Тақырып Патологияда эксперименттік әдістік маңызы



Дата02.05.2023
өлшемі20,29 Kb.
#88741
түріСабақ
Байланысты:
Практика 1 (5)


Тақырып 1. Патологияда эксперименттік әдістік маңызы
Сабақтың мақсаты. Ветеринарлық дәрігерді дайындау кезіндегі жануарлар патологиясы пәнінің жалпы көрінісі және мәні. 1. Ж ан уарлар пат ологиясы ны ң м аң ы зы м ен м ін дет і «Патология» гректің pathos - зардап шегу, ауыру және logos - ілім деген сөздерінен шыққан. Басқаша айтқанда патология ауыру организм туралы ғылым. Толығырақ айтатын болсақ жануарлар патологиясы - ауыру организмдегі функционалдық өзгерістерді жоне патологиялық процестердің пайда болуының туындауының барысы мен өтуінің жалпы заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Ж ануарлар патологиясы шартты түрде төрт бөлімнен тұрады: жалпы патология типтік патологиялық процестер, дербес патология. Бірінш і бөлімінде - ауру туралы жалпы ілім, ауру себептері аурудың даму механизмдері оқылады; Екінші бөлімінде типтік патологиялық процестер (қабыну, қызба, реактивтілік, ісік т.б.) қарастырылады; Үш інші бөлімінде мүш елер мен жүйелердің патофизиологиясында - қан патологиясы, қан айналымы, тыныс алу, асқорыту, бауыр қызметі, несеп бөліну, ішкі секреция бездері, нерв жүйелерінің қызметіне қатысты әртүрлі аурулар кезінде жекелеген органдар мен организм жүйесі қызметінің бұзылуының және қалпына келуінің жалпы заңдылықтары туралы мәлімсттер беріледі; Төртінші бөлімде жұқпалы және инвазиялық аурулардың патоморфологиясы оқылады. 2. А уру т уралы т үсінік. Ауру дегеніміз - зиянды ішкі және сыртқы факторлардың әсерінен пайда болатын, жеке мүшелердің ғана емес, бүкіл организмнің жұмысының бұзылу процесі. 5 Сондай-ақ бірнеше ғалымдар ауруға өзінше анықтама берген. М ысалы Т.И. Протасьевич, ауру-ол малдың сыртқы ортаға тұрақсыз сапалық жаңа күйі деп атаса, И.П.Павлов ауруды біртұтас екі жақты процесс ретінде түсіндірді (бір жағыкомпенсаторлық механизмдерді орын алмаетыру функциясы мен қалпына келітру процестерін қамтитын қорғаныш физиологиялық процесс және екінші жағы— таза патологиялық, бұған мал ағзасының қызметін бұзатын немесе функцияны бұрмалайтын диструктивті (бүліндіруші) процестер жатады. Сонымен ауру өте күрделі процесс, сондықтан оған қысқаша анықтама беру өте қиын. Барлық ауру этиологиялық факторларға байланысты инфекциялық инвазиялық жэне инфекциялық емес болып бөлінеді. Әрбір ауруға белгілі бір даму циклі, біліну күші жэне өту ұзақтығы тән. Аурудың ұзақтығы ағзаның қасиетіне, нервтікрефлекторлық аппараттың күйіне, оның жағдайына, ауру тудыратын агенттің сипатына және оның организмге ықпал ету ұзақтығына байланысты. ¥зақты ғы на және біліну күш іне қарай аурудың 4 түрлі өтуі болады: өте жіті-4 күнге дейін; жіті 5-14күн; жітілеу 15-40 күн; созылмалы-айлап, жылдап. Ауру кезеңдерін білу онымен қолайлы күрес шараларын жүргізуді қолдануға, тиімді емдеуге мүмкіндік береді. Аурудың дамуы негізінен 4 кезеңге, немесе сатыға бөлінеді. 1 .Жасырын немесе латентті кезеңі 2. Продромальды (аурудың бастапқы кезеңі) 3. Аурудың айқын біліну кезеңі. 4. Сауығу кезеңі (аурудың ақыры, аяқталу кезеңі) 1) Жасырын кезеңі-инфекциялық ауру жағдайында инкубациялық деп аталады. Бұл ауру себептерінің организмге эсер етуінен бастап, оның алғашқы клиникалық белгісі басталғанға дейінгі уақыт. Бұл кезеңде организм зиянды әсерлерге белсенді қарсылық көрсетеді, ауру себептерін жоюға бағытталған қорғаныш қабілеті әрекет етеді. Әртүрлі ауруда жасырын кезең түрліше болып, бірнеше минуттан немесе сағаттан бірнеше күнге жэне айға дейін созылады. 2) Аурудың (продромальды) екінші кезеңі-аурудың алғашқы белгісі білінгеннен толық айқындалғанға дейінгі уақыт. Осы 6 кезең ішіндегі аурудың бірқатар жалпы белгілері байқалады: малдың дене температурасы көтеріледі, жүрек және тыныс алу жүйелерінің жұмысы жиілейді, нерв жүйесі өзгереді, тэбеті төмендеп, өнімділігі кемиді, малдың сыртқы ортаны бағдарлауы бүзылады т.б.. Бүл кезеңнің ұзақтығы организмнің реактивтілігіне, оның ауру ұзақтығы организмнің реактивтілігіне, оның ауру тудыратын тітіркендіргіштерге төзімділігіне, малды азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайына байланысты. Продромальды кезең бірнеше күнге дейін созылады. 3) Аурудың айқын біліну кезеңі продромальды кезеңнен кейін басталады. Бұл сатыда белгілі бір ауруға тэн қосымш а белгілері байқалады. Әртүрлі жүйенің функциясы бұзылуынан аурудың клиникалық белгісі айқын көрінеді. Бұл клиникалық кезеңнің ұзақтығы потагенді тітіркендіргіштің ерекшелігіне жэне организмнің күйіне оның реактивтілігіне, қорғаныш-компенсаторлық механизмдердің қызметіне байланысты. Көптеген инфекциялық ауруларда (аусыл, оба) бұл кезең бірнеше күннен бінеше аптаға дейін, ал кейбіреулерде айлап және жылдап созылады. 4) Аурудың ақыры не жазылуымен (толық, толық емес), не өлуімен аяқталады. Толық жазылу кезеңінде қалпына келу процесі күшейіп, физиологиялық функциясы қалпына келеді. Аурудың жалпы жэне арнайы белгілері жойылады. Толық жазылмаған жағдайда, ауру кезінде пайда болған морфологиялық жэне функционалдық бұзылу толық жойылмайды да, тек басқа органдардың күшті жұмыс істеуі арқылы қалпына келеді. М ұндай да организмнің төзімділігі кеміп, ауруға тез шалдығатындығы байқалады. Толық жазылмаған жағдайда ауру патологиялық күйге ауысады. Клиникалық жазылудан кейін ауру жаңадан пайда болуы мүмкін, мұны рецидив (аурудың қайталауы) деп атайды. Егер организм өзгерген тірш ілік ж ағдайына бейімделе алмаса, онда оның бейімделу мүмкіндігі таусылып, одан эрі тірш ілік ете алмайды, соның нәтижесінде өлу басталады. Өлу организм тіршілігінің тоқталуы. Өлудің негізгі себептері: 1) жүрек қызметінің тоқтауы; 2) тыныс алу қызметінің тоқтауы. 7 Өлу лезде немесе кенеттен болуы мүмкін, алайда өлу көбінесе бірте-бірте өлім алдындағы жанталасудан кейін болады. Өлудің екі түрі бар: 1) әбден қартаюдан, табиғи өлу. М ұндайда бүкіл организм қызметі әлсіреп, соның нәтижесінде тозады; 2) патологиялық өлу аурудан немесе қатты зорыгудан болады. Ж анаталасу дегеніміз - орталық нерв жүйесі қызметінің бүзылуы жэне организмнің бүкіл тіршілік функциясының кеселденуі. Ж анталасу клиникалық өлімге ұласып, ол бірнеше сағаттан, бірнеше тәулікке дейін созылады. Содан кейін ол биологиялық өлімге ауысады. Клиникалық өлім - өлудің қайтымды кезеңі ол тіршіліктің сыртқы белгісінің жойылуымен сипатталады. Клиникалық өлім орталық нерв жүйелерінің неғұрлым терең күйзелуінің алмасу процестерінің бұзылуымен, энергиялық қордың таусылуымен сипатталады. Бірақ ұлпалардағы өзгерістер элі де қайтымды болады. Сондықтан да, кейде ересек малда 5-6 минутқа созылатын клиникалық өлім кезеңінде организмнің тіршілік функциясы қалпына келуі мүмкін. Клиникалық өлім биологиялық өлімге ұласады, мұндайда әуелі орталық нерв жүйесінің жоғарғы бөліктерінде ми қыртысында содан кейін организмнің басқа да ұлпаларында қайтымсыз өзгерістер басталады. Алайда организм тұтастай өлгенмен, оның жекелеген органдары мен тканьдері бір мезгілде өлмейді. Өлім белгілері: 1) өлексенің салқындауы - алғаш қы күні дене температурасының эр сағат сайын бір градус екінші күні 0,2 төмендейді. 2) өлексенің сіресуі. Өлгеннен кейін 8-10 сағатта басталады; 3) өлексе тембілі — ыдыраған қанның тканьдерге сіңуінен пайда болады. 4) өлексенің шіруі. Сонымен кез-келген ауру жекелеген кезеңдер мен фазалардан тұрады да, ауру тудыратын агенттердің басталуына ауру аяқталғанша белгілі бір даму цикілінен өтеді. Ауру ұғымына патологиялық реакция, патологиялық процесс, патологиялық күй жатады. Патологиялық реакция дегеніміз - организмнің кез келген тітіркендіргіштерге лезде, әдеттен тыс жауап қайтаруы. Патологиялық реакция аурудың жиынтығындағы дербес жағдай болғанымен, ол ауру емес. 8 Патологиялық процесс-құбылыстың күрделі комплексіне еніп, ауруды сипаттайтын функциямен құрылымдағы зардапты өзгерістер. М ысалы, артериялық қысымның жоғарылауы гипертониялық ауруға тэн патологиялық процестің бірі. Патологиялық күй- патологиялық процестің өзі, бірақ ол баяу дамиды, онша байқалмайды, әрі пайда болған өзгерістердің динамикасы өте әлсіз болуымен сипатталады. М ысалы, патологиялық процестің патологиялық күйге айналуы өкпе туберкулезінің үдемелі қарқынды формасы фиброзды формаға айналғанда байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет