Тақырып: Эконометрика пәнінің негізгі түсініктері. Қарастырылатын сұрақтар



бет2/3
Дата13.03.2023
өлшемі48,63 Kb.
#73627
1   2   3
Эконометриканың пәні экономикалық құбылыстар мен үрдістердің өзгеруін қалыптастырушы факторлар болып есептеледі. Эконометрика – экономикалық нормативтердің, болжамдар мен гипотездерді алдын ала болжау және анықтау.
Нарық экономикасында микро-, макроэкономикалық факторлардың статистикалық базасында өз-ара байланысын және өзгеру динамикасын зерттеу және болжау эконометриканың есебі болып табылады. Болжау ақпараты шаруашылық конъюктураға сәйкес шешім қабылдауға
Эконометрикада орташа шамалар жиі қолданыста. Құбылысқа жалпы сипаттама беру үшін орташа шамалар қолданады. Орташа шама белгілі бір аралықтағы мәліметтерге тән мәнді көрсетеді. Көп жағдайда статистикалық мәліметтерде есептелген экономикалық көрсеткіштердің орта шамасы беріледі. Мысалы, өңірлер немесе республика бойынша орташа айлық жалақы, орташа айлық табыс т.с.с.
Экономикалық құбылыстың себебін жәй факторлар дейміз де, ал олардың салдарын нәтижелі факторлар деп атаймыз. Осы факторлардың арасындағы немесе себеп-салдар байланыстар екі түрде болады: функционалды және стохастикалы. Жалпы экономикадағы байланыстар бір фактордың өсіп кемуінен екінші фактордың өсіп кемуін сипаттайды.
Функционалды байланыста фактордың өзгерген әр мәніне нәтижелі фактордың бір мәні сәйкес келеді. Бұндай байланыс көп жағдайда формуламен беріледі және әсер етуші факторлар бірінші кезектегі болады. Мысалы, жалпы түсім = (сатылу бағасы)∙(сатылу көлемі). Жалпы байланыстар оның тығыздық дәрежесіне, бағытына және аналитикалық түріне қарай бөлінеді.
Экономикадағы құбылыстар көп факторлардың өз-ара әсерлерінен пайда болады. Фактордың бір мәнінде әр түрлі нәтиже болуы мүмкін, себебі ол нәтижеге басқа да факторлар және кездейсоқ жағдайлар да әсер етеді. Сондықтан да байланысты көп статистикалық мәліметтер негізінде зерттеген дұрыс. Бұл жағдайда байланыс стохастикалық немесе статистикалық болады. Статистикалық байланыста фактордың бір мәніне нәтижелі фактордың бірнеше мәні сәйкес болуы мүмкін. Статистикалық байланыстың дербес түрін корреляциялық байланыс деп атайды.
Эконометрика жалпы корреляциялық байланысты оқытады. Корреляция сөзі ара-қатынас, сәйкестік деген мағына береді. Факторлардың статистикалық байланыс мәліметтері арқылы орташа мәндеріне қатысты анықталған тәуелділіктікорреляциялық байланыс деп атайды. Сонымен қатар корреляциялық байланысты нәтижелі фактордың орташа мәнімен факторлардың мәндерінің арасындағы функционалды байланыс деп қарауға да болады. Корреляциялық байланыста статистикалық байланыс негізінде нәтижелі фактордың орташа мәнін жәй фактордың әр бір мәніне сәйкес анықтауға болады.
Байланыстың бағытына сәйкес тура және кері болып бөлінеді. Тура байланыста факторлардың өсіп кемуіне сәйкес нәтижелі факторда өсіп кемиді. Ал кері байланыста фактордың өсуіне нәтижелі фактордың кемуі сәйкес келеді немесе керісінше. Мысалы, еңбек өнімділігі өссе, онда рентабілділік те өседі. Ал тауардың өзіндік құны өссе, онда сатылудан түсетін табыс кемиді. Аналитикалық мағынасында байланыстардың математикалық өрнектелуіне қарай сызықты және сызықты емес болады.
Екі кездейсоқ шамалардың арасындағы байланысты анықтау үшін корреляциялық талдау әдістері қолданылады. Егер байланыс болғанда, онда оның аналитикалық формуласын анықтау қажет, ол үшін регрессиялық талдау қолданылады. Жалпы эконометриканың негізгі әдістері корреляция-регрессиялық талдау болады.
Жалпы регрессия термині құлдырау мағынасын береді, әр түрлі себептерден фактордың сандық мәнінің құлдырауы регрессияны көрсетеді.
Бірақ экономикалық көрсеткіштер уақыт периодында әр түрлі себептерден бірде өсіп, бірде кемуі мүмкін. Басқаша айтқанда, экономикада бір фактордың сандық мәнінің өзгеруі, екінші фактордың сандық мәнінің өзгеруіне әкеледі. Осындай бір жақты кездейсоқ шамалардың арасындағы сандық тәуелділікті регрессия деп қабылдаймыз. Ал регрессия аналитикалық түрде функцияның көмегімен айқындалады.
Бүкіл дүние жүзінің эконометрика ғылымын мойындауының куәсі ретінде, осы саладан орындалған жұмыстарға төрт Нобель сыйлығының берілуі болып табылады: 1969 ж. Р.Фриш және Я. Тинбергенге экономикалық үрдістерді талдаудың матеметикалық әдістері үшін; 1980 ж. Л.Клейнге экономикалық тербелістердің талдауына және экономикалық саясатқа қолданатын эконометрикалық модельдері үшін; 1989 ж. Т.Хаавельмоға эконометриканың ықтималдық негізін анықтауына және біруақытты экономикалық құрылым талдауына; 2000 ж. Дж. Хекманға селективті таңдау моделінің талдауына және теориясын жетілдіруіне, Д.Макфалденге дискретті таңдаудың талдау әдістері және теориясын жетілдіруіне берілген.
«Эконометрика» термині «экономика» және «метрика»- өлшем терминдерінің бірігуінен жасалған. Бұл терминді алғаш қолданысқа енгізген экономика саласын бойынша Нобель сыйлығының лауреаты норвег ғалымы Р.Фриш болатын.
Эконометрика экономикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыстарға сандық сипаттама беретін ғылым. Эконометрика пәні ретінде экономикалық құбылыстар мен процестер қарастырылады. Эконометриканың негізгі құралы экономикалық құбылыстар мен процестерге талдау жасауда қолданылатын статистикалық мәліметтер негізінде құрылған эконометрикалық модель.
Эконометрикалық модельдің 3 класын бөліп айтуға болады.

  1. Уақыттық берілгендер моделі;

  2. Бір теңдеуден тәуелді регрессиялық модель;

  3. Біртекті тендеулер жүйесі;

Эконометрикалық модельдеуде мәліметтердің 2 тобы қолданылады.

  • Кеңістіктік мәліметтер (берілгендер);

  • Уақыттық мәліметтер (берілгендер);

Кеңістіктік мәліметтерге бір ғана уақыт аралығында бірнеше объектіден алынған мәліметтер жатады. Мысалы, әртүрлі кәсіпорындар туралы мәліметтер (өндірім көлемі, жұмысшылар саны, пайда мөлшері т.б.). Уақыттық мәліметтерге бірнеше уақыт ішінде бір ғана объекттен алынған мәліметтер мысал бола алады. Мысалы, бірнеше жыл ішіндегі жұмыссыздық деңгейі, орташа жалақы мөлшері туралы ай сайынғы мәліметтер, күнделікті доллар бағамы т.б.
Мәліметтер жиынтығы зерттеу объектісін сипаттайтын белгілер жиынын құрайды. Белгілер өзара тәуелді және екі топқа бөлінеді: факторлық белгілер және мәндері факторлық белгілер арқылы анықталатын нәтижелік белгілер. Эконометрикада нәтижелік белгілер түсіндірілетін айнымалы, факторлық белгілер түсіндіретін айнымалы деп аталады.
Эконометрикалық модельге қатысатын айнымалылар келесі топтарға бөлінеді:

  • Экзогенді (тәуелсіз) айнымалылар- мәндері алдын- ала берілетін басқарылатын айнымалылар (х);

  • Эндогенді (тәуелді) айнымалылар- мәндері модель ішінде анықталатын немесе өзара тәуелді айнымалылар (у);

Кез келген эконометрикалық модель ағымдағы эндогенді айнымалының мәндерін экзогенді айнымалығы қатысты түсініктеме беруге арналады.
Эконометриканың негізгі түсініктерінің бірі – таңдама. Таңдама үшін төмендегідей сандық сипаттамалар есептеледі.
Алдымен, көлемдi варианталардан құралған бас жиынның сипаттамаларын анықтайық.
Бас жиынның ортасын деп белгiлейдi және

Егер -ларға сәйкес жиiлiктерi берiлген болса, онда

бұл жерде .
Таңдаманың көлемдi ортасы .
Егер таңдаманың мәндерiне сәйкес жиiлiктерi берiлген болса бұл жерде .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет