Таланттар



Pdf көрінісі
бет47/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   256
 
МАХАББАТ ЖӘНЕ МІНЕЗ 
 


87 
 
«Менің  жарым  осындай  болсайшы»  дейтіндей  ақылды  да 
әдемі  қыздардың  тұрмыс  құра  алмай  жүріп  қалатыны 
таңғалдырады.  Оған  әлгі  қыздардың  мінез-талғамының 
жігіттердің  көпшілігінің  жар  таңдауымен  сәйкес  келмейтіндігі 
әсер  етеді-ау  деймін.  Қыздарға  осының  себебін  түсіндіруге 
септігі тиер деген ниетпен мынандай салыстыру жүргізіп көрейік. 
 
Жігіттің   жар  таңдауы: 
Қыз мінезі: 




88 
 
 
(Өздерінің айтуы бойынша) 
   1Менің жарым өмірінің  
мағынасын 
отбасымен 
байланыстырса.  
   
 2. 
Екеуара 
қарым-
қатынаста  ер  адамды  жоғары 
тұтса.   
 3. Қылықты қыз  болса. 
 
 
 
 
4. Шаруаға бейім  болса.    
 
 
5.  Басқарғыш  мінезінің 
қажеті жоқ.                                                                                          
6.  Ақ көңіл болса.   
 
7.  Ата-анамды,  жора-жол-
дастарымды сыйласа.    
 
8.  Адал болса. 
9.  Ажарлы болса.  
 
     10.  Қарапайым киінсе.
   
 
 
                           
 
 
 
1.  Өз  өмірінің  мағынасын 
қызметпен  және  отбасымен 
байланыстырады. 
Ізденгіш, 
зерек. 
2.  Отбасындағы  қарым-
қатынас  екеуара  сыйластыққа 
құрылуын тілейді. 
3.  Өз  жағдайын  барынша 
оқуға  бейімдеп  алғандықтан, 
жігіттермен  қарым-қатынаста 
тәжірибесіз,  салқын.  Қылық 
аша алмаған. 
4.  Өмірдің  қарапайым 
тіршілік  жақтарына,  шаруаға 
бейім емес.   
5.  Басқарушылық  қабілеті 
жоғары. 
6.  Өз  мінезін  тежеп  ұс-
тайды, тұйық. 
7.  Ата-енені,  жора-жол-
дасты  сыйлауды  дұрыс  деп 
есептейді. 
8. Адалдыққа тырысады. 
9. Әдемі, бойын күтуге мән 
береді.            
10.  Талғаммен  киінуге, 
киімінің өзінің ішкі мазмұнын 
аша түсуіне мән береді. 
 
 
 
Осы  шағын  салыстырудың  өзінен  жігіт  тілегі  мен  қыз 
мінезінде  қиыспайтын  нүктелердің  бар  екені  байқалып  тұр. 


89 
 
Білікті,  талапты  қыздардың  тұрмыс  құра  алмай  қалу  себебінің 
бірі содан емес пе екен? 
Әр  адам  –  өзінше  философия.  Мәселе  –  екі  мінездің  үндесе 
алуында  ғой.  Десе  де,  жоғарыда  сипатталған  мінезді  алайық: 
ақылды,  талапты,  мәдениетті.  Сонда  көпшілік  жігіттердің 
көңілінен  шыға  алмай  тұр.  Бұл  жерде  екі  жақты  кемшілік 
аңғарылады:  Бірінші,  жігіттер  талабы  өзімшілдеу  ме,  қалай? 
Екінші, қыздың тәрбиесі бір жақтылау, қоғамдық белсенділікке 
жақын,  нақты  өмір  талаптарынан  алшақ.  Айналасындағы 
адамдармен қарым-қатынас мәдениеті, яғни өзін ортада сүйкімді 
ұстай біліп, жағымды көріну жағы жетіспейді.   Өкінішке қарай, 
жігіттер  үшін  қыз  бойындағы  аса  тартымды  қасиеті  осы  екен. 
Белсенділік те емес, аса ұстамдылық та емес, тіпті оқуға зеректік 
те  емес.  Сондықтан  оқу  мәселесінде  құрметті  қыздар  қалып 
қойып, оқуда елеусіз болғанмен, тіршілік тынысын дәл түсінетін 
қылықты  қыздар  өз  орнын  тез  тауып  кетсе,  оған  таңдануға 
болмайды. 
Қыз-жігіттерге  қолына  қағаз  беріп,  «Қалыңдығымның 
(жігітімнің)  қандай  адам  болғанын  қалаймын?»  деген  сұраққа 
жауап беруін өтінсек,  бір бетті тез-ақ толтырып тастайды.  Енді 
екінші  бетіне  «Өзің  қандай  болуың  керек?»  –  дегенді  жазуға 
келгенде,  онша  ықыласты  емес.  Яғни  болашақ  жарына  қоятын 
талабы күшті де, өзіне талап қоймайды. 
Американың тележурналисі Фил Донахьюдың бір сөзі қатты 
әсер  етті.  «Алдағы  мақсатыңыз  не?»  –  деген  сұраққа:  «Әке 
ретінде,  жар-жолдас  ретінде,  азамат  ретінде  жетіле  түсуді 
қалаймын», – деді. Өзіне-өзі сын көзбен қарап, жақсы бола түсуге 
тырысқан азаматтың отбасы бақытты болар-ау. 
Ер-азамат  –  отбасының  жетекшісі,  басшысы.  Бірақ  басшы 
болуды бастық болу деп түсінетін жігіттер бар. Өз міндетін әйел
бала-шағасын  жұмсап  қойып,  көбірек  қыдыруға  айналдырған 
немесе  «басшы  болған  –  осы  екен»,  –  деп,  ақырып-зекіріп 
үстемдік  құрған  еркектің  үйіндегі  ауа  райы  дұрыс  деуге 
болмайды. 


90 
 
Бақытты  үйлердегі  күйеуі  мен  әйеліне  назар  салайықшы: 
Күйеуі  ретін  тауып  әйелін  көтермелеп,  мақтап  отырады. 
Отбасының  негізгі  ауыртпалығы  өз  мойнында  екенін, 
жауапкершілігін  мықты  сезінеді.  Әйелін  қолтығынан  демеп, 
рухани  өсіріп  отырады,  жарына  адал.  Ал  әйел  күйеуіне  арқа 
сүйеп,  отағасын  бала-шағасына  қадірлетіп  отырады.  Күйеуімен 
жарысуды  мақсат  етпейді,  бірлесіп-жалғасуды  мақсат  етеді. 
Қайырымды, адал, мәдениетті. 
Әйелін  жұрт  алдында  «жерлеген»  жігіт,  әуелі  өз  қадірін 
түсіріп  тұр.  Кісінің  кемшілігін  теру  үшін  аса  таланттың  керегі 
жоқ  (кемшіліксіз  адам  бола  ма?),  кісінің  жақсылығын  көре 
білгенді айт. Бақытты үйлердегі әйел-еркек бір-біріне сенеді. 
Сексендегі қарт Хайролла жырау айтып еді: «Әйелді баладай 
маңдайынан  сипаған  еркектің  әйелі  –  әйел  болады»,  –  деп. 
Жоғары оқуы жоқ қазақтың қара шалының осы сөзінде қаншама 
ой жатыр. 
Жас қыздардың бүкіл өмірін  бұзатын, өкінішке  қалдыратын 
бір себеп жігіт таңдай алмауында. Өзіне қандай адам жағатынын 
біле  алмайды.  Осы  жағынан  пайдасы  тиер  деп  Клиф 
Олбритонның  «Қалай  тұрмыс  құрып,  отбасын  сақтай  алуға 
болады?»  деген  кітабымен  танысып  едік,  сөйтсек,  назар 
аудармайтын  нәрсеміз  көп  екен.  Мысалы,  сонымен  сіз  бір 
шешімге  келейін  деп  тұрсыз.  Осы  адамға  тұрмысқа  шығамын, 
қалған  өмірімді  сонымен  бірге  өткіземін,  балаларымның  әкесі 
болады  дейсіз.  Сонда  бір  асықпай  ойланыңызшы.  Мына 
нәрселерді ескердіңіз бе? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет