1. Тәуекелдерді басқаруды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары, міндеттері және қағидаттары
2 Тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру: мәні мен мазмұны
Тәуекелдерді басқару жүйесінде тәуекелдерді басқарудың мақсаттары, міндеттері және қағидаттары жасалынған.
Тәуекелдерді басқаруды ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:
1) тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың тиімді жүйесін құру;
2) өзіңе жүктеген міндеттемелерді қатаң сақтау;
3) бизнес ауқымына сәйкес тәуекелдерді қабылдауды қамтамасыз ету;
4) активтер мен міндеттемелердің тиісті портфелін қалыптастыру;
5) тәуекелдерді тиімді басқару.
Жоғарыда аталған тәуекелдерді басқаруды ұйымдастырудың негізгі мақсаттарына сәйкес келесі міндеттерді бөліп көрсетуге болады:
Төмендегідей тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару тапсырма мақсаттарына сәйкес анықталуы мүмкін:
- кәсіпорын қызметінің стратегиясын айқындайтын саясатты жүзеге асыру;
- қызметтер көрсету қатаң ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады;
- тұрақты негізде тәуекелдерді басқаруды бірлесіп жүзеге асыру;
- тәуекелдерді өлшеу, бақылау және мониторинг жасау;
5) төтенше жағдайларда бизнесті үздіксіз басқару жоспарының болуы.
Басқару қағидаттары үш негізгі топқа бөлінеді: тұтастай алғанда басқару жүйесін қатысты басқарудың жалпы қағидаттары; бақылау жүйесінің жекелеген құрамдас қатысты басқару қағидаттары; қызметті басқарудың тәртібі мен нақты ережелерін реттейтін қағидаттары1.
Басқарудың жалпы қағидаттары болып табылады:
- басқаруды ғылыми негіздеу қағидаты;
- басқару міндеттерін шешуге жүйелі көзқарас қағидаты;
- оңтайлы басқару қағидаты;
- реттеу қағидаты.
Басқару жүйесінің жекелеген құрамдас бөліктеріне қатысты басқару қағидаттары құрамына мыналар кіреді:
- басқарудың белгілі бір функцияларын іске асыру бойынша қағидаттары: жоспарлау, ұйымдастыру, есепке алу, бақылау, маркетингтік зерттеулер мен қызметінің қағидаттары, т.б.;
- басқарудың жеке белгілеріне байланысты басқару қағидаттары, мысалы: әлеуметтік, экономикалық, ұйымдастырушылық - техникалық, т.б.
Тәуекелдерді басқарудың арнайы қағидаттары:
- тәуекелге адал көзқарасы қағидаты;
- болжау қағидаты;
- сақтандыру қағидаты;
- резервтеу қағидаты;
- шығындарды азайту және пайданы көбейту қағидаты.
Тәуекелдерді басқару процессінің негізгі қағидаттары:
- тұтастық – тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесі кескініндегі тұтас тәуекел элементтерін қарастыру;
- ашықтық – автономдық немесе оқшау ретінде тәуекелдерді басқарудың бірлескен жүйесін қарастыруға тыйым салу;
- құрылымдылық – тәуекелдерді басқару кешенді жүйесінің нақты құрылымы бар;
- ақпараттылық – тәуекелдерді басқару процессі шын, дәйекті және өзекті ақпараттың бар болуымен ерекшеленеді;
- толассыздық – тәуекелдерді басқару процессі тұрақты негізде жүзеге асырылады;
- кезеңділік – тәуекелдерді басқару процессі оның негізгі құрамдас бөліктерінің тұрақты қайталанатын кезеңінен құралады.
Тәуекелдерді басқару саясатының негізгі мақсаттары:
1) тәуекелдерді басқарудың интеграцияланған процессін құру, сонымен қатар тәуекелдерді басқару процедуралары мен әдістеріне бірыңғай тәсілдеме негізінде қызметті тұрақты жетілдіріп отыру;
2) еншілес ұйымдарымен қызмет ауқымына барабар қолайлы тәуекелдерді қабылдауын қамтамасыз ету;
3) ұтқыр қабілеттілікті анықтау және қабылданған тәуекелдерді тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
Тәуекелдерді басқару саясаты келесідей міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған:
1) әлеуетті жағымсыз оқиғалардың алдын алу және олардың әсерін төмендету мүмкіндігін беретін тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;
2) қойылған мақсаттарға қол жеткізу жолында уақытылы сәйкестендіру, бағалау, талдау, мониторинг және бақылау негізіндегі тәуекелдерді басқарудың толассыз келісілген процессін қамтамасыз ету;
3) сәйкес шешімдерді қабылдау үшін тәуекелдерді басқарудың толық бағалы процессін құру;
4) қорларды пайдалану және бөлу тиімділігін арттыру;
5) бизнес процесстер тиімділігін, сыртқы және ішкі есептілік деректілігін қамтамасыз ету және заң нормаларын сақтауға көмектесу.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттары, міндеттері келесі құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырылады: