Тақырыбы: Судың да сұрауы бар Күні



Дата18.11.2023
өлшемі31,87 Kb.
#124716
түріСабақ


Тақырыбы:

Судың да сұрауы бар

Күні:05.09.22ж.

Қатысқандар: 26 оқушы

Қатыспағандар:

Мақсаты:

  1. Адам өміріндегі қажетті жағдайлардың бірі су екенін, сусыз тіршілік жоқ екенін ұғындыру

  2. Суды үнемдеп пайдалануға және судың барлық ерекшеліктері туралы сипаттау.




Күтілетін нәтижелер:

1. Оқушылар судың адам өміріндегі маңызын түсінеді. 2. Суды аялау, қорғау керектігін үйренеді.



Қолданылатын әдістер:

сұрақ жауап, пікірталас, ой қозғау,



Сабақ кезеңдері

Іс-әрекет кезеңі

Ресурстар

Кіріспе бөлім

Негізгі бөлім

Қорытынды бөлім

Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылармен амандасу. Сыныпты түгендеу.Оқушылардың назарын сабаққа аударту.
2. Психологиялык ахуал «Ойымды жалғастыр»
Су ішкен құдығыңа...
Тіршілік көзі…
3.Топқа бөлу: 1 топ су,2 топ бу,3 топ мұз
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Судың да сұрауы бар»
Ойыма ақын Тұрсынзада Есімжановтың су туралы мынадай өлең жолдары оралады.
Су жүргізер тіршіліктің тамырын,
Су жоқ болса, тіршілік тамам бауырым.
Судың біз біле тұра маңызын,
Көп болған соң ұмытамыз қадірін, - дейді.

Су. Екі ғана əріптен құралған осынау мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр. Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Жапондық психолог - ғалым Масару Эмото: «Су адамның психикалық энергиясын бойына сіңіре алады және оны ұзақ уақыт бойында «есіне» сақтап, тіпті басқаларға жеткізе алады. Судың бойына жинақталған таза энергия небір ауруларға ем болады», — деп жазады. Ғалымдардың айтуынша, расында да судың қасиеті өте мол. Мәселен, су дене температурасын тұрақтандырады, азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды, адам зейінін ашады, стресс пен депрессияны басады, ұйқыны жөнге келтіреді, көзге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді, иммунитетті күшейтеді.

Негізігі бөлім Топпен жұмыс
1 - Топ Су туралы өлең шумақтарын айту
Су – тіршілік негізі
Онсыз өмір сүрмейсің
Гигиена егізі
Су деп және білгейсің

Су – табиғат байлығы


Өзен - көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың.
2 - топ Су туралы мақал - мәтелдер айту

Таулы жер бұлақсыз болмас,


Сулы жер құрақсыз болмас.

Су жүрген жер береке,


Ел жүрген жер мереке.

Су патшасы – мұрап,


Түн патшасы – шырақ.

Су - ырыстың көзі,


Еңбек кірістің көзі.

- Сулы жер – нулы жер.


Сағадағы су ішеді, жағадағы у ішеді.

- Су тіршілік көзі.


Бұлақ көрсең көзін аш

. Судың да сұрауы бар


Сыйлап берген су да тәтті

3 - топ Су туралы тыйым сөздер айту

Суды бекер ағызба


Түнде су алуға барма

Суды лайлама


Бұлақты былғама

Ағынды суға кір жума


Судың бетін ашық қалдырма

Суды сапырма, суды сатпа


Лас су төккен жерді баспа

Түнде су төкпе


Су ішкен құдығыңа түкірме
Суды ысырап етпе, үнемде
Топпен жұмыс
1 - топ Судың қасиеті қандай

Түссіз, сұйық, мөлдір, дәмсіз, иісі жоқ, пішіні жоқ, еріткіш, жұққыш

2 - топ Судың пайдасы

Адам, жануарлар, өсімдіктер ішеді, бақша суарамыз, емдейміз, құрылысқа керек, электр тогын аламыз, үй жылытамыз, көлік жуамыз, шөлді басады

3 - топ Судың зияны
Жаңбыр Үйді бұзады, топырақты шаяды, әртүрлі қоспалар бар, адамды батырады, тамақты ауыртады

Рефлексия. Не білдік? Не үйрендік?
Жұлдызшалармен бағалау. Өзара бағалау



Интербелсенді тақта, А4 қағазы,түрлі түсті маркерлер

слайд



АҚББ «ІТ мектеп-лицейі» КММ

Бекітемін:


Директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
_________ Л.Е.Дүйсенова
Сынып сағаты


Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы – ұлттың ұлы ұстазы
Сынып жетекшісі: Миняжева Ж.А
Сыныбы: 7 «А»


2022-2023 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет