Тәрбие мақсатты процесс



Дата13.10.2022
өлшемі22,57 Kb.
#42851

Stud.kz – қазақ тілінде жазылған жұмыстар саны және сапасы бойынша біздің қор №1 болып табылады




Тәрбие мақсатты процесс
Жеке тұлға қалыптастыруда тәрбиенің алатын орны мен бағыттары
Қазіргі кезеңде білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттері өзгерді, жаңа бағыт алды. Адамгершілік пен имандылыққа, ізгілік пен еркіндікке негізделген жан – жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру қажеттілігін өмірдің өзі туғызып отыр. Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз (М. Жұмабаев).
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның, ұжымның, мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл – ой, ерік – жігер, мінез – құлық ерекшелігімен көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтық қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Адамдар тұлға болып, өзіндік жеке бас ерекшелігімен бірден дүниеге келмейді. Әрбір жеке тұлғаны қалыптастыру, тәрбиелеп жетілдіру қажет.
Жеке тұлға өзіне тән мінез – құлқындағы, іс – әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен дараланады.
Қоғамдық тұлғаларға ортақ этикалық бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой – пікірінің, көзқарасының болуы, олардың өзі көріп білген құбылысқа деген көзқарасын, ой – пікірін білдіруі заңды құбылыс. Мәселен, біреулер айналасындағы құбылысқа таңдана, тамашалай қараса, енді біреулер сын көзімен қарап, ой қорытуы, сын – пікірлер айтуы мүмкін.
Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық, психологиялық, биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Жеке бастың бұл ерекшеліктері адамдардың басқалармен ұжымдық қарым – қатынасында байқалады.
Сонымен бірге, адамның өмірде үздіксіз тәрбие құшағында болатынын, бұрынғы игерген білім, білік, дағдылары біртіндеп көмескіленіп, оның орнына жаңа білім, білік, дағдыларды меңгерумен шұғылданатынын ескеруге де тура келеді. Жеке тұлғаның ой - санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы, белгілі құбылыстарға баға беруіңде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып отыруы заңды құбылыс. Бұған қоса, әлеуметтік ортаның, отбасы мүшелерінің, жолдас – жораларының, таныстары мен достарының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ескерсек, жеке тұлғаның ерекшелігінің басым болуына оның да ықпалының зор болатынын байқалады.
Бүгінгі күнгі ең маңызды мәселелердің бірі – болашақ жастарды қандай идеологиялық негізде тәрбиелейміз, оның адамгершілік саналары мен әлеуметтік бағдары қандай болмақ деген сұрақтарға жауап іздеп, оның жолдары мен әдіс – тәсілдерін таңдау.
Қазіргі таңдағы колледж өміріндегі маңызды міндеттердің бірі тұтас педагогикалық үрдіс құру болып табылады. Оның негізгі құрамдас бір бөлігі – тәрбие. Тәрбие ісімен айналыспас бұрын алдымен оның мазмұнын анықтап алу қажет.
Елбасымыз Н. Ә Назарбаев: Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде, оларға жастайынан имандылық пен ұлттық қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат өсіре аламыз деген болатын. Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
Осыған орай колледжіміздің білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуде алдына қойған мақсаттарының бірі – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және болашақ мамандық иесі болып мамандығын жан – жақты игеруі үшін қажетті жағдайлар жасау, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, денсаулығын нығайту жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт – бағдар беру сияқты құқтарын іске асыру болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін колледждің педагогикалық ұжымы алдына бірқатар міндеттер қойып және оны жүзеге асыруда.
Тәрбие жұмысы сегіз бағытта жүргізіледі:
Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие; Рухани – адамгершілік тәрбие; Ұлттық тәрбие; Отбасы тәрбиесі: Еңбек экономикалық және экологиялық тәрбие; Көпмәдениетті және көркем эстетикалық тәрбие; Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі; Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Яғни, білім беру ұйымдарында денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін, азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға, жастардың бойында экстремизм мен түрлі радикалды ағымдарға қарсы әрекет ете алатын дағдылар, отбасылық тәрбие жүйесін жандандыру және отбасын колледждегі тәрбие жүйесіне араластыру болып табылады.
Тәрбие жүйесінің барлық қызметі студенттер білім алу барысында студент тілегіне сай келетін, жеке сапаларын дамыту мүмкіндігіне бағытталған.
Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу студент бойындағы талант көзін ашып, тілін байытуға, қиялын ұштауға, әрбір студентті толық зерттеуге өз әсерін тигізеді.
Студенттермен колледжге келген алғашқы күндері мен аптасында жүргізілген қарқынды, педагогикалық маңызды жұмыстардың мәні ерекше: нақты осы кезде оларда қолайлы орта туғызып, оларға жаңалық көрінетін педагогикалық ұжым тарапынан мақсатқа бағытталған мотивация, колледждегі қарым – қатынас стилі, оқу еңбегіне деген жоғары мәдени көзқарастарға мейлінше қатты көрініс табады.
Колледжде тұлғаның түрлі қызметтер саласында өзін - өзі көрсетулері үшін жағымды жақсы жағдайлар құрылған. Колледжде студенттер үшін дәстүрлі түрде студенттер күні, мұғалімдер күні және т. б. іс - шаралар өткізіледі және түрлі үйірмелер жұмыс жасайды.
Колледж жанынан ұйымдастырылған КВН командасы аудандық жастар ресурстары орталығының ұйымдастыруымен өткен аудандық лига қатынасып жүр.
Құқық қорғау ұйымдарымен бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Заң бұзушылықтың алдын алу мен құқықтық тәрбие жөнінде ата - аналар жиналысы, заң қорғау ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу негізгі жұмыс түрлері болып табылады.
Бүгінде колледжге бөлінген жасөсіпірімдер инспекторы студенттермен тығыз байланыста.
Спорттың негізгі түрлері бойынша колледжі студенттері арасында жыл сайын спартакиада өткізіледі.
Ағымдағы оқу жылында баскетбол, волейбол, кіші аяқ добы, арқан тарту бойынша жарыстар өткізілді.
Жыл сайын өткізілген аудандық Жігіт сұлтаны сайысына қатынасқан колледж студенттері жүлделі орындар иеленсе, Атырау қаласында ҚР - ның халық жазушысы Әбіш Кекілбайдың құрметіне өткен облыстық Әбіш Кекілбай оқуларында Закария Бекарыс Бас жүлдені жеңіп алды.
Жастардың ислам дініне оң көзқарасын қалыптастыру, соңғы кезде елімізде етек жайған теріс ағымдардың алдын алу мақсатында бас имамы Амантұрлы Бисенғалимен кездесу өткізіледі.
Колледждегі тәрбие жұмысы нәтижелі мақсатқа құрылған тәртіппен жұмыс атқарғанда ұлтжанды, іскер, жігерлі тұлға қалыптасады.
Қазіргі қоғамымызда болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әр ұстаз өз шеберлігін оқу – тәрбие үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны жетік меңгерумен қатар шығармашылықпен жұмыс жүргізуге тиіс. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, жасөспірім де тәрбиені қабылдауға солай бейім. “Ел боламын десең, бесігіңді түзе” – деп заманымыздың заңғар жазушысы М. Әуезов айтқандай, ел болашағы - жасөспірімдердің саналы да өнегелі тәрбиесіне тікелей байланысты. Осы қағиданы, ережелерді жүзеге асырғанда біз болашағымызға зор сеніммен қараймыз.
Атырау облысы Қызылқоға аграрлы –
техникалық колледжінің тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары
Қасымов Шалқар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет