Теориялық конференция материалдары



жүктеу 2.24 Mb.
Pdf просмотр
бет18/27
Дата28.12.2016
өлшемі2.24 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27

 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Аронұлы С. Ақиық. – Алматы: Жазушы, 1976. 
2. Айтұлы Н. Ерлікке ескерткіш. – Астана, 2008. 
3. Əдеби жəдігерлер. Том 20. – Алматы, 2013. 
 
 

159 
 
А.С. Каримова,  
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистранты 
 
Ғылыми жетекшісі – Р. Зайкенқызы
филология ғылымдарының докторы 
 
КЕГЕН АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ КҮНДЕЛІКТІ  
ӨМІРІНДЕГІ ОҚУ-АҒАРТУ ІСІНІҢ ЖАҒДАЙЫ  
(ХХ ғасырдың 80-жылдары) 
 
1987  жылдың 27 тамызында  өткен  аудан  мұғалімдерінің  тамыз  кеңесінде  Қазақстан 
Компартиясы  Кеген  аудандық  комитетінің  бірінші  хатшысы  Бексырға  Данышпанов 
«Оқушыларға  интернационалдық,  патриоттық  жəне  адамгершілік  тəрбие  беруді 
жақсартудағы  мектеп  пен  жанұя  қатынасы  жəне  шаруашылық  міндеттері  жайлы»,  аудандық 
халық ағарту бөлімінің меңгерушісі А.Бектұрғанов «1986-1987 оқу жылының қорытындылары 
жəне  педагогика-лық  коллективтердің  мектеп  реформасын  тереңдету  жəне  жеделдетудегі 
жауапкершілігін  арттыру  жөніндегі  шаралары  туралы»  баяндама  жасады.  Кеңесте  Талды 
сегізжылдық  мектебінің  директоры  М.Батанов,  А.Нүсіпбеков  атындағы  колхоздың  партком 
хатшысы Р.Дəулетбақов, халық депутаттары аудандық Кеңесі атқару комитеті төраға – сының 
орынбасары  Қ.Əтікеева,  Қазақстан  ЛКЖО  аудандық  комитетінің  хатшысы  А.Абдрахаева, 
аудандық  ішкі  істер  бөлімінің  бастығы,  подполковник  Ж.Исмағұлов,  Қызылту  балалар 
бақшасының  меңгерушісі  Қ.Кекілова  жарыс-сөзге  қатысып,  жас  ұрпаққа  сапалы  білім  мен 
саналы  тəрбие  беру  жолындағы  атқарылған  істер  мен  алда  тұрған  міндеттерге  кеңінен 
тоқталып  өтті.  Кеңес  жұмысына  Қазақ-стан  Компартиясы  облыстық  комитетінің  бюро 
мүшесі, облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы Ө.Кесікбаев қатысып, сөз сөйледі 
[1].  
Кеңес  барысында  Қазақстан  Компартиясы  Кеген  аудандық  комитетінің  бірінші 
хатшысы  Б.Данышпанов  аудан  мектептеріндегі  еңбекке  баулу  жəне  əскери-патриоттық 
тəрбие беру жұмыстарының барысына тоқталды. Бұл бағытта аудан мектептерінде біршама 
жемісті  жұмыстар  атқарылып  келе  жатқандығы  айтылды. «Осы  бір  маңызды  жұмыстарды 
қазіргі  деңгейінен  де  жоғары  дəрежеге  көтерудің  кең  мүмкіндіктері  өз  мəнінде 
пайдаланылмай  отыр.  Əскери-патриоттық  тəрбие  беруде  алғашқы  əскери  дайындық  жəне 
физкультура  пəндерінің  алар  орны  ерекше.  Алайда,  аудан  мектептеріндегі  осы  пəн 
мұғалімдерінің  дайындығы  мен  инициативалары  төмен.  Олардың  кейбірі  сабақты  сауатты 
өткізе алмайды», – деді ол өзінің сөзінде. Одан əрі мектеп оқушыларының ыстық тамақпен 
қамтамасыз  етілуі,  жас  ұрпақ  тəрбиесіндегі  ата-аналар  мен  қоғамдық  ұйымдардың 
алдында  тұрған  міндеттер,  тағы  басқа  да  бала  тəрбиесіндегі  маңызды  мəселелерге  егжей-
тегжейлі  тоқталып,  осы  орайда  жетістіктерден  гөрі  əлі  де  болса  кемшілік-тердің  көбірек 
орын  алып  отырғандығына  нақты  мысалдар  келтірді.  Алдағы  уақытта  бұл  кемшіліктерді 
түзетудің нақты шараларын қарастыру қажеттігі атап көрсетілді. 
Одан кейін, Кеген аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі Амангелді Бектұрғанов 
мектеп  реформасының  талаптарына  сəйкес  материалдық  база  жасау,  оқу-тəрбие  процесін 
жетілдіру, оқушыларды еңбекке үйрету, оларға кəсіптік бағдар беру жəне интернационалдық, 
əскери-париоттық  тəрбиені  жақсарту  бағытында  едəуір  жұмыстар  атқарылғанын  айтып  өтті. 
Сол  мəлімет-терге  көз  жүгіртсек,  Бөлексаз,  Тұйық,  Ақсай,  Казлес,  Ақтасты,  В.И.Ленин 
атындағы  жəне  Темірлік,  Тасбұлақ,  Мыңжылқы  мектептерінің  материалдық  базасы  талапқа 
сай жабдықталмағаны байқалады. Мектеп үйлері тар болды жəне спорт зал, шеберхана, пəн 
кабинеттері мен асханалар жетіспеді. Тіпті, қыс айларында мектептерді жылыту жүйесі нашар 
болды. Ең жылы деген М.Горький жəне Тасашы мектептерінде температура 8-9 градус қана 
болған.  Бұл  мектептердің  базалық  шаруашылықтары  келісім  шартқа  сəйкес  жанды  көмек 
көрсетуді  қажет  етті.  Мектептер  жанындағы  асханалар  мен  буфеттердің  жұмыстарында 
кемшілік көп болды. Оқушыларды сүтпен қамтамасыз етуге тиісті көңіл бөлінбеді. Тіпті, ет 

160 
 
пен  майдың  да  болмай  қалатын  кездері  жиі  болып  тұрды.  Аудандық  тұтынушылар  қоғамы 
мектеп  асханалары  мен  мектеп  мүліктерін  жөндеуге,  жылжымалы  тасымал  ұйымдастыруға 
тиісті дəрежеде көңіл бөлмеді [2]. 
Аудан мектептері жанындағы методикалық кабинеттер озаттар тəжірибесін жинақтауға 
жəне  оны  таратуға,  баспасөз  беттерінде  насихаттауға  жете  мəн  бермеді.  Оқу-тəрбие 
жұмыстарын  мектеп  реформасыың  талабына  сай  қайта  құруда  Ұ.Бағаев,  А.Нүсіпбеков 
атындағы  жəне  Тасашы,  Кеген  орыс  мектебі,  Жайдақбұлақ,  Ақсай,  М.Горький  атындағы 
мектептерде əлі де болса салғырт-тық пен сылбырлық байқалды. Аталған мектеп басшылары 
өздеріне  айтылған  сыннан  тиісті  қорытындылар  шығармады.  Ауданның  бірқатар 
мектептерінде  математика,  қазақ  тілі  мен  орыс  тілі  пəндерінің  оқытылуы  нашар  болды. 
Бастауыш  мектеп  мұғалімдері  Тəкенова,  Шалғынбаева,  Қайыпова,  Шақаева,  Өмірзақова, 
Р.Батырханова,  Сеңкібаева,  С.Малғараева,  Н.Рахметов  жəне  С.Бірімқұлов  оқытқан 
оқушылардан  бақылау  жұмысын  алғанда  олардың  тең  жартысына  жуығы  екілік  бағаға  ие 
болған. Өз білімдерін көтермейтін, сабаққа жоспарсыз келетін мұғалімдер де кездесті. Кеген 
қазақ  жəне  орыс  мектептері,  Жалаңаш,  М.Горький,  Шырғанақ  орта  мектептерінде  жəне 
Темірлік,  Кеңсу  бастауыш  мектептерінде  оқушылар  білімін  бағалауда  əділетсіздікке  салыну 
фактілері кездескен. Аталған орта мектептерде оқу жылының қорытындысы бойынша алтын 
медальмен  бітіруге  ұсынылған  жазба  жұмыстарының  бағасы  аудандық,  облыстық 
комиссиялар  тексергенде  төмендетілді.  М.Молдасынов,  Ж.Тергеуісова,  С.Малғараева, 
Б.Сəдірмекова,  Е.Шəршікенов  т.б.  мұғалімдер  мен  мектеп  директорларына  аудандық  оқу 
бөлімі кеңесінде шара көрілді [3]. 
Бұл  ретте,  отбасы,  мектеп  жəне  жұртшылықтың  бірлесе  жұмыс  істемейтін-дігі 
байқалды. Соның салдарынан Кеген қазақ жəне орыс орта мектептерінде қыз баланы зорлау, 
Ы.Көшкінов  атындағы,  Средигор,  Жалаңаш  мектептерін-де  оқушылар  арасында  ұсақ 
бұзақылық  жасау,  төбелесу,  Қарқара,  Кеген  қазақ  орта  мектептерінде  оқушы  балалардың 
өзіне-өзі  қиянат  жасауы,  асылып  өлу  фактілері  орын  алған.  Бұл  мектептердегі  құқықтық 
тəрбие  беру  мен  адамгер-шілікке  баулу  жұмыстары  нашар  жүргізілді.  Бұл  кезде  аудан 
мектептерінде  мектеп  реформасына  сай  оқушыларға  əскери-патриоттық  тəрбие  берудің, 
музыкалық білім беруді қолға алудың, жастардың шынығып шымыр болуына қол жеткізудің, 
балалар бақшасын жақсартудың мүмкіндіктері қарастырылды. 
Жалаңаш  мектепаралық  оқу-өндірістік  комбинаты 1981 жылдан  оқушы-ларға  кəсіптік 
бағдар  беріп,  олардың  шеберлігін  арттыруға  белсене  араласып  келді.  Комбинаттың 
материалдық базасы біртіндеп жақсарып, 3 автомашина, 5 трактор жəне тағы да басқа ауыл 
шаруашылығы  механизмдерімен  жарақтан-дырылды.  Соған  қарамастан  əрбір  колхоз-
совхоздарға  жұмысшы  кадрларын  дайындауда  олқылықтар  көптеп  кездесті.  Бұл  ретте, 
көбінесе  мектеп  бітіруші  түлектер  қайда,  немен  айналысып  жүр  деген  сұрақтарды  ауыл 
тұрғындары мектеп басшыларына қойып, бүгінгі мектеп бітірушілердің ертеңгі еңбек адамы 
екендігін үнемі ескертіп отырды. Осыған байланысты, шаруашылық басшыларының алдына 
мектеп  бітірушілерді  жұмысқа  орналастырып,  оларды  тұрақтандыру  жөнінде  ұсыныстар 
тасталды.  Əйпесе,  оқу-өндірістік  комбина-тын  бітірушілер  жыл  өткен  сайын  көбейе 
түскенімен одан шаруашылық пен өндіріске келер пайда шамалы болды [4]. 
Осы тұрғыда, «Қарқара» картоп совхозының аға шопаны, Социалистік Еңбек Ері, КСРО 
Мемлекеттік  сыйлығының  лауреаты  Жолсейіт  Молдасанов  жоғарыдағы  мəселеге  қатысты 
өзінің ойын былайша тарқатады: «Ұстаз деген қасиетті сөз. Өйткені, ғалым да, космонавт да, 
малшы да ұстаздың алдынан тəрбиеленіп шығады. Ұстаздан үйренеді. Ұстаздан тəлім алады. 
Сондықтан,  жас  ұрпақтың  тəрбиесі  ұстаздардың  қолында.  Бүгінде,  мектеп  реформасына 
байланысты базалық кəсіпорындардың жауапкершілігі артып отыр. Осыған ретте, «Қарқара» 
картоп  совхозының  дирекциясы  арнайы  келісім  шартқа  сəй-кес  Қарқара  орта  мектебімен 
бірлесе  отырып  жұмыс  жүргізуде.  Оқушыларға  кəсіптік  бағдар  беру  мақсатымен  машина-
трактор  шеберханасында,  товарлы-сүт  фермаларында  арнайы  кластар  ұйымдастырылды. 
Соның  нəтижесінде,  соңғы  жылдары  мектеп  бітірушілер  арасынан  құрылған  комсомол-
жастар бригадалары көбейді. Рас, кейде еңбек жолдарын ауылда малшы-механизатор болудан 

161 
 
бастаған  жас  жігіттер  мен  қыздарға  мəдени-тұрмыстық  жағдайлар  жасалмайды.  Міне, 
осындай  кездерде  мектеп  мұғалімдері  өздерінің  кешегі  түлектеріне  көмекке  келіп, 
жағдайларымен  танысса  жақсы  болар  еді.  Амал  не,  мектеп  бітіргеннен  кейін  оларға  кейбір 
ұстаздар көңіл де аудармайды». 
Осымен  қатар,  Шырғанақ  орта  мектебінің  директоры  Қанат  Сырғабаев  та: 
«Оқушылардың білім сапасы қандай? Шындығын айтайық, оқу сапасы нашар болуда. Кейбір 
оқушылардың арасында сауатсыздық кездеседі. Көбінесе үлгерім сапасы 97-98% болды деген 
сөздерді жиі айтамыз. Ал, шынды-ғы қалай? Оны барлық мұғалімдер өте жақсы біледі. Енді 
не істеуіміз керек? Бəріне бірдей үш деген бағаны қоя беруге тағы болмайды. Оқу ісі сүреңсіз 
болады. Сондықтан, оқушыларды əрқашан да шыншылдыққа тəрбиелейік. 
 Сондай-ақ, кейбір мұғалімдер жұмысы бізді қанағаттандырмайды. Оқыту методикасын 
үйренуге,  үнемі  ізденуге  ден  қоймайды.  Сондықтан,  Москваның  Брежнев  ауданындағыдай 
мұғалімдердің  білімі  мен  іскерлігін  бағалау  керек  сияқты.  Мəселен,  бір  мектепте  істейтін 
мұғалімдердің  үштен  бірі  аттестация-дан  жақсы  өтуі,  үштен  бірі  өтпей  қалуы  əбден  мүмкін 
емес  пе?  Демек,  əлсіз  мұғалімдермен  тиянақты  жұмыс  жүргізуге  тура  келеді.  Бұл  ретте, 
Шырғанақ  орта  мектебінің  педагогикалық  коллективі  оқыту  ісін  жетілдіру  проблемасын 
шешуге  үнемі  көңіл  бөліп,  барлық  жұмысын  осыған  бағыттайтын  болады.  Бүгінде, 
экономикалық  ойлау  жүйесін  қалыптастыру  жөнінде  көп  айтылып  жүр.  Ал,  неге  біз 
педагогикалық  ойлау  жүйесін  жүзеге  асырмаймыз.  Бұл  бар-лық  мұғалімдерді  ойландыруы 
тиіс», – деген екен [5]. 
Кеген  ауданындағы  «Қызылту»  қой  совхозының  ұжымы 1987 жылғы  жаңа  оқу 
жылының қарсаңында 624 орындық 3 қабатты жаңа үлгідегі мектеп үйін салып, пайдалануға 
берді.  Мектеп  қажетті  оқу  құрал-жабдықтарымен  толық  қамтамасыз  етілді.  Сонымен  бірге, 
аталмыш  совхоз  ұжымы  бұрынғы  Қызылту  сегізжылдық  мектебіне  жылу  жүйесін  тартуға, 
оны бір орталықтан жылытуға көмектесіп, «Темірлік», «Октябрь» фермаларындағы бастауыш 
мектептердің  жаңа  оқу  жылына  сақадай-сай  əзірленуін  қамтамасыз  етті.  Бұл  ретте,  шаруа-
шылық дирекциясы жасалған келісім шарттың орындалуына баса  көңіл бөлді.  Нəтижесінде, 
оқушыларға кəсіптік бағдар, сапалы білім беруге қол жеткізілді. 
1987-1988  оқу  жылына  басталуына  аудан  мұғалімдері  күні  бұрын  дайын-дық 
жұмыстарын жүргізіп, едəуір жақсы əзірлікпен келді. Жылдағыдай емес, мұғалімдердің өздері 
бастамашы  болып,  мектеп  үйлері  мен  сынып  бөлмелері  толық  жөндеуден  өткізілді.  Соның 
ішінде,  əсіресе  пəндік кабинеттерді  жаб-дықтау  ісі  мықтап  қолға  алынды.  Балаларды  ыстық 
тамақпен  қамтамасыз  ету  ісі  де  ойластырылды.  Бұл  кезде  мектептер  асханасындағы  орын 
саны 160-қа  өсіп,  барлығы 12300 оқушы  ыстық  тамақпен  қамтамасыз  етілді.  Ал, 6 жасар 
бүлдіршіндер  үшін  жан-жақты  қамқорлық  жасалды.  Олардың  сабақ  өтетін,  ойнайтын, 
демалатын бөлмелері жұмсақ жəне қатты жиһазбен толықты. 
Бұл  кезде  еліміздің  халыққа  білім  беру  жүйесіне  мықтап  енгізілген  мектеп  реформасы 
мұғалімдердің  күнделікті  өміріндегі  айтулы  кезең  ғана  емес,  олар-ды  айбынды  міндеттерге 
бастайтын маңызды қадам болды. Соның ішіндегі ерекше бөліп айтатын жайт, оқушыларды 
еңбекке  баулып,  тəрбиелеу  ісі  еді.  Бұл  ретте,  аудандағы  біраз  мектептер  мен  шаруашылық 
мекемелері  арасында  келісім-шарт  жасалып,  құрылысқа,  тұрмысқа  қажетті  өнім  шығаратын 
шебер- ханалар іске қосыла бастады. Атап айтқанда, «Қарқара» картоп совхозында, Таушелек 
орман  шаруашылығында, «Тоғызбұлақ»  жəне  А.Нүсіпбеков  атын-дағы  колхоздарында, 
«Таушелек»  ешкі  совхозында  мектептерді  шефке  алу,  оқушыларға  шеберхана  ашып  беру 
секілді игі істер жүзеге асырылды. Атал-ған шаруашылықтар сол кездің өзінде мектептерге 92 
мың сом қаржы бөліп, мектептерге жұмсады. 
Əрине, сапалы білім, саналы тəрбие беру өте жауапты жұмыс. Оның үстіне сол кездегі 
өскелең  өмір  талабы  бұрынғы  ескі  əдіс  жəне  ескі  сүрлеумен  жүруді  көтермеді.  Сондықтан, 
қайта құру мен жеделдете дамыту кезеңінде аудан мектептерінің күнделікті өмірінде айтулы 
өзгерістер  орын  алды.  Бұл  ретте,  мектептер  жаңа  жобалы  аппараттармен  толықтырылып, 
озаттар  тəжіри-бесін  кеңінен  қолдану  ісі  жолға  қойылды.  Мысалы,  сол  жылы  пайдалануға 
беріліп  отырған  Қызылту  орта  мектебіндегі  кейбір  пəн  кабинеттері  оқуды  жаңа  əдіспен 

162 
 
жаңаша  бастауға  мол  мүмкіндік  берді.  Барлық  мектеп  директор-ларының  мінездемесі 
бекітіліп, 116 мұғалім аттестациядан өтті. 
Ол кезде аудандағы барлық 37 мектептің 33-і тікелей шаруашылық балан-сында тұрды. 
Сондықтан,  бұл  мектептердің  жетістіктері  мен  кемшілігі  де  сол  шаруашылық  мекемелеріне 
тікелей  қатысты  болатын.  Ал,  мектептердің  оқу  базасын  жақсартып,  тиісті  құрал-
жабдықтармен  қамтамасыз  ету  ісі  сол  шаруа-шылықтардың  міндеті  болып  табылды.  Бұл 
жөнінде арнайы келісім-шарттар жасалынды. Бірақ, сондай келісім-шарттар кейбір жерлерде 
тек қағаз жүзінде ғана қалып отырды. Мұндай жайттар «Ұзынбұлақ» қой совхозында, Қазақ 
КСР-інің 50 жылдығы атындағы тəжірибе шаруашылығы мен «Алғабас» жыл-қы зауытында 
кездесті.  Өйткені,  сол  кезде  осы  шаруашылықтар  шефке  алған  орталау  жəне  орта 
мектептердің сынып бөлмелері жұтаң, əрі ажарсыз еді [6]. 
Бұл  кезде  Кеген  ауданындағы  мектептерде  жалпы  саны 1300-дей  мұғалім  еңбек  етті. 
Олардың қатарында кеудесі орден-медальдарға толып, көптеген жоғары атақтарға ие болған 
КСРО  жəне  Қазақ  КСР-і  халық  ағарту  ісінің  озаттары  аз  болмады.  Əдіскер  мұғалімдер  мен 
тəрбиешілер  де  көпшілікті  құрады.  Атап  айтсақ,  олардың  қатарында  Б.Араев,  Н.Малбеков, 
Т.Низанова,  Ш.Əппақова,  Н.Сұраншиева,  Л.Əкімбекова  т.б.  ұстаздар  бар  еді.  Мектептер-дің 
ұстаздар ұжымына жыл сайын 50-60-қа жуық жас мамандар қосылып, білікті кадрлар қатары 
көбейді.  
Сондай-ақ, аудандық халық ағарту қызметкерлерінің бас қосуының күн тəртібінде аудан 
мектептерінің  оқу  сапасын  жақсартудағы,  бала  тəрбиесін  жетілдірудегі  қиын  да  қызықты 
жұмыстарды  қалай  үйлестіруге  болатыны  жөніндегі  мəселелер  қаралды.  Осы  орайда, 
аудандық халық ағарту бөлімінің жанындағы методикалық кабинет пен ондағы əдіскерлерге 
ұйымдастыру  мен  педагогикалық  бағыт  беру  жөніндегі  маңызды  міндеттер  жүктелді. 
Аудандағы  қанша  мұғалім  өз  пəнінің  жетік  маманы,  балалардың  тəлімгер  қамқоршысы? 
Қанша  мұғалім  өз  міндеті  мен  өз  мамандығын  жақсы  меңгерген?  Қанша  мұғалім  əлсіздік 
танытып жүр? Міне, бұл туралы да нақты деректерді методи-калық кабинет меңгерушісі айта 
алмады.  Сондықтан,  методикалық  кабинеттің  жұмысын  қайта  құру  жөнінде  шешім 
қабылданды [7]. 
Кеңесте өз пікірлерін ортаға салған Ə.Зықаев, А.Серғазиев, Б.Дəулетшин, Ж.Ұйқасбаев, 
А.Бектұрғанов,  Н.Тоқтасынова  жəне  аудандық  Кеңесі  атқару  комитеті  төрағасының 
орынбасары  Қ.Ыдырысова,  аудандық  партия  комитеті  үгіт-насихат  бөлімінің  меңгерушісі 
А.Бұқабаевтар  жас  ұрпаққа  сапалы  білім,  саналы  тəрбие  берудегі  басты  тұлға  мұғалімдер 
жұмысын  жақсарту  жөніндегі  мəселелерді  көтерді.  Онда  олар: «Мектептер  жұмысынан 
ертеңгі болашағы-мызды көруге тиіспіз. Сондықтан, оқу-тəрбие жұмысын негізгі үш бағытқа 
бұрайық.  Ол  ең  алдымен  мектеп  оқушыларын  еңбекке  тəрбиелеу  жəне  жаңа  оқу 
бағдарламасын  жетік  меңгеру  болып  табылады.  Сондықтан,  бүгінгі  таңда  ауданның 
педагогикалық коллективтерінде мұғалімдердің кезекті аттестация-сын сапалы өткізуді қолға 
алып, жеке пəндер бойынша мұғалімдер конкурсын ұйымдастыру қажет», – деген пікірді алға 
тартты.  Ағарту  қызметкерлерінің  жиналысына  Қазақстан  Компартиясы  Кеген  аудандық 
комитетінің бірінші хатшысы Б.Данышпанов қатысып, сөз сөйледі.  
Міне осылайша, қарастырып отырған кезеңге қатысты мұрағат құжаттары мен мерзімді 
баспасөз  материалдарын  зерттеу  барысында  алынған  деректер  негізінде  Кеген  ауданы 
тұрғындарының  күнделікті  өміріндегі  халыққа  білім  беру  жəне  оқу-ағарту  ісінің  ахуалына 
көз жеткіздік.  
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. АОММ(Алматы облыстық мемлекеттік мұрағаты). 962-қор., 1-тізбе, 227-іс, 23-п. 
2. АОММ 962-қор., 1-тізбе., 228-іс, 17-п. 
3. АОММ 962-қор., 1-тізбе., 232-іс, 4-п. 
4. АОММ 962-қор., 1-тізбе., 235-іс, 11-п. 
5.  Аудан  мұғалімдерінің  август  кеңесінен // Коммунизм  нұры,  № 106 (6008), бейсенбі, 3 
сентябрь 1987 ж, 2-б. 

163 
 
6. Бектұрғанов А. Өмір талабы – оқу жəне тəрбие жұмысын жақсарту // Коммунизм нұры. – 
1987, № 103 (6005), 27 тамыз. – 3-б. 
7. Зықаев Ə. Ағарту қызметкерлерінің парызы // Коммунизм нұры. – 1987, № 18 (5920), 12 
ақпан. – 2-б. 
 
А.Н. Жайсаңбаева, 
Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистранты 
 
АБАЙ МҰРАСЫ – АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ 
 
Абай  мұрасы – адамзаттың  асыл  қазынасы,  қазақ  елінің  қасиетті  құндылығы. 
Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев айтқандай: «Абай өзінің халқымен мəңгі бірге жасайды. Ғасырлар 
бойы қазақ елін жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді» [1, 59-б.].  
Абайдың рухани мұрасын, оның ұлттық, əдеби, танымдық, тағылымдық мəнін ұғынуға 
талпыну – қазақ  мəдениетін  ғана  емес,  адам  жанын,  адам  болмысы  мен  табиғатын  тануға 
талпыну  деген  сөз.  Абайдың  рухани  нəр  алған  өзегі,  Абай  поэзиясының  ұлттық  сөз 
өнеріндегі алар орны – Абай жəне əлем əдебиеті. Өз заманының сөз ұғарлық, ой танырлық 
орта таппай, жұмбақ жанға айналған ол келер ұрпаққа үміт артып, «Жүрегімнің түбіне терең 
бойла»  деп  үн  қатты.  Сондықтан  да  кез-келген  халықтың  маңдайына  біте  бермейтін  сирек 
кездесер  ірі  де  күрделі  тұлғаның,  сан  қырлы  дарын  иесінің  жұмбақ  жанын  түсініп,  сырын 
ұғу, оның парасат-болмысын ұлт мəдениеті аясында кең танып білуге ұмтылу абайтанушы, 
əдебиеттанушы  ғалымдардың  ғана  міндеті  болмаса  керек.  Себебі  Абайды  тану – адамды 
тану,  ұлтты  тану,  өзіңді-өзің  тану.  Ал  өзін-өзі  тани  алмаған  халық  өзін  өзгеге  де  таныта 
алмайды. Ондай халықта келешек те жоқ.  
ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  ақындары  ішінен 
рауандаған таң жарығы сəулесін жая бастаған. Ол сəуле, ол игілікті нұр, шапағат шуағынан 
туған  дара,  дана  тұлға  Абай  еді.  Ұлы  ақын  қазақ  поэзиясының  өсіп,  гүлденіп,  жаңа  сапаға 
жетуі жолында орасан еңбек етті.  
Талант тұлғасы – тұл бойына тұнықтық біткен, тамыры тереңге жайылған, нұры мен əрі 
мəңгілік  кетпейтін  ұлы  тұлға.  Поэзия  алыбы  терең  ойға  толы  алуан  түрлі  өлеңдер  үлгісін 
қалдырды.  Абай  ақын  қазақ  халқының  неше  алуан  рухани  байлығын,  халық  мəдениетінің 
мұрасын бойына мол сіңіріп, сол байлықтың керектісін ақындық өнеріне арқау ете білді. Ол 
өз  халқының  асыл  қазынасын  пайдалана  отырып,  оған  жаңа  түр  енгізіп,  жаңа  бағыт  беріп, 
дамыған ағымға қосты. 
Абай  шығармаларының  тақырыбы  жан-жақты,  əлеуметтік  аясы  кең,  тəрбиелік-
тағылымдық  маңызы  зор.  Ол  өлеңдерінде  қазақ  халқының  əлеуметтік,  қоғамдық,  ұлттық 
эстетика  мəселелерін  арқау  етеді.  Абай  шығармаларынан  ақынның  қоғамдық-саяси 
көзқарасты  айқын  түсініп,  тарихи,  педагогикалық  жəне  құқықтық  мəселелерге  ерекше  мəн 
бергенін көруге болады.  
Ұлы  ақын  халқының  келешегін  ойлап,  адам  мінезіндегі  мақтаншақтық,  ойсыздық, 
күншілдік,  көрсеқызарлық  сияқты  жаман  əдеттерді,  ел  ішіндегі  ұрлық,  зорлықты, 
алауыздықты,  жатып  ішер  жалқаулықты  сынап,  жастарды  адал  еңбекке,  өнер-білімге, 
адамгершілік  қасиеттерді  бойға  сіңіруге  шақырады.  Абай  адам  мінезінің  қалыптасуы 
тəрбиеге, ортаға байланысты екенін көрсете білді. 
Абайдың  ақындық  жолы  мəдениет  пен  білімнің  қажеттілігін  терең  түсініп,  оны 
айналасындағыларға насихаттаумен, надандыққа қарсы күреске шақырудан басталады.  
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ержеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім [2, 114-б.], – деп басталатын ақынның  

164 
 
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» деген өлеңі – бұл тақырыпта жазған ең алғашқы 
туындысы. Өзі кезінде ғылымды зерттей алмағанына өкініш білдіріп, кейінгі ұрпақты білім 
алуға  шақырады.  Оны  «Ғылым  таппай  мақтанба», «Интернатта  оқып  жүр», «Ғылым 
таппа мақтанба», т.б. өлеңдерінде анық көрсетеді. 
Абай  қазақ  қоғамындағы  жас  ұрпақтарды  тəрбиелеуге  байланысты  ойларын  бірнеше 
өлеңдерінде («Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын», «Өзінен басқа ойы жоқ», «Жігіттер, 
ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. 
Абай өзінің жиырма бесінші қара сөзінде: «Балаларды оқытқан да жақсы. Орысша оқу 
керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста тұр.  Оның себебі олар дүниенің 
тілін білді. Сен оның тілін білсең, көкірек көзің ашылады. Əрбіреудің тілін, өнерін білген кісі 
оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Орыстың ғылымы, өнері – 
дүниенің  кілті,  оны  білгенге  дүние  арзанырақ  түседі», – дейді.  Ол  халықтың  артта 
қалушылығына, надандығына күйініп, орыс мəдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. 
Халқының  келешегін  ойлап  егілген,  сол  үшін  ұнамсыздықты  аямай  сынау  арқылы 
түзетуді ойлаған Абайдың жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Соның бірі – 
достық  мəселесі. «Жігіттер,  ойын  арзан,  күлкі  қымбат»  өлеңінде  ол  тіршілікте  өзі  көрген, 
халық  тəжірибесі  танытқан  шындықты  айта  отырып,  жастарды  шын  адамгершілік  жолына, 
қиянатсыз, адал достыққа үгіттейді. Оларды жалған татулық, бояма мінезден сақтандырады. 
Абай  үлкен  достықты  отбасылық  өмірден,  жастар  сезімінің  тұрақтылығынан,  əйелге 
адамгершілік,  əділет  тұрғысынан  қараудан  іздеді.  Ол  жастардың  адал  махаббаты  мен  шын 
достығын  уағыздады.  Ескі  əдет-ғұрып  заңдары  бойынша  өзі  бастан  кешкен  өмір  сабағына 
сүйене  отырып,  ол  шынайы  достық  сезімді  жоғары  қояды.  Жас  ұрпақты  ескі  тəрбиенің 
кертартпа жағынан жирендіріп, жаңа өнеге ұсынады. Бұл тұрғыдан оның «Өкінішті көп өмір 
кеткен  өтіп», «Кейде  есер  көңіл  құрғырың»  деген  өлеңдерінде  көрініс  тапқан.  Бұл 
өлеңдердің  лирикалық  кейіпкері – шын  достық  пен  махаббатын  таппай  күйзелген  жан.  Ол 
«сол досты» іздеп күңіренеді,жоқтайды. 
Махаббатсыз дүние бос, 
Хайуанға оны қосыңдар. 
…Пайда,мақтан – бəрі тұл, 
Доссыз ауыз тұшымас [2, 203-б.], – деген өлең жолдары – мазмұны  
жағынан  ақынның  ой  түйіні,  өсиеті  іспетті.  Бұл  өлеңдер  жас  ұрпақты  ақын  аңсаған 
достыққа, махаббатқа үгіттейді. 
Данышпан  Абай  өз  шығармаларында:«Ісім  өнсін  десең,  ретін  тап»,-  деп  кəсіпкерлік 
туралы  да  айтқан.  Кəсіпкерлікке  еңбекті  насихаттау  мақсатында  көңіл  бөлген.  Абайдың 
арманы – қазақ халқын бай елдердің қатарында көріп, малды адал жолмен тауып баю, басқа 
біреуге тəуелсіз болу. Бүгінгі кезде еліміз бəсекеге қабілетті елу елдің қатарынан орын алса – 
Абайдың  арманы  орындалғаны.  Ақынның  келесі  ойларын  бүгінгі  күні  кəсіптік  заманы 
кезіндегі адамға ұсынуға болады: 
1. Өз-өзіңе есеп беріп тұруды ескер; 
2. Дамыған елдің тəжірибесін меңгер; 
3. Мал табам десең, арланба; 
4. Ақыл мен еңбекті тең ұста [3, 63-б.]. 
Абайдың  шығармашылығында  адам  мəселесі  ерекше  орынға  ие.  «Адам  бол!»  деген 
сөзді  ту  етіп  көтерген.  Ақынның  өлеңдерінде  жиі  кездесетін  сөздер:  «адам  болу», «жарым 
адам», «адамшылық» жəне т.б. Абай психолог ретінде адамның рухани байлығын, адамдық 
қасиеттерін,  элеуметтік  этика,  қоғамды  көркейтуге  жол  көрсеткен.  Оның  ойынша,  əр  адам 
арлы,  адамгершілік  қасиеттері  жоғары,  сабырлы,  ұят  пен  қанағатты  білетін,  иманды,  игі 
жүректі болу керек. 

165 
 
Абай: «Адамды нағыз адам қылатыны – сезім, ой, рух, білім, өнер, адамгершілік, сана, 
əрекет» [4, 35-б.], – дейді. Осылардың бəрі болса, адам өз-өзімен табыстырады, өзін өзгемен 
жарастырады, қала берсе, халық игілігіне сай келтіреді. 
Дана  Абай  білім  алу  саласына  да  өз  көзқарасын  болашақ  ұрпаққа  үлгі  болсын  деп, 
білімнің  екі  түрі  болады  деген  ұғымын  берген.  Білімнің  біріншісі – материалдық  түрі; 
екіншісі – рухани.  Материалдық  білімге  табиғатты  зерттейтін  барлық  ғалымдар,  оның 
ішінде, қоғамдық қатынастар жөніндегі көпшілік білімдер жатады. Рухани білімге табиғатты 
жəне олардың арасындағы қарым-қатынасты қамтиды. Метериалдық білім – рухани білімнің 
бір  бөлігі,  сондықтан  рухани  білім  материалдық  білімді  қамтиды.  Бұл – Абайдың  өзінің 
зерттеген ұғымдары. 
Абайдың айтуы бойынша, білім алу əдістері де үшке бөлінеді: 
1) білім алу сезімдері арқылы; 
2) көріп-білген нəрселерді логикамен саралап білім алу; 
3) басқа біреуден есту арқылы. 
Қазақ  халқының  мақтанышы,  ұлы  ақыны,  кемеңгері,  дана  əрі  дара  тұлғасы  Абай 
Құнанбаевтың  ақындығы  түпсіз  терең  мұхитпен  тең.  Ғажайып  суреткер,  нəзік  лирик, 
көркемсөз шебері, ең алдымен, қазақ ойшылы. Бұл пікір ақынның өмір құбылыстарын терең 
толғап айту жағы басым келетін өлеңдеріне, философиялық дүниетанымына жəне оның қара 
сөздеріне,  əсіресе,  дінге,  Алланың  болмысы,  имандылық  туралы  толғаныстарына  қатысты. 
Ақын  шығармашылығында  өзі  өмір  сүрген  тарихи  дəуірдің  тұтас  бейнесі  көрініс  тапты. 
«Абай поэзиясы қоғам дамуындағы бір елеулі кезеңді бейнелеу арқылы халықтың тағдырын, 
ұлттың мінез-құлқын тарихи тұрғыдан кең арнада алып, қоғам көшінің жеткен жерін ғана 
емес, өткен жолын да танытарлықтай етіп көрсете білді», - деген академик З.Ахметовтың 
пікірі  Абай  поэзиясына  берілген  əділ  баға.  Адамды  сүйіп,  адамды  құрметтеуге  үндеген 
кемеңгер  ақын  поэзиясының  түпкі  негізі – адам,  толық  адам.  Абай  армандаған  толық  адам 
өнерлі, білімді, еңбекқор, адал, əділ, жылы жүректі, ыстық қайратты ғылым жолына түскен 
іздемпаз болуы керек. Ал махаббат пен сүю, адамды сүю, Алланы сүю, əділетті сүю – Абай 
шығармаларының биік мұраты. 
«Ұлы  Абайдың  шығармашылық  мұрасы – халқымыздың  ғасырлар  бойы  маңызын 
жоймайтын  рухани  қазынасы.  Маңызын  жоймау  былай  тұрсын,  заман  өзгеріп,  қоғамдық 
санада  күрт  сапырылыстар  пайда  болған  сайын  бұл  қазына  өзінің  жаңа  бір  қырларымен 
жарқырай  ашылып,  қадірін  арттыра  түсетініне  Абайдан  кейінгі  уақыт  айқын  көз 
жеткізді.  Ақынның  дүниеге  келгеніне  бір  жарым  ғасырдан  асты,  ал  өзінің  мəңгі  өлмес 
шығармаларымен  халқына  сөздің  ұлы  мағынасында  ұстаздық  ете  бастағанына  ғасырдан 
астам уақыт өтті. Содан бері оның артына қалдырып кеткен мұрасы елі мен жұртының 
рухани  өміріндегі қай бұрылыстар мен қай құбылыстар тұсында да айнымас  темірқазық, 
адастырмас  құбыланама  болып  қызмет  етіп  келеді.  Бұл  күнде  Абай  сөзі  əр  қазақтың 
ағзасына  ана  сүтімен  бірге  дариды  десе,  артық  айтылғандық  емес.  Ана  сүті  тəн  қорегі 
ретінде  жас  сəбидің  буыны  бекіп,  бұғанасы  қатаюына  қызмет  етсе,  ақын  сөзі  оның 
санасына адамдық пен азаматтықтың ұрығын сеуіп қызмет етеді»,- деп, Ж.Ысмағұлов та 
жоғары баға берген [5, 101-б.]. 
Абай  шығармашылығы  уақыт  озған  сайын  заман  талабына  сай  əр  қырынан  өсіп, 
өркендеп отыратын асыл мұра болып ұрпақтар санасынан орын алары анық. 
Біздер,  оқытушылар  қауымы,  осы  ұлы  Абайдың  мұрасын  үнемі  есімізде  сақтап,  жас 
ұрпақты тəрбиелеудеміз. Абайдың мұрасы мəңгілік! 
 
Пайдаланылған əдебиеттер: 
1. Абдрахманова А. Абай – дана ақын // Ұлағат – Алматы, 2007, № 6. – Б. 123. 
2. Абай. Шығармаларының бір томдық толық жинағы. – Алматы, 1995. – 267 б. 

166 
 
3. Ахмерова Е. «Абай жəне бизнес» // Ұлағат – Алматы, 2008, № 3. – Б. 98. 
4. Сыздық Р. «Абайдың сөз өрнегі». – Алматы: Санат, 1995. – 122 б. 
5. Омаров Д. Абайтану. – Алматы: Білім алу, 2002. – 155 б. 
 
А. Шеризат, 
Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің магистранты 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет