– Тұрмыс құрғанда бақытты боламын десеңіз, өзіңізге сол тұрған қалпында жаққан адамға ғана шығыңыз. Ол адамды өзгертіп аламын деп ойламаңыз. Бірін-бірі түзеп, өзгертемін деген отбасында тыныштық болмайды. – Күйеу жігіттің бұрын араласып жүрген ортасымен қарым-қатынасы қандай? (Сізді кездестірісімен жақсы болып, өзгеріп кетеді деп ойлауға болмайды). – Сізбен танысқанға дейінгі жолдастары қандай құлықты адамдар?
91
– Күйеу жігіт қызба, дөкір ме немесе жұмсақ мінезді ме? – Түрлі отырыс-жиында өзін қалай ұстайды? – Не нәрсеге қызығады, немен айналысады? – Тәрбиелі отбасында өскен бе? – Жомарт па, сараң ба, шашпа-төк пе? – Әйелге көзқарасы қандай? Анасын сыйлай ма? – Туған-туыстарына қалай қарайды?