Iii бөлім. ТҰтас педагогикалық Үдерістің



бет1/9
Дата24.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#125682
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

III БӨЛІМ. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҮДЕРІСТІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
1-ТАРАУ. ТҰТАС ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ЖҮЙЕ КҰРУШЫ КОМПОНЕНТТЕРІ

      1. Тұтас педагогикалық процестің (ТПП) мәні мен құрылымы



«Мұғалімнің іс-әрекет объектісі» және «педагогикалық процесс» ұғымдары (П.Ф.Каптеров, Н.Д.Хмель, В.А.Сластенин және т.б.).
Кәсіби іс-әрекеттің кез келген саласы сияқты педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі – мұғалім. Мұғалімнің құралдары («еңбек құралдары») – оның білімі, іскерлігі, тұлғалық сапасы, Н.Д.Хмель: «... мектептің педагогикалық оқу- тәрбие процесінде іс-әрекет субъектісі мұғалім мен оқушылар; мұғалім іс- әрекетінің нысаны – оқушы емес, педагогикалық процесс» – деп атап өтті.
Педагогикалық іс-әрекет кәсіби-педагогикалық іс-әрекет болуы үшін қажетті белгіні Н.В.Кузьмина төмендегіше сипаттайды: «Педагогтың кәсібилігі негізінен мынадан байқалады: ол қалай оқыту және қалай тәрбиелеу, оқушыны бір күйден екінші күйге қалай көшіру керектігін, педагогикалық мәселелерді қалай шешуге және мейлінше тез, үнемді жолдармен тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға болатындығын біледі. ... Педагог білімдерінің жүйесі оқушылар білімдерінің жүйесін анықтайды».
Оқыту мен тәрбие процесін ажырамас бірлікте қарау идеясы ХІХ ғасырдың ортасында келді. Қазіргі кезеңде педагогикалық процесс немесе жалпы оқу-тәрбие процесі біртұтастықта қарастырылады. Қазақстандық ғалым Н.Д.Хмель өз еңбегінде тәрбие мен оқыту (педагогикалық процесті) бөлмей біртұтаста қарауды ұсынды. Біртұтастық дегеніміз оқу мен тәрбиенің, олардың мақсаты, міндеті, мазмұны, әдісі, құралы, түрі, мұғалім бен оқушы, оқушы пен оқушы, оқушы мен ата-ана, сынып жетекшісі мен пән мұғалімдері, қоршаған орта, білімнің, тәрбиенің мазмұны және т.б. біртұтастықта алынып, жеке-жеке қаралады.
«Процесс» («processus» латын сөзінен шыққан; тікелей аудармасы ілгерілеу) ұғымына шетел сөздігінде төмендегідей анықтама береді: күйдің реттілікпен ауысуы, қандай да бір нәрсенің даму жүрісі; қандай да бір нәтижеге жетудің реттелген әрекеттер жиынтығы.
Ал, «педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф. Каптерев ендірді.
«Педагогикалық процесс» объектінің сапасы, оның қасиеті ретінде көрінеді, оларсыз педагогикалық процесс өзіндік ерекшеліктерінен айырылады: белсенділік пен қатынастың бірлігі, процеске қатысушылардың барлық субъектілерінің ұйымдастырылған, бірлескен, дербес іс-әрекеттері; әртүрлі сатыдағы жүйелердің қызметінің арнайы мамандануы; субъектілердің өзара әрекеттері нәтижесінде пайда болатын әртүрлі қарым-қатынастарының жиынтығы.
Педагогикалық процеске көптеген ғалымдар әртүрлі анықтама береді (6-кесте).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет