Таланттар



Pdf көрінісі
бет44/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

БАҒЫҢ АШЫЛСЫН 
 
Тұрмыста  жолы  болмаған  бір  әйелдің  былай  дегені  есімде: 
«Үйде  де,  мектепте  де  жар  таңдау,  үй  болу  туралы  ештеңе 
айтпапты.  Шешеміз  ол  туралы  айтуды  ұят  көретін.  Міне,  түк 
білмегеннің  арқасында  «күйеуге  шыққан  осы  екен»  деп  кете 
беріппіз.  Одан  «тас  түскен  жеріне  ауыр»  деп,  тағы  байландық. 
Сонымен  жер  ортасы  жасқа  келіп,  жан-жағыма  қарасам,  босқа 
өмір сүргендеймін». 
Бір-бір  үйдің  аялаған  қыздары  ауылынан  алыста,  Алматыда 
жүр.  Түрлі  жұмыста,  оқуда  дегендей.  Бұрынғыдай  сырласатын 
апа-жеңгесі жанында жоқ, басына түскен тағдыр ауыртпалығын 


78 
 
өздері шеше алмай, іштей күйзеліп, өмірден түңілетін кездері де 
болып  жатады.  Мұндайда  білікті  де  мәдениетті  жантанушы  – 
психолог  жақын  жерден  табылса  жақсы.  Ал  жоққа  жүйрік 
жетпейді.  Қиналған  жас  үлкендерден  қурайдай  болса  да,  пана 
іздейді. 
Оқудағы қыз баланың өміріндегі ең бір күрделі  кезең – 4-5-
курстар  деген  қорытындыға  келемін.  «Студент  қыздардың  ойы 
тек оқуда» десеңіз, қателесесіз. Тіпті оқудан да гөрі маңыздырақ 
нәрсе бар. Ол – өмірдің қажеттілігі: сүю, сүйікті болу. Кинодан 
көргеніндей,  кітаптан  оқығанындай,  махаббат  сөзімін  бастан 
кешуді  әрбір  қыз  армандайды.  Бірақ  ата-ананың  бауырынан 
қазақи тәрбиемен келген ұяң қыздардың біразы қыз қылығын аша 
алмай  жүріп  қалады.  Сүйсе,  құлай  сүйеді,  құдайдай  сенеді. 
Өмірдің  күрделілігі  сол емес пе,  бір-бірінің көңілінен шығатын 
екі адамның кездесуі сондай сирек.              
Студент  өмірінің  оқуға  арналған  бес  жылын  жан  дүниесі 
тұрғысынан былайша бөлер едім: 1-курс – танысу қызықтары, 2-
3-курс – қалыптасу жылдары, 4-5-курс – өзін-өзі іздеу жылдары. 
Соңғы курстарда өмірдегі өз орнын іздеп қана қоймайды, отбасы 
бақытын  да  іздейтін  кезі.  Бұл  уақытқа  дейін  қыздардың  біразы 
тұрмыс  құрып  үлгереді.  Бір  таңғалатыным,  ақылды,  оқуға 
зейінді,  әдемі  қыздар  қалып  қояды.  Осы  уақыттар  -  әлгі 
қыздарымның  өміріндегі  бір  сынақ  уақыты.  Қатарынан  қалып 
қойғанға асыққандай, көбелектей отқа кеп түсетіндері бар. Кейде 
әп-әдемі  қыздың  асығамын  деп  көзге  ілінген  біреудің  етегінен 
ұстай  салып,  ақыл-парасаты  өзіне  сай  емес,  қуыс  кеудеге  қор 
болғанын  көргенде,  күйінесің.  Қазақ  «тең-теңімен,  тезек 
қабымен» деп текке айтпаған ғой. Қоғамдағы адамдарды қанша 
теңестіремін  дегенмен,  тең  болмайды  екен.  Әсіресе  азаматтық-
кісілік  бес  жыл  оқып  алған  дипломға  да  қарамайды.  Тұқым 
қуалау, үй тәрбиесі, орта әсері,  білім т.б. құрамдас  бөліктерден 
жинақталатын күрделі үрдіс. Әрине, жігіттердің де жарын дұрыс 
таңдай алмай, күйініште жүргендері бар шығар, бірақ азаматына 
арқа сүйеуге жаратылған нәзік гүлдің теңін таппай қор болғаны 
тіпті аянышты. 


79 
 
Бесінші курста қара көзін мұң басып, ашық-жарқын әңгімеден 
қашқақтай  бастаған  қызыма:  «Уақытты  асықтырмашы.  Әр 
нәрсенің  сәті  бар»,  -  дегенді    жеткізуге  тырысамын.  Қолдан 
итергенмен,  сәтті  күні  келмейінше,  еш  нәрсе  орындалмайды. 
Аңсаған  арманыңды  бұл  жерден  іздеп  жүргенде,  ауылдағы  бір 
мектепте күтіп отырған шығар. Өзімізбен бірге бітірген бір қыз 
кетерінде: «Қыздар, жалғыз аттанып барамын, жалғыз қалғаным 
қалған  шығар»,  –  деп  күліп  еді.  Жарты  жыл  өтпей,  тойға 
шақырған қағаз келді. Барса, мектептің деректірі жалғыз басты, 
салиқалы  бойдақ  жігіт  екен,  екеуі  жарасып,  жұлдызы  бірге 
жаныпты. Енді бір мұғалім қыз жалғыздықтан өмірден түңілген 
соң,  көңілін  аулау  үшін  автобуспен  саяхатқа  шығады.  Сөйтсе, 
аңсаған адамы  сол жерден табылыпты. Өзі сияқты түңілген бір 
жігіт,  ол  да  саяхатқа  шықса  керек.  Айта  берсек,  кездейсоқ 
табылатын  армандар  аз  ба?  «Бірақ  осындай  ашық  әңгімеге 
мұғалімнің барғаны дұрыс па?» деген күдік болуы мүмкін. Бірақ 
әңгіме айту-айтпауда емес, жан пернесін сезімталдықпен басуда 
ғой. Ақылдасып, сырын айта алатын үлкен кісіні жастар әр уақыт 
іздеп тұрады. Қыздарым келіп көмек сұрап тұрса, оны мұғалімі – 
мен түсінбесем, кім түсінеді? 
Ақылды да сүйкімді Сәбира деген қыз болды (аты өзгертіліп 
алынды).  Ата-ананың  мейірімінен  басқа  ештеңе  көрмеген,  адал 
бала  екені  аңғарылып  тұратын.  Осындай  қыздар  теңін  тауып, 
бақытты болса, қандай қуаныш болар еді? Бірақ сырт көз сыншы 
ғой, келіп жүрген жігітінің сұйықтау екенін, ренжітетінін басқа 
қыздар байқапты. Өз көңілім де екеуін қуаттай қоймайды. Сөйтіп 
жүргенде  жыл  өтіп,  жігіті  әскерге  кететін  болды.  Кететін  кезі 
жақындаған  сайын  «Осының  аяғы  бір  өкініш  қалдырмай  ма?» 
деген күдік пайда болды. Ата-анасы алыста, өздері жатақханада 
емін-еркін  жүрген  жастарда  қызушылық  болып  қалмаса  екен 
деген  ниетпен,  бір  күні  үзілісте  кездейсоқ  кезіккен  болып, 
Сәбираға: 
– Мұраттар әскерге кеткелі жүр ғой деймін, сабаққа келмейтін 
болды, – дедім. 
Сәбира көзін төмен түсіріп, ұялған дауыспен: 


80 
 
–  Иә... – деді. 
–  Сәбира,  Мұраттың  сені  ыңғайлап  жүргенін  сезетінімізді 
білесің. Өз көңіліңнен шықса, жақсы көрсең, ешбір сөз жоқ. Ал 
көңіліңнен  шықпайтындай  болса,  ұрынып  қалмашы.  Жігіттің 
әскерге кетерде бір желікпесі болатыны бар еді. Дәл осы күндерде 
сабырлы  бол.  Араға  уақыт  салып  көр.  Шын  ұнатсаңдар,  хат-
хабармен түсінісесіңдер ғой...– дедім. 
Сәбира  –  сөздің  ағымын  аңғаратын  парасатты  қыз. 
Айтылғанды түгел ұқты. 
–  Иә, иә, рақмет, – деп ішке кіріп кетті. Өз көңілінде де екі 
ойлы сұраудың бар екені аңғарылды. 
Бұл оқиғаға да біраз жыл өтті. Ол жігіт  әскерден келіп, басқа 
бір  қызға  үйленді.  Сәбира  да  оқуын  бітірген,  қадірін  білетін 
теңіне  күйеуге  шығыпты  деп  есітемін.  Балалары  бар  дейді. 
Ішімнен ол қызымның өмірі дұрыс басталғанын қуаныш етемін. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет