Тәрбие сағатының тақырыбы: «Мың алғыс саған –Анашым!» Мақсаты : Оқушылардың «сыйластық»



бет2/3
Дата06.09.2022
өлшемі27,01 Kb.
#38540
1   2   3
1-жүргізуші:
Бүгінгі күн — нұрлы күн,
Жарық шашқан әлемге.
Ескеретін күн бүгін
- Ризашылық қой әр елде- дей келе, енді 4- сынып оқушыларының алғыс өлеңдеріне кезек берелік.

Асылбек Еңсеповтың «Детство» күйі қосылып тұрады. Сахнаның сыртынан Мұқағали Мақатаевтың «Ана» атты өлеңі оқылады


Ана
Сен бақыттысың,


Жыламағын!
Жай түсіп жатқанда да құламадың
Тәңіріңнен мен едім ғой сұрағаның
Сондықтан жыламағын, жыламағын!

Бармын ғой


Тірімін ғой,
Қасыңдамын.
Өлмеймін, мен өзіңдей асылданмын.
Таусылып, өз-өзіңнен шашылмағын,
Байырғы берекеңді қашырмағын.

Мен сенің қанықпын ғой көз жасыңа


Өзім кепіл тот басып, тозбасыма.
Екі жыр жазсам саған бірін арнап
«Ана» деп жаздым ылғи сөз басына.

Тәңірім кеше көрсін кесірімді


Аспанға жазсам сенің есіміңді!!!
Ана,
Сен бақыттысың, тербете бер
Құба талдан иілген бесігімді…


2. «Қызықты сұрақтар» ойыны. Сұрақтар қойылады тез жауап берулеріңіз керек
1. Балаңыздың туған күні?
2. Сынып жетекшінің толық аты-жөні?
3. Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?
4. Балаңыз қандай өлшемде аяқ киім киеді?
5. Балаңыздың досы кім?
6. Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?
7. Балаңыздың бірінші тісі қанша айында шықты?
8. Балаңыздың сүйікті асы қандай?
9. Балаңыз сізді ренжіткенде, ең алдымен, қандай сөз аузыңызға түседі?


3.«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы балалар аналарын тауып алулары керек.
Талдау:
1.Анаңды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?


4.«Біз бақытты жанұямыз!»
Алдын-ала салынған суреттер арқылы өз балаларыңыздың салған суреттерін тауып алыңыздар.
Талдау:
1. Өз отбасыңыздың суретін қалай таптыңыз?
2. Өз отбасыңызды табу қиын болды ма?
3.Суреттерден отбасыңыздың суретін тапқаннан кейін қандай сезімде болдыңыз?
1-жүргізуші:
Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
Әрқашан ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
Сонда біз кісілікке теңесеміз,-дей отырып ұл-қыздарыңыз жүрекжарды тілектерін ұсынады.


1-оқушы: Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,
Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар.
2-оқушы: Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар -
Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар.
Маздататын, жүректе от лаулататын,
Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.
3-оқушы: Өр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Төр десек те сіздерді — лайықсыздар.
Ер десек те сіздерді — лайықсыздар.
Зор десек те сіздерді — лайықсыздар.
4-оқушы: Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
5-оқушы
Аямай бар ғұмырын баласынан,
Төрт бөліп түн ұйқысын таң атырған
Есейіп ер жетсеңде бұл өмірде
Анаңдай таба алмассың жанашыр жан !


2-жүргізуші: 
Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, – деп, Абай атамыз айтқандай қыздардың орындауындағы «Аяулы анашым» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті би жарысқа береміз
5. «Би» жарыс
Шарты:Ортаға анасы мен баласынан құралған 4 жұп шығады, жерге газет төселіп соның үстіне тұрып музыка әуенімен билеу қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет