Тақырыбы: «Ұстаз салған сара жол!»атты сабақтан тыс шара Мақсаты



Дата01.04.2022
өлшемі17,23 Kb.
#29517
түріСабақ

Тақырыбы: «Ұстаз салған сара жол!»атты сабақтан тыс шара 


Мақсаты:  


1. Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбектері, алғаш қазақ даласына мектептер ашқан ұстаз екендігі жөнінде түсінік беру. Ыбырайдың мектебі мен қазіргі заман мектебінің жағдайын салыстыра отырып көрсету  

2. Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. 
Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу. 


3 Оқушыларға Ыбырай ата өмірін үлгі ету, білімді, ақылды, ізденімпаз, етіп тәрбиелеу, білімді болуға,  ұлы адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: презентация, суреттер, кейіпкерлердің костюмдері, күй, қоңырау. 

Сабақ түрі: Сайыс сабақ  

Сабақтың әдісі: топтастыру, түсіндіру, жұпта талқылау, сұрақ-жауап, сахналау,әңгімелеу, түйін сөз. 

Өту барысы. 

1. Ұйымдастыру кезеңі 

Музыка ойнап тұрады. Қоңыраудың үні естіледі.  

  • Балалар бұл ненің дауысы? 

  • Осы қоңырау үнімен қазақ даласына білім әкеліп, балаларды мектепке шақырған ағартушы-ұстаздың кім екенін білесіздер ме? 

  • Ия, ол Ыбырай Алтынсарин.  

  • Ендеше баллалар бүгінгі шарамызды қазақ балалар әдебиетінің атасы, ағартушы –ұстаз Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына арнаймыз. 

Көрініс: Ы .Алтынсарин бейнесінде сыныпқа кірген оқушы қазақ даласында сол кездегі мектептің ашылуы туралы ойын көрініс ретінде оқушыларға жеткізеді. 

Оқушылар: Кел, балалар оқылық! Жатқа оқу. 

Жүргізуші: Ендеше бүгінгі тәрбие сағатымыз ұлы педагог, ағартушы, ақын, жазушы Ыбырай Алтынсаринның  өмірбаянына арналған. Ыбырай Алтынсарин-қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді, ол өзінің қараңғы, көшпелі халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты.  
Топқа бөлу 

Балалар , алдарыңда екі түсті кәмпиттер қойылады, сол бойынша топқа бөлеміз. Қане, олай болса екі топқа бөлініп отыра қалыңдар. 

  • 1. Кластер құрастыру: көрсетілген слайд бойынша екі топ Ыбырай туралы кластер құрып, соны қорғайды. 

Жүргізуші: 

Би: Бялт София «Қамажай» биімен 

  • 2. Төл дыбыстарды қатыстыра отырып сөздер құрау, сөздерден сөйлем құрау. 

Жүргізуші. Екі топ тапсырманы орындап болғанша ұалған оқушылармен   ұстаздар туралы нақыл сөздер айтудан шағын жарыс ұымдастырылады. 

1-оқушы: «Ұстаз болу-өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау», 

2-оқушы: «Ұстазға қарап шәкірт өседі» 

3-оқушы: «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр» 

4-оқушы: «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла» 

5-оқушы: «Ұстазы жақсының-ұстамы жақсы» 

Жүргізуші: жарайсыңдар , олай болса Скрипка үнің тыңдайық 

Крымовская Полина  

Жүргізуші:  

  • 3.  Мәтінмен жұмыс.Сәйкестендіру 

Плакаттарға салынған суреттер бойынша сөйлемдерді сәйкестендіру. 

Қорытынды . «Дала қоңырауы» Ақылбек Шаяхметов. 

(білім шырағын жағу) 
Алтынсарин – қазақтың жарық  шамы

Ойлағаны аяулы халық қамы. 

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы, 

Алтынсарин – елімнің алтын бағы. 

Алтынсарин- мазмұнды өмір әні, 

Үлгі болып алдыңнан жолығады. 

Шырт ұйқыдан оятқан бабамызды 

Алтынсарин – даланың қоңырауы. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет