«Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!» -жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар,ұстаздар! мамыр Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!»
1-жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті оқушылар,ұстаздар!
1 мамыр - Халықтар бірлігі мерекесіне арналған «Татулығы жарасқан,тағдыры бір халықпыз !!!» атты сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Баршаңызды 1 мамыр – Халықтар бірлігі мен ынтымақтастығы мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
2-жүргізуші: Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, адамзаттық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Бұл күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.
1-жүргізуші: Еліміздің басты қорғаушы күші - қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау. Бұл қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз. Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету барша қазақстандықтардың борышы.Баршаңызға, әр отбасына береке-бірлік, бақыт-байлық тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!Қазақстан халқы өркен жайып, мемлекетіміз молшылыққа, ал әрбір шаңырақ шаттық пен бақытқа кенелсін!
1,2-жүргізуші: МЕРЕКЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 2- жүргізуші: Назданып бүгін өмір нұрлы күні, Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі. Мамыр боп, айбары асып асқақтайды, Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні. Міне, осыған сәйкес «Тапқыр достар» ойынын ұйымдастырмақшымыз. Ол ойынның шарты ортадан 3 оқушы шығады. Ынтымақ, бірлік, достық жөнінде мақал – мәтелдердің басы айтылады, жалғасын табуларыңыз керек. Ырыс алды – (ынтымақ) Бірлік болмай – (тірлік болмас) (Ынтымақтың түбі) – игілік Бірлік, ынтымақ – (байлық, бақ) Тірлік, тірлік түбі – (бірлік) (Татулықта) табыс мол Бірлік болмай (Тіршілік болмайды) Дос басыңа қарайды (Дұшпан аяғыңа қарайды) Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан (көзіңе мақтар) Ағаш тамырымен мықты, Адам (дос – жарымен мықты)
1-жүргізуші: Ортақ мекен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Ортақ бізге бір Отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.
2-жүргізуші: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мың тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн түрілген.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
Видеоролик «Ассамблея» (Н.А.Назарбаев –Мәңгілік ел!) 1-жүргізуші: Тағдырдың тезіне, қолдан жасалған тозақтың өзіне шыдаған елміз. Бабалар рухына бас иіп, Алладан медет сұраған елміз! Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мекенде жусанының жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
2-жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты еті түгілі сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының аузына ұрып, жұлысқанының жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған қазақпыз! Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан!
Ойын. «Тәуелсіздік ұшағы» Қазақстанның атаулы күндерін айту.
1991 жылы 16- желтоқсанда «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң қабылданды.
1991 жылы 1 -желтоқсандағы жалпыхалықтық сайлауда Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.
1991 жылы 10 қазан.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғады.
1992 жылы 4-маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы, Гимні қабылданды.
1993 жылы 12- қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы - Теңге айналымға енді.
1994 жылы ғарышкер Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.1995 жылы 1-наурыз Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.
1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз қабылданды.
1997 жылы 10-желтоқсанда астанамыз Ақмола қаласына көшірілді.
1-жүргізуші: «Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық, ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек» деп көрегенділікпен Елбасымыз айтқандай, біз сияқты көпұлтты мемлекеттің даму болашағының бір көзі – Қазақстан халықтарының бірлігі.
2-жүргізуші: Қазақстан сияқты жас мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
1-жүргізуші: Ендеше, бейбітшілік жасасын!
2-жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
1-жүргізуші: Қазақстан жасасын!
2-жүргізуші: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні жасасын!
Хор: Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
Ортақ болсын асар тау,
Жеміс толы бақша-бау.
Болсын жер мен су ортақ,
Болсын бізге ну ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
1-жүргізуші: Осымен, бүгінгі «Татулығы жарасқан,тағдыры бір
халықпыз !!!» атты мерекелік сынып сағатымызды аяқтаймыз.
1,2-жүргізуші: Сау саламатта болыңыздар!