Тәрбие әдістері туралы ұғым. Тәрбие әдістеріне сипаттама, жіктеу.
Тәрбие әдісі дегеніміз оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталаған, жеке тұлғаның ойларын, сезімдерін, қажеттіліктерін туғызып, оны белгілі бір іс - әрекетке итермелейтін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбиешінің іс - әрекеті – оқу – тәрбие процесін басқару, мақсат қою, диагностика, жоспарлау. Тәрбиеленушінің іс - әрекеті тәрбиешіден білім алу, дүние жөнінде көзқарасын білдіру, шығармашылықпен жұмыс істеу. Педагогикалық шеберлік шыңы - әдістерді жобалау, таңдау, дұрыс қолдану.
Тәрбие тәсiлдерi дегенiмiз әдiстiң құрамдас бөлігі, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілдері нұсқау, көрсету, машықтандыру,тапсырма т.б.
Тәрбие құралдарыдегенiмiз оқушының адамдық қасиеттерiн қалыптастыратын, мұғалiм мен баланың санасына тәуелсiз материалдар. Тәрбие құралдары: iс-әрекет түрлерi (ойын, еңбек); заттар (ойыншықтар, электронды есептегiш машиналар); рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмiр); бұқаралық ақпарат құралдары;
Т. Е. Конникова, Г. И. Щукина) тәрбие әдістерін үш топқа бөледі. Бірінші топ- тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез – құлқындағы жағымды тәжірибені қалыптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтыру, арнайы тәрбиелік ситуация.
Талап – мінез-құлық нормасының көрнісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы – бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу – басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату.
Қоғамдық пікір – бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап – нақты міндет, оны іс- әрекеті, процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі – бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субектісі, педагогктың тірегі.
Үйрету, жаттықтыру – бұл мінез –құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т.б.
Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайлылық (инабатылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.
Жаттықтыру әдісі – бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің ұжымының мүдесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез – келеген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді.
Арнайы тәрбиелік ситуация жеке адамның жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалаыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиенушілер арасындағы қарым – қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері. Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме; пікірталас, өнеге.
Әңгіме – бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қортынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді.
Пікірталас – бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және сұрақтары күні бұрың хабарландырылады.
Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда, ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың соңында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.
Өнеге- мұғалiм оқушыларға әдебиеттегi және өмiрдегi түрлi кейiпкерлердi үлгi еткенде оқушы өзiнiң iшкi жан дүниесiне үңiле бастайды. Бала басқа адамға елiктегiш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға елiктейдi. Жеткiншектер өздерi таңдаған адамдарына елiктейдi.
Үшінші топ – мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбиесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады.
Мадақтау – бұл баланың жағымды мінез – құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан бала мен – мендік тәкапарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.
Жазалау – бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез-құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жеке адамның абройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды.
процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.
Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді.
Барлық тәрбие әдістері бір – бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Барлық тәрбие әдістері бір – бірін толықтырады. әдістердің бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етеді, балалардың білімін, іскерлігін және дағдысын тереңдетеді; қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады; жалпы мәдениетін, ой өрісін кеңейтеді.