Тексерген: Қажыбай Аян Төлегенұлы



Дата30.11.2023
өлшемі50,93 Kb.
#131357
түріСабақ

Орындаған: Капарова Молдир
Тексерген: Қажыбай Аян Төлегенұлы
№8 практикалық сабақ жұмысы
XIX ғасыр әдебиетіндегі Қоқан хандығы езгісіне қарсылық сарын. Қоқан хандығы билеген өңірлердің: Қазақстанның оңтүстік өлкесі, Сыр бойы, Жетісу аймағындағы әдебиеттегі әлеуметтік қайшылықтарға көзқарас, баға, қоғамдағы әділетсіздіктерге наразылық, сын

  1. Қоқан билеген өңірлердегі әдебиеттің жанрлық-стильдік ерекшеліктері. Қазақ әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілер жөнінен дамуындағы ықпалы.

XIX ғасырдың басында Қоқан хандығы Қазақстанның оңтүстік облыстарын, атап айтқанда, қазіргі Қызылорда қаласы мен оның шығыс аудандарын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жерін, Алматы облысының батыс аймағын басып алып, оларды елу бес жылдай өз құзырында ұстады. Бір өкініштісі, осы кезеңнің шынайы тарихы әлі күнге дейін толық ашылмай, тым көмескі күйінде қалуда. Қазақ халқының өткенін баяндайтын барлық тарихи әдебиеттер мен зерттеулер жинақтарында да аталмыш кезеңнің сипаты — «Оңтүстік Қазақстан жерін 1808-1864 жылдар аралығында Қоқан хандығы жаулап тұрды» дейтін жалпылама берілген мағлұматтан аспайды. Бекназаров, Наливкин, Вильяминов-Зернов, Назаров, тағы басқа ғалымдар мен жазбагерлердің осы мәселеге қатысты естеліктері де белгілі бір баяндаулардан аттап кете алмайды. Яғни, олардың ешқайсысы біз сөз етіп отырған хандықтың қазақ даласын қалай жаулағаны жөнінде көңіл көншітерліктей деректер келтірмейді. Осындай шолақ-шолақ деректерге ден қойсақ, Қоқан басқыншылары біздің далаға шабуылдағанда жергілікті қазақтарды мал сияқты қайырып ала салған тәрізді, болмаса олар келгенде әр шаһарлардың қақпалары өзінен-өзі ашыла салғандай әсерде қаласың. Қазақ әдебиетінің жанрлық, көркемдік үлгілер жөнінен дамуындағы ықпалы. 1821 жылы Оңтүстік өлкесінде 10 мыңдай адам қатысқан Тентек төре бастаған қозғалыс болып өтті. 1840-1860 жылдар арасында Қордай, Шу, Мерке өңірінде Саурық, Сұраншы бастаған Қоқан билігіне қарсы күрес қанат жайды. Бұл кезең сол уақыттағы әдебиетте елеулі із қалдырды. Осындай оқиғалар тұсында өмір сүріп, оған араласқан Жанкісі ақын Қоқан әміршілігінің елге салған ылаңын өткір шенейі.
Өзіңіз қосқан зекетші
Біздің елде Жүзбай бар.
Жүзбай жүрген жерінде
Жылау менен ойбай бар.
Және мұның жолдасы, —
Қаратамыр Дадан бар.
Еріп жүрген соңында
Қырық-отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар.
Төлеген деген жорғасы бар.
Атына жемді салуға
Алты еннен қылған дорбасы бар…
“Келі түбім” деп алады,
“Кеусенім” деп алады,
“Орта зекет” деп алады
“Құшақ зекет” деп алады…-
деп, қазақтың өз ішінен шыққан пысықайлардың да елді жаумен бірге қосыла тонап жатқанын зор күйінішпен суреттейді. Ақын Қоқан хандығы отаршыларының езгісіндегі халықтың ауыр алым-салықтан қатты күйзелгенін өткір тілмен өлеңіне арқау етеді:
Айтайын десең ұрады,
Ұрмақ түгіл қырады.
Қаумалаған көп момын
Қорлаушыдан құтылар
Амал-айла таба алмай,
Қарайды да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашуланса байлайды,
Әкімі жоқ қазаққа
Теңдік жоқ деп ойлайды.
Алса малға тоймайды,
Біз жыласақ ойнайды…
2. Шығармаларының жиналу, басылым, зерттелу жайы. Мәделі ақынның мысал сөздері. Майлықожа, Құлыншақ ақындармен үндестік, туыстығы.
3. Құлыншақтың батырлық, ерлік дәстүрді көтере жырлап, дәріптеген өлеңдері. Жазба айтыс үлгісін қалыптастырып, дамытуы.
4. Майлықожаның мысал өлеңдері. Шығыс әдебиеті үлгілерінен аудармалары, сол негізде туған нәзира шығармалары.
1. Базар жыраудың адамгершілік, дүние жаратылыс жайлы үгіт насихат жырларының, «Айна-тарақ», «Әмина қыз», «Мақпал – Сегіз» дастандарының, терме өлеңдерінің әдебиет тарихындагы орны.
2. Бұдабай Қабылұлының жоқтау, көңіл айту жырларының жазба әдебиет жанрларына қатынасы.
3. Мәделі, Майлықожа, Құлыншақ, Базар, Бұдабай шығармашылығының қазақ әдебиеті тарихындағы орны. Олардың зерттеліп, ғылыми негізделуі. Қаратау шайырлары туралы арнайы зерттеу еңбектер жазған Ә.Қоныратбаев, Ә.Оспанұлы, т.б. ғалымдардың әдебиеттану ғылымына қосқан үлесі.
4. Қоқан хандығы билеген өңірлер әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің шығармашылығын көркемдік сипаттар, жанрлық жөннен зерттеуді дамытудың өзекті, көкейкесті мәселелері.
БЛИЦ-ТЕСТ
1 Д 11 С
2 Е 12 С
3 А 13 Е
4 С 14 В
5 С 15 В
6 А 16 А
7 С 17 Д
8 Д 18 С
9 А 19 С
10 В 20 С
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Бес ғасыр жырлайды. 2-томдық. –А.,1989.
2.Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің тарихы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет