Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың романдары



бет1/7
Дата12.08.2022
өлшемі3,37 Mb.
#38128
  1   2   3   4   5   6   7

Тақырыбы: Сәбит Мұқановтың романдары


ҚТӘ-19-2 тобының студенттері: Оразбек Қ. Серікбаева Н.
Турсинбаева Г.
Наурызкулова М.
Шырымбек С.
Қожахмет Г.
М. Козыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті Тіл және әдебиет институты «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасы

Кіріспе

  • Сәбит Мұқанов әдебиетке араласқаннан бастап-ақ дәуір, заман алға қойған тақырыптарға қалам тербеді. Ол қазақ әдебиетінің барлық жанрында өндіре еңбек етті. Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетикалық мәні жоғары да бағалы. Ол 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар, қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер, тағы басқа сан-салалы кітаптар жазды.

Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адас­қандар» романы кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген роман­ға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді. «Жазушыға шулы даңқ әкелген роман 1931 жылы оқыр­мандар қолына тиіп, кейін орысша «Сын бая» деген атпен Мәс­кеуде жарық көрді. 1959 жылы жазушының өзгерту-толық­тыруларымен «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта басылып шықты. Шығарманың осылайша бірнеше рет көптеген данамен таралуы романға деген сұраныстың жоғары болғанын көрсетеді. «Мөлдір махаббаттың» жазылу тарихын зерттеушілер де, Сəбит Мұқановтың өзі де талай əңгімелеген болатын. Белгілі ғалым Құлбек Ергөбек өзінің «Сəбит Мұқанов» еңбегінде жазушының көлемді шығармаларын кеңінен таратып əңгімелейді. Өмірде Сұлтанбек, Бəтима мен Мұстафаның арасындағы қарым-қатынас, сол уақыттағы дəуір келбеті, əлеуметтік ортаның жекелеген адамдар өміріндегі көрінісі, оқиғаның Сəбит Мұқанов қызығушылығын туғызуы – барлығы да Құлбек ағаның осы еңбегінде талданады. Ең алғашқы көлемді романды ХХ ғасырдың басында əдебиетте Сəбит аға Мұқанов туындатқанын білеміз. Роман кезінде сынға да ұшырады, таптық тұрғыдан дұрыс қабылданбады, қайта өзгеріске түсті, сонда да шығарма өзінің өміршеңдігін дəлелдеді.

  • Қазақ әдебиетінің классигі Сәбит Мұқановтың «Адас­қандар» романы кезінде пікірталас туғызып, зерттеушілердің қызу талқылауына түскені белгілі. Қатал сынға ұшырап, кейіннен бірнеше рет өзгеріске түскен роман «Мөлдір махаббат» болып жарыққа шықты. Шынайы өмір шындығына негізделген шығарма бірнеше мәрте көптеген данамен басылды. Кезінде зерттеушілер өмірлік оқиғалардан өрілген роман­ға деген сұраныстың жоғары болғандығы шығарманың өміршеңдігін дәлелдеді деп баға берген еді. «Жазушыға шулы даңқ әкелген роман 1931 жылы оқыр­мандар қолына тиіп, кейін орысша «Сын бая» деген атпен Мәс­кеуде жарық көрді. 1959 жылы жазушының өзгерту-толық­тыруларымен «Мөлдір махаббат» деген атпен қайта басылып шықты. Шығарманың осылайша бірнеше рет көптеген данамен таралуы романға деген сұраныстың жоғары болғанын көрсетеді. «Мөлдір махаббаттың» жазылу тарихын зерттеушілер де, Сəбит Мұқановтың өзі де талай əңгімелеген болатын. Белгілі ғалым Құлбек Ергөбек өзінің «Сəбит Мұқанов» еңбегінде жазушының көлемді шығармаларын кеңінен таратып əңгімелейді. Өмірде Сұлтанбек, Бəтима мен Мұстафаның арасындағы қарым-қатынас, сол уақыттағы дəуір келбеті, əлеуметтік ортаның жекелеген адамдар өміріндегі көрінісі, оқиғаның Сəбит Мұқанов қызығушылығын туғызуы – барлығы да Құлбек ағаның осы еңбегінде талданады. Ең алғашқы көлемді романды ХХ ғасырдың басында əдебиетте Сəбит аға Мұқанов туындатқанын білеміз. Роман кезінде сынға да ұшырады, таптық тұрғыдан дұрыс қабылданбады, қайта өзгеріске түсті, сонда да шығарма өзінің өміршеңдігін дəлелдеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет