Тақырыбы: Тәрбие әдістері, түрлері,ұйымдастыру формалары. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру жолдары. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар



Дата21.10.2023
өлшемі83,58 Kb.
#120115
Байланысты:
Тәрбие процесінің ұйымдастыру формалары

Тәрбие әдісі дегеніміз:

  • Тәрбие әдісі дегеніміз:
  • - жеке басқа ықпал ету құралы;

  • тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс – әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
  • тәрбие мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
  • тәрбие мақсатына жету жолдары.
  • Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі жиынтығы

Тәрбие әдістері:

  • Тәрбие әдістері:
  • 1. Жеке адамның санасын қалыптастыру: әңгіме,пікірталас,сендіру,этикалық әңгіме,үлгі-өнеге;
  • 2. Іс-әрекеттің ұйымдастыру және қоғамдық тәлім-тәрбиеге үйрету: педагогикалық талап,қоғамдық талап,үйрету,жаттығу,тәрбиелік жағдаяттар;
  • 3. Мінез-құлықты көтермелеу әдістері: мадақтау, марапаттау, жазалау,жарыс.

Тәрбие процесінің ұйымдастыру формалары

  • « Форма» латын сөзінен енген, ұйымдастыру тәсілі деген мағынаны береді.
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастыру формасы – тәрбиеші мен тәрбиеленуші қарым – қатынасын және әртүрлі ішкі байланыстарды айқындайтын, тәрбие жұмысын ұйымдастыру тәсілі.
  • Тәрбие жұмысын ұйымдастырудың формасы кең мағынасында тәрбие жұмысын тұтас ұйымдастырумен сипатталады. Яғни, оқу процесі кезіндегі, сыныптан, мектептен тыс тәрбие жұмыстары және отбасы тәрбиесі, т.б. бүкіл тәрбие жұмыстарының процесі.

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ:

  • 1. Жеке : хабарлама даярлау, көркем өнер нөмірлерін даярлау, ұсынылған кітаптарды оқу.
  • 2. Топтық: үйірмелер, клубтар, балалар лагері, қоғамдық ұйымдар.
  • 3. Көпшілік: сынып сағаты, кештер, ертеңгіліктер, сайыстар, жарыстар.

Тәрбиелік іс – әрекетті әдісіне қарай жүйелеуге болады:

  • Тәрбиелік іс – әрекетті әдісіне қарай жүйелеуге болады:
  • Сөздік формалар ( жиналыс, саяси хабарлар, баяндама, оқырман конференциясы, пікірталас, кездесулер,)
  • Тәжірбиелік формалар ( жорық, саяхат, олимпиада, сайыстар, жас техниктер, натуралистер үйірмелері.)
  • Көрнекілік формалары ( мектеп мұражайы, еңбек, соғыс ардагерлерінің залдары, көркемөнер көрмелері, кітап көрмелері, т.б. )
  • Жоғарыда келтірілген жүйелер тәрбие жұмысын ұйымдастыру формаларының барлығын қамтиды. Соңғы кезде тәрбие жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары қанат жаюда, атап айтсақ, әртүрлі ерікті клубтар, ғылыми қоғамдар,мектеп көркемөнер театрлары, дебаттар, т.б.

Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

  • Сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары
  • Оқушыларды тәрбиелеу тек сабақпен ғана шектеліп қоймайды, ол сабақтан тыс уақытта да жалғасады, тереңдетіледі. Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылармен жүргізілетін тәрбиелік, білімділік сипаттағы мақсатты түрде ұйымдастырылған шаралар жатады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға негіз болады.Сыныптан тыс жұмыстардың оқу сағаттарының бір қатар ерекшеліктері бар:

Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.

  • Бірінші ерекшелігі еріктілік негізде ұйымдастырылады. Оқушылар әртүрлі шараларға қатысуды ерікті түрде таңдайды.
  • Екінші ерекшелігі міндетті оқу бағдарламасы мен байланысты емес. Оның мазмұны мен формалары, оқушылардың қызығушылығына, сұранысына байланысты болады.
  • Үшінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарға қатысатын оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі.
  • Төртінші ерекшелігі сыныптан тыс жұмыстарда көбінесе оқушыларға өз бетімен жасайтын жұмыстар беріледі.
  • Бесінші ерекшелігі тәрбие жұмысын ұйымдастыруда қоғамдық пайдалы іс – әрекетке үлкен мән беріледі.
  • Алтыншы ерекшелігі сыныптагн тыс жұмыстың формасының, әдісінің әртүрлілігі.

Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:

  • Мектептен тыс мекемелердің негізгі міндеттері:
  • Әр оқушының қалыпты дамуына тиімді жағдай жасау;
  • Ғылыми дүние танымын қалыптастыру;
  • Адамгершілік қасиеттерін дамыту;
  • Ұлттық – мәдени дәрежесін көтеру;
  • Өз бетімен білімін көтеруге жағдай жасау;
  • Еңбекке баулу, кәсіби бағдар беру
  • Балалардың демалысы мен бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу;
  • Жеке және ұжымдық шығармашылығын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет