы –ақ мұң екен ,елден бұрын Олжай қолын ала жүгірді. (Түсіндірмелі салалас)4. Ә, екеуіңіз жақсы отыр екенсіздер, сіздермен сөйлесетін бір үлкен жай бар (Ә.Ә).(Ыңғайлас салалас) 5. Егер сен мінбеге шыққан екенсің ,ендеше кәне дұрыстап сөйле (кезектес салалас)(Ә.Н.).
4. Сабақтас құрмалас сөйлемдерді түр-түріне ажыратып талдаңыз. Олардың жасалу жолдарындағы ұқсастық, ерекшеліктерді көрсетіңіз, тұрлаулы мүшелерінің астын сызыңыз. Кәмшат жайы осындай күйіп жүрген күндерге дәл келген соң, Бөжейдің рақымсыз боп жүргені рас (М.Ә.).(Себеп бағыңқылы) Бұрын болмайтын шоғырды көріп, сай- сайменен түлкі сұмдар зытып барады (Ғ.М.)(Қимыл сын бағыңқылы) Негізгі қалың жиын тарағанмен, алда неке қияр, қол ұстатар, шаш сипатар секілді тойдың ырым-кәдесі әлі көп еді (Қ. Жұм.).(Қарсылыңқы сабақтас) Алтынды оған дәл өз ойы қалай тілесе, түсіне де дәл солай кірген еді (Ғ.М.).(шартты бағыңқылы) Батар күннің қиғаш түскен шұғыласына шағылысып, қызғылт қия тастарға кесек-кесек түскен алтындар жарқырайды(қимыл сын бағыңқылы) (Ғ.М.). Бұл далада қолдан шығып кеткен байлық болса, ол осы «Алтынды» болар деп есептеймін (Ғ.М.)(Шартты бағыңқылы). Болыс пен тілмаш келмей біз іс бастай алмай жаттық (С.С.) (Шартты сабақтас) Мұның айтарын өзі біліп қойғандай, басқа жайды сұраған да жоқ (Ғ.М.). (қимыл сын сабақтас)Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын (мақ.). (Қарсылықты б-ы сабақтас)