«Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!» Жоспары



бет1/28
Дата13.02.2023
өлшемі2,44 Mb.
#67522
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
кыз еркем


«Қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Тақырыбы: «Қыз – еркем, қылығымен көркем!»
Жоспары:
І. Ашылу салтанаты
ІІ. Жүргізушінің құттықтау сөзі
ІІІ. Мерекелік сайыстың өтуі
ІV. Марапаттау, жеңімпазды анықтау

  • Қорытынды

Мақсаты:
Мейірімділікке, қамқорлыққа тәрбиелеу. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету. Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлап, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Шарты:

  • Таныстыру.

  • Үй тапсырмасы.

  • Өз өнерін көрсету.

  • Сән үлгісі.

Фанфары 
Жүргізуші: Құрметті, қонақтар, сүйікті балалар, қымбатты аналар! Бүгінгі көктемнің алғашқы мерекесінде осы әсем залға қымбатты аналарымыздың мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. 
Наурыз күні – Ана күні, әлем күні
Әлемді тебірендірер ана үні.
Анасыз жан туған жоқ жер бетінде
Ұғып ал, бөбектерім, сендер мұны.
Дүниеде ең кемеңгер дананы,
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы, - дей отырып, қымбатты
аналар, гүлдей жайнаған айдай әсем, ару қыздар! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бала дүниеге келгеннен жылы жүзін, ыстық құшағын, сүйіспеншілігін, махаббатын бере білген жалғыз жан – Ана! Ендеше, балалардың анасына айтар жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

  • Қанеки, балалар, осы тақпақтарымызды әнмен өрнектейікші?!

Хор:«Ән айтамыз анаға!»
Жүргізуші: Гүлмен келсін келер күн
Бала бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі
Көркі, сәні әлемнің.

  • Құрметті қонақтар, бағым да, барым да, базарым да, болашағым дейтін, баласы күлсе күліп, жыласа қосылып жылайтын ару аналарымыз

  • бүгін қыздарымен бірге сайысқа түсіп отыр. Қанекей, құрметпен ортаға шақырайық.

(сайыскерлер вальс әуенімен ортаға шығады)
Төрт турдан тұратын байқау шарттарымен таныс болыңыздар:

  • таныстыру (эмблема, девиз киімі)

  • үй тапсырмасы (тағам түрлері)

  • өз өнерін көрсету (ән, би, көркем сөз)

  • сән үлгісі (қалдық материал)

 Жүргізуші: Бізді өнермен өрендер таныстырсын,
Көңілсіз күннен дәйім алыс қылсын.
Қол соғып, қолдап бірге отырыңыз
Ару қыздар өздерін таныстырсын,- деп, таныстыруға аруларымызды кезекпен ортаға шақырайық.
Би дегенің – әдемілік жайнаған
Сұлулық пен сәнге толар айналаң.
Би дегенің – сұлулықтың символы деп,
Санайды екен, балайды екен ойлы адам!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет