Теректі негізгі мектебінің
мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары Г.Қазыбаеваға
5-6 сыныптар жетекшісі І.Б.Омаровадан
ХАБАРЛАМА
2021-2022 оқу жылының 4 тоқсанын 5- сыныпты 3 оқушы, 6-сыныпты 5 оқушы бастады. Оның ішінде 4 ұл бала, 4 қыз бала. Оқушы қозғалысы болған жоқ. 4 тоқсан қорытындысы бойынша озат оқушы саны – 3 (5-сыныпта -1, 6-сыныпта-2), екпінді оқушылар саны –1 (6-сынып) , оқу үлгерушілер саны – 4 (5-сыныпта -2, 6-сыныпта 2). Оқу жылының басында сынып белсенділері сайланып, жауапты жұмыстары бекітілді. Сыныптың тәрбие жоспары уақытылы құрылып, тәрбие сағаттары жоспар бойынша өткізілді.
Сәуір айының 4-і күні «Өз құқығынды білесің бе?»«Құқықтық мәдениет» жобасы аясындасынып сағаты өткізілді. Мақсаты:- Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік , ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушылар топқа бөлініп суреттер бойынша әңгімелеу, құқық туралы білімдерін толықтырды.
Сәуір айының 11-і күні «Өз жеріңді таны»атты сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: - балалардың туған жерді аялау, табиғатты қорғау азаматтық сезімін қалыптастыру. Оқушылар өзінің тұратын жері туралы ақпарат жинап, қасиетті жерлері мен өзен-көлдері, таулары туралы мәлімет жинақтады.
Сәуір айының 18-і күні «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: - Оқушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті қалыптастыру. Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 30 жетістігімен таныстыра отырып, талдау жасалды.
Сәуір айының 25-і күні «Менің өмірім, менің болашағым»тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:- Баланың бойында жеке «Мен» сөзіне ұстамды болуға тәрбиелеу. Оқушылар өздерінің болашақта өмірін сипаттап, қиялдарына ерік берді. Жақсы тілектерін айтып, бір-бірлеріне сәттілік тіледі.
Мамыр айының 2-сі күні