Тарих және Құқық институты
Тарих-География
Табиғат жағдайлары.Еңбек құралдары.Азық табу тәсілдері
Орындаған: Истелеева Асел
Кахар Өмірзақ
Көбейсін Ислам
Құлыпбек Али
Орал Самал
Мухатдин Эльмира
Мажиева Жанель
Тексерген: Таспулатова К.Т.
Жоспары:
1.Табиғат жағдайлары
2.Еңбек құралдары
3.Азық табу тәсілдері
Ежелгі адамдар үшін нағыз сынақ палеолиттың ортасында басталды. Жер бетінде күрт салқындап, мұз басу дәуірі орын алды. Ол бұдан 250 мың жыл бұрын басталды. Жер бетінің көп бөлігін қалың мұз басты.
Ғалымдардың есептеуінше 13 мың жыл бұрын мұздықтар ери бастады.
Б.з.д. 8 мыңжылдықта Қазақстанда қолайлы климат орнап,қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар қалыптасты.
Табиғат жағдайлары Палеолитке тән суық адам баласын өздерін жабуға мәжбүр етті. Алғашқы киімдер жай аң терілері болған. Кейінірек былғары, тіпті жапырақтары қосылды.
Осы жылдар ішінде киім де, оны жасау үшін қолданылатын құралдар да дамыды. Мысалы, тоқыма станогы неолит дәуірінде пайда болды, бұл күрделі киім мен басқа материалдарды шығаруға мүмкіндік берді.
Еңбек құралдары - еңбек заттарын дайын өнімге айналдыру барысына тікелей қатысатын немесе солар арқылы жұмыскер белгілі бір жұмысты (қызметті) орындап, осы затқа әсер ететін еңбек құрал-жабдығының негізгі бөлігі (жұмыс машиналары, қозғалтқыштар, беріліс қондырғылары). Алғашқы адамдардың еңбек құралдары негізінен тастан жасалды. Олар: қазғыш таяқ, үшкір тас, шоқпар,шапқы. Қоғам мен адамның дамуы еңбек құралдарын жетілдірумен тікелей байланысты. Еңбек құралдарын өндіру – оның ең маңызды, айқындаушы белгісі болып табылады
Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды.
Еңбек құралдары Тас бұйымдардың негізгі бөлігін жаңқалар құраған, ал құралдардан сол кезең мәдениетіне сәйкес чопперлер мен чоппингтер болған. Ағылшын тілінде чоппер және чоппинг «шабатын құрал», «балта», «кесу механизмі» дегенді білдіреді. Чоппер - бұл тақыр тас кесінділерінен (өзен жұмыр тасы немесе домалақ тастар), немесе жуан тастың жаңқасынан жасалған, кесетін жағы дөңес немесе жазық, тек бір беті (жағы) ғана өңделген, дөрекілеу келген кескіш сайман. Чоппинг те соған ұқсас, бірақ екі беті де өңделген дөрекі құрал. Жаңқалар деп негізінен тастарды өңдегенде алынатын қалдық түрлерін айтады, бірақ еңбек және аңшылық құралдары және кесуші тас бұйымдар солардан жасалады деу қате болады. Дайын бұйымдарды жасау үшін тасты қашауға шой балға пайдаланылды.
Алғашқы еңбек құралдарын дайындау тәжірибесі баяу жинақталды. Адамдар тастан ұсақ әрі жұқа құралдарды жасауды меңгерді. Теріні кесетін және тесетін өткір жүзді, үш бұрышты қалақшалар, пышақ тәрізді кескіштер пайда болды. Аң аулауға шоқпармен бірге найза да пайдаланылды. Сүйектен ине мен біз дайындалды. Адамдар тасты өңдеуді, бұрғылауды үйренді. Тастан пышақ, найзаның ұштары, бұрғы, қашау, балға, кескіш жасалды
Азық табу тәсілдері
Ежелгі адамдар аң аулау объектісін таңдауда талғампаздық танытпады: олар үшін азық-түлік пен оған байланысты ресурстарды алу ғана маңызды болды. Олар өлтіре алатын барлық жануарларды: мамонттарды, бұландарды, бұғыларды, үңгір арыстандарын, турларды, тау қойларын, аюларды, сілеусіндерді, қасқырларды, түлкілерді, арктикалық түлкілерді, бұлғындарды, сусарларды, тиіндерді, поляктарды, қояндарды, суырларды және басқа да көптеген жануарларды аулады. Садақтарды ойлап табу арқылы құстар адамдарға қолжетімді болды.
Аңшылық кәсіп өте сәтті дамыды, бұл өз кезегінде қоршаған ортаға әсер етті (негізінен өзгерістер фаунаға әсер етті). Кейбір ғалымдар садақ пен жебені ойлап табу жануарлардың кейбір түрлерінің толық жойылуына әкелді деп санайды. Әрине, ет аз болды, яғни азық-түліктің басқа көздерін іздеу керек болды. Сөйтіп, аңшылық шаруашылығының өркендеуі егіншіліктің қарқынды дамуына әкелді.
Мезолиттің аяғы мен ерте неолитте солтүстікте аңшылық пен жинап-терушілік ұштасқан шаруашылықтың жаңа формалары — балық шаруашылығы немесе теңіздік кәсіпшілік пайда болады. Бұлар, негізінен алғанда, Данияда, сондай-ақ Балтық теңізінің жағалауларында, Солтүстік және Шығыс Германия мен Польшада, Оңтүстік Швейцария мен Англияда таралған маглемозе (Даниядағы Муллеруп қаласына жақын тұрақ бойынша аталған) мәдениеті ескерткіштерінде айқын керінеді. Маглемозе мәдениеті б. з.-ға дейінгі 6800—5000 жылдар деп шамаланады. Бұл мәдениеттің мекен-жайлары ойпаң жерлерде, батпақты немесе шымтезекті орындарда немесе көлдер мен өзендердегі шағын аралдар мен түбектерде жайғасады, әрі жазғы және күзгі уақытта ғана мекендеуге болатын еді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қазақстан тарихы (Ерте заманнан қазіргі кезге дейін) 4-томдық. - Алматы. Т. 1, 1996.
Атамұра",2015 6 - сынып Ежелгі Қазақстан Тарих
Қазақ энциклопедиясы I том
Халлам, Л.Мовиус Феликс, М.Кизинг. Тас ғасыры.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия.