Терминологиясы


-ым, -ім:  басылым,  қойылым,  айналым,  сұранымдар,  жайылым, кешірім, келісім, шешім, тұжырым;  -дама, -деме



Pdf көрінісі
бет16/22
Дата05.02.2017
өлшемі1,84 Mb.
#3429
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

-ым, -ім:  басылым,  қойылым,  айналым,  сұранымдар, 
жайылым, кешірім, келісім, шешім, тұжырым; 
-дама, -деме:  бағдарлама,  тұжырымдама  негізінде 
мақсатнама, мұратнама, баяндама, мазмұндама, мінездеме, 
кепілдеме, хабарлама негізінде; 
-ыс, -іс:  айналыс,  көрініс,  беріліс,  сұраныс,  тапсырыс, 
байланыс,  жеңіс,  жиналыс,  жарылыс  негізінде  жасалып 
отыр. 
Сөзжасамның  тағы  бір  түрі – қолданыстағы  сөздерге 
қосымша,  үстеме  қызмет  беруден  байқалды.  Мұны 
семантикалық  жүктеме  деуге  де  болады.  Мəселен,  кейінгі 
кезде  жиі  қолданыла  бастаған  «зейнеткер», «зейнетақы» 
деген  сөздер  қайдан  шықты.  Бұл  пенсионер,  пенсия  деген 
терминдердің  баламасы  ретінде  алынған,  өзімізге  ерте-
ден  етене  таныс,  тіпті  «бейнет,  бейнет  түбі – зейнет»  де-
ген мақалға да сіңген байырғы сөздер. Мұның түп-төркінін 
іздейтін  болсақ,  əріге  араб,  парсы  тілдеріне  тереңдейміз. 
Н.  Оңдасынов,  Е.  Бекмаханбетов,  Л.  Рүстемов  сөздіктеріне 
үңілсек  зейнет  сөзінің  мағынасы  рахат  (наслаждение, 
блаженство)  дегенді  білдіреді  екен.  Ал  «қаріп-қасерлерге 

296
берілетін  жəрдем,  төлем»  деген  мағынаны  беретін  латын 
сөзі – пенсия  əрине  рахаттан  алшақтау.  Алайда  еңбек  етіп 
бейнеттенген  адамның  зейнетін  көруі  ақиқат  екені  жұртқа 
аян. Пенсияға дөп келетін балама іздеу барысында зейнеттің 
осы бір мағынасын қатты ұстанып, зейнетақы (жəрдемақы 
ғой  бір  қарағанда)  деген  нақты  термин  жасалған.  Осын-
дай  ізденістер  мен  əрекеттер  нəтижесінде  талай  сөздеріміз 
терминдік мəнге көшкені мəлім. 
Терминжасам  мəселесінде  қазақ  тілінің  мүмкіндігін 
пайдаланудың тағы бір жолы – калькалау тəсілінен көрінеді. 
Мұның ғылыми əлемде төрт түрі белгілі. Біздің материалы-
мызда да сол қалыптасқан қағидаға итермелейді. Соны еске 
алсақ: 
1) Лексикалық калька немесе мұны кейде балама-калька-
лар деп жүрміз: екпінді – ударник, кеңес – совет, жарыс – со-
ревнование, шарт  – договор;
2) Мағыналық калька, яғни түп сөздің негізгі мағынасын 
беру: қызыл бұрыш – красный уголок, еңбеккүн – трудодень, 
қайта құру – перестройка, маскүнем елесі – белая горячка, 
денеқызуы – температура. 
3)  Морфологиялық  калька:  таптастыру  –  классифика-
ция, келісім – соглашение, қарынша – желудочек. 
4)  Аналиткалық  калька:  бейнежазба  –  видеозапись, 
агроөнеркəсіп – агропромышленность, радиоқабылдағыш – 
радиоприемник,  бейнетаспа  –  видеолента,  шағынаудан  – 
микрорайон.  Мұның  бəрі  терминденуге  бейім  тұрған  өз 
байлығымызды сарқа пайдалану принципіне жатады. 
Əңгіме  терминжасам  принципіне  ойысқан  соң,  мына 
мəселелерді де қаузай кетуге тура келеді. 
Мəселен, туыс түркі тілдерінен сөз алу принципі жөнінде. 
Бұл – күні  бүгінге  дейін  еленбей,  ескерілмей  келе  жатқан 
туыс  тілдер  үшін  аса  қажет  принциптердің  бірі.  Ойлап 
қарасақ, өзара туыс отыз шақты түркі тілі, егер бір-бірімен 
қатынасын  үзбей,  бірінің  сөздік  қорына  екіншісі  үңіліп 
отырған болса, əсіресе терминологиялық жүйені түзер тұста, 

297
өзінде  жоқтың  көбін  өзді-өзінен  тапқан  болар  еді.  Біздің 
білетініміз, осылайша жақындаса түсудің орнына, алшақтай 
берген,  аластай  берген.  Бұл  ненің  салдары  екені  зиялы 
қауымға аян. 
Түркі тілдері үшін мұндай жатбауырлық тарихи қасіретке 
айналып кете жаздағаны мəлім. Бірінде жоқты бірінен алып 
өзара байи, сөйтіп біртіндеп жақындаса, жанаса түсудің орны-
на туыстығы əлдеқайда алшақ тілдерден интернационалдық 
терминдерді еншілеумен өзінің табиғи болмысынан айыры-
лып қала жаздады емес пе?! 
Егер,  əу  бастан-ақ  терминологиялық  жүйе  осы  ыңғайда 
қалыптасқанда,  туыс  тілдер  үшін  ортақ  принциптерді 
айқындауға  болатын  еді  деп  ойлаймыз.  Сонда  да  терми-
нологияда  ортақтық  сипат  бар  деп  есептеледі.  Бірақ  бұл 
ортақтықтың бұл тілдердің ішкі табиғатынан емес, сырттан 
келтірілген  ортақтық.  Яғни  терминологиялық  принциптер 
тек орыс жəне интернационалдық терминдерден байқалады. 
Сөйтіп  орыс  тілі  арқылы  таралған  термин  сөздерді  əр  тіл 
өзінше  алып  жатты.  Ал  ұлттық,  туыстық  негіздегі  ортақ 
принцип жөнінде ешкімнің жұмысы болған жоқ. 
Əйтсе  де  ғылым  тілін  қалыптастыру  мəселесінде  туыс 
тілдер ғалымдарының аракідік бас қосып, ой-пікірін ортаға 
салып  отыруына  болар  еді.  Мұндай  əрекеттер  болды  да. 
Бірақ,  бір  өкініштісі,  мұндай  жиындар  болуын  болғанмен, 
пікір шындығы ылғи да белең ала қоймаған. Көбінің батылы 
бармаған,  барғандарының  басы  кеткен,  қалғандары  бұғып 
қалған.  Құдайға  шүкір,  енді  бұрынғымыздың  бəрін  дерлік 
əділеттің  көзімен  биік  саналылық,  біліктілік  тұрғысынан 
қарастырар, қайта қарар күн туды. 
Өзара тəжірибе алмасу, тіл байлығымызға үңілудің пай-
дадан  басқа  зияны  жоқ.  Əсіресе  терминология  саласында 
ортақтасар ойлар жеткілікті. 
Түркі  тілдері  қаншама  жеке-дара  дамып  келді  десек 
те,  байырғы  ортақ  түбірлер  (Ə.  Қайдар)  сақталып  қалған. 
Бұлар  бəріне  бірдей  ортақ  байлық.  Міне,  осы  негіздің  өзі-

298
ақ  терминологтарға  мол  материал  бермей  ме?!  Сонымен 
бірге  жазуы  ертерек  дамыған  тілдерде  терминдік  жүйенің 
де ертерек қалыптасқаны мəлім. Біздің бұл заңдылықпен де 
есептеспеуге  хақымыз  жоқ.  Тағы  бір  ескеретін  нəрсе  мы-
нау. Түркі тілдері бұрынғы Одақтың барлық тілдері сияқты 
едəуір дамыды. Осы жеке-жеке даму, өзінше өріс табу бары-
сында, өзінше тəжірибе арттырды. Бұл процестің жүруінде 
бірінен-бірі артық-кем түсіп жататын тұстары болады. Міне 
сондықтан  да,  бұл  туыс  тілдердің  бір-біріне  үнемі  үңіліп, 
тəжірибе алмасып отыру қажет. Даму дегеніңіздің де (яғни 
ілгерілеу), ортақтастық дегеніңіздің де бір сыры сонда ашы-
лады. 
Мысалы,  қазақ  тілінен  де,  басқа  тілдерден  де  алынар 
үлгі  жоқ  емес.  Тағдырлас  елдер  тілдері  тарихи  орналасу 
тағдырына орай əрқилы заңдылықтармен дамиды. Қазақстан 
жағдайында  біздің  тілімізге  əуелгі  кезде  көптеген  орыс 
интернационалдық терминдер енді. Осы жағдайды бір кезде 
қытай  қазақтары  да  қабылдап,  тілге  ендірген  еді.  Ал  қазір 
олар керісінше əлгі терминдердің көбін аластап, оның орны-
на қытай (ханзу) тілінен сөз алу принципіне көше бастаған 
сыңайлы.  Сонымен  бірге  олар  барлық  терминді  аударып 
алып отырған қытай тілінің үлгісімен, көптеген терминдерді 
калькалау  жолымен  аударып  алған.  Мысалы,  үналғы  (ви-
деомагнитофон), сыналғы (видеокамера), мұзсандық (моро-
зильник),  шаңалғы  (пылесос).  Бұл  терминжасамның  өнімді 
тəсіліне айналған тəрізді. Мұндай үлгіні қабылдауға болады. 
Мұндай əрекеттер бізде де белең ала бастады. 
Орыс тілінің ықпалына ешқашан душар болмаған Түркия 
түріктерінің сөзжасам тəжірибелерінде де үлгі алар үрдіс бар. 
Бұлар қайсыбір терминдерді жасау, қабылдауда бірен-саран 
(лагеркамп,  ракета-фишек,  жəрмеңке-фуар,  щетка-фир-
ча)  Еуропа  тілдерінің  элементтері  кездескенмен,  негізінен 
өз  тілінің  байлығын  қамтуға  қатты  көңіл  бөлінетін  тəрізді. 
Мысалы,  түріктер  аэропортты  хавааланы,  самолетті  учақ, 
спонсорды сөзжу, магнитофонды касетсалар, компьютерді 

299
білгісалар, Президентті жумхурбақаны, примьер-министрді 
башбақан,  парламентті  мəжіліс,  мороженыйды  дондурма, 
автомашинаны  араба,  транспортты  ұластырма,  студентті 
өргенчі, масштабты өлчу деп алған. 
Қазақ  тілінде  университет,  экономика,  факультет, 
теория,  спорт,  кадр,  музей,  физика  деп  қабылданған  ин-
тертерминдер,  түрікше  де  ауызекі  тілдегі  айтылу  ыңғайы 
сақталып, ықшамданып алынған екен: факульте, универси-
те, теории, економи, спор, физик, музе, кадро т.б. Ал ауда-
рылып  алынған  мəдениет,  дүкен  деген  тəрізділер  түрікше 
аударылмай,  əлгіндегідей  ықшамды  түрге  көшкен  (култур, 
магаза).  Ал  көптеген  интертерминдер  екі  тілде  екі  түрлі 
аударылған. Мысалы, выставка: түр. сергі, каз. көрме, Вер-
ховный Совет: түр. даныштай, қаз. Жоғарғы Кеңес, Верхов-
ный  суд:  түр.  ярғытай,  қаз.  Жоғары  сот,  независимость: 
түр.  бақымсыздық,  каз.  тəуелсіздік,  космос:  түр.  озай,  қаз. 
ғарыш, промышленность: түр. іслетме, қаз. кəсіпорын т.б. 
Екі  ел  арасындағы  қарым-қатынастың  жиілеуіне  орай 
тілдік те ауыс-түйіс басталғандай түрі бар. Бұл жақсылықтың 
нышаны.  Жақсы  үлгіні  қабылдаудың  бір  мысалы  ретінде 
«Егемен Қазақстан» мен «Ана тілі» газетінің беттері арқылы 
жиі көріне келе ұшақ (самолет – учақ) жəне əуеалаңы (эро-
порт – хавалалаңы) термин ретінде қалыптасты. 
Қысқасы,  туыс  тілдер  тəжірибесіне  үңілу  терминжасам 
мəселесінде нəтижелі пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Бұл 
принципті  саналы,  сауатты  ұстану  қажет.  Өзіңде  жоқты 
өзгеден, оның ішінде түбірі бір туыс тілдерден іздеп тауып 
жатсаң  оның  несі  айып.  Қайта  көп  жылдар  бойы  жабылып 
қалған табиғи даму заңдылықтарының көзі ашылады. 
Келесі  бір  кеңесетін  мəселе – бізде  баламасы  жоқ 
интернационалдық сөздерді алу, қабылдау принципі. Мұндай 
терминдердің  бəрі  де  күні  бүгінге  дейін  сол  түпнұсқада 
қалай  айтылып,  жазылса,  солай  алу  керек  деген  принципті 
қатаң  ұстап,  тілімізді  шетел  сөздерімен  əбден  сірестіріп 
шұбарлап келдік. Бұл қазақ тілінің өз заңдылығына түбірімен 

300
қайшы принципті зорлықпен тықпалап келдік. Енді бұл ту-
расында  тіліміздің  терминжасам  тəжірибесі  не  берді  де-
генге  келейік.  Жалпы  қазақ  тілінде  ежелден  қалыптасқан 
сөзжасам тəжірибесіне үңілер болсақ, бізде шет тілден (араб, 
парсы) енген сөздердің бəрін өзіне қарай икемдеп, айтылу, 
жазылу  қисынын  қазақшаға  ыңғайлап  отырған  екен.  Енде-
ше біз сол принципті негізге неге сүйенбейміз? Біржағынан 
интернационалдық  терминдерді  іштен  орын  бермей,  бер-
сек  те  сүйкімсіз  қонақ  сияқты  сол  жат  кейіпін  сақтап 
қолдану тіпті де орынсыз. Қабылдап, тілімізге сіңірдік деген 
терминдеріміздің əлі күнге өз лексикалық байлығымыздың 
қатарына  ене  алмай,  интернационалдық  боп  үрпиісіп 
тұруының сыры осында ма деп ойлаймыз. 
Қазақтың  ғасырлар  əлетінен  сұрыпталып  шыққан  төл 
сөздерінің қатарында əскери форма киген адам сияқты əсер 
ететін  мұндай  сөздердің  тағдырын  қамти  қарастыратын 
мезгіл жетті. Солай жасала да бастады. Оларды негізінен өз 
тіліміздің заңдылығына икемдеп, ыңғайлап алу – міне ендігі 
жерде ұстанатын негізгі принцип осы болуы керек. Мəселен, 
өнер, білім, мектеп, тəрбие, ғалым, ғылым, мұғалім, кітап 
тəрізді əу бастағы араб, парсы төркіндес сөздерді, сондай-ақ 
мынадай орыс сөздерін: жəшік, бөтелке, бəтіңке, самаурын, 
порым,  жандарал,  болыс,  ояз  деп  еншіленгеніміздей  еркін 
əрекетке  баруымыз  керек.  Яғни  келгіншіге  ыңғайланып, 
соған  қарай  икемделе  бермей,  өз  болмыс,  шын  табиғаты-
мызға  сай  бейімдей  қабылдау  лəзім.  Интернационалдық 
терминдердің өз тіліміздің заңдылығына сай бейімдеп алуды 
сөз аластау деп түсінбеу керек. Мұндай тілдер қабылдаушы 
тілдің талабына көнбесе, сол өгей қалпы түбегейлі кіріге ал-
май, өзіне орын таппай жырақ тұратын болады. Күні бүгінге 
дейін  қолданылып  келген  терминдердің  біразы  дəл  осылай 
күй кешіп келеді. 
Жалпы  бұл  туралы  сөз  қозғамастан  бұрын  интерна-
ционалдық  термин  дегеніміз  не,  осыны  дұрыс  түсініп 
алғанымыз жөн. Əдетте əлденеше тілде бірдей қолданылып, 

301
ортақ  қазынаға  айналған  сөздерді – интертермин  дейміз. 
Бірақ  екінші  тілге  енген  мұндай  сөздердің  бəрі  бірдей  ин-
тертермин  дəрежесін  ала  алмайды.  Дүниежүзілік  дең-
гейге  танымал  болған  терминдер  мен  атаулар  ғана 
интернационалдық деген мəртебеге ие бола алады. Ал осы-
дан  келіп  интернационалдық  терминдерді  басқа  тілдерге 
аударуға болмайды деген принципті күні бүгінге дейін қатып 
ұстанып  келуіміз  қалай?  Шындығында,  өзге  тілдің  байлы-
ғын,  мүмкіндігінше  есепке  алмайтын  бұл  не  қылған  прин-
цип. Бұл турасын айтқанда, басқа тілдердің даму жолдарын 
тұмшалау дегенмен бара бар екенін ойлана бермегендейміз. 
Əуелде  осы  принципті  қабылдағанда  біз  өз  тіліміздің 
мүмкіндігімен  ісіміз  болмаған  тəрізді.  Тілдер  арасындағы 
əділетсіздікке  ең  алдымен  өзіміз  жол  беріп  отыратын 
сияқтымыз. 
Ғылым  мен  техника  жүгін  көтеретін  тілдер  бар,  көтере 
алмайтын тілдер бар деген пиғылды жылдар бойы дəлелдеп 
келгендейміз.  Қазақ  тілінің  əлі  толық  іске  жегілмей 
жатқан  сан  алуан  қатпарларына  тереңдеген  сайын,  əлемдік 
деңгейдегі  сан  алуан  ұғымды  да  толық  жеткізе  аларлық 
қауқарының барлығына көзіміз толық жетіп отыр. Сонда тіл 
табиғатына жат «дайын» нəрселерге бас шұлғи бергенше, өз 
байлығымызды  іске  қосудың  жолдарын  қарастырған  абзал 
емес пе?! Кейінгі жылдар тəжірибесі осыны толық дəлелдеп 
отыр.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  туыс  түркі  тілдерінің  ортақ 
қазынасы  əлі  жеткілікті  дəрежеде  қозғалысқа  түскен  жоқ. 
Бірінен-бірі  нəр  алып,  бірін-бірі  байыта  түсудің  орнына, 
алшақтай  алыстай  берген.  Мұның  түп  негізі  ең  алдымен 
жазу алшақтығына байланысты деп ойлаймыз. 
Қазақ  халқы  небəрі 15-20 жылдың  ішінде  үш  түрлі  жа-
зуды  бастан  кешірді.  Міне,  осы  бір  жазудан  екінші  жазуға 
көшу əлегінде өзге туыс тілдердегі ортақ қазынаға үңілмек 
түгілі,  таза  өз  байлығымыздың  қадіріне  жетуден  де  қалып 
қоя  жаздаған  жоқпыз  ба?!  Бұл,  əрине,  өз  алдына  өрбітуді 
керек ететін күрделі сала. Жалпы интертерминдер төркініне 

302
бойлаған  сайын  олардың  белгілі  бір  ұғымға  негізделіп, 
нақты мағыналық жүк арқалап тұратынын көреміз. Ал енді 
осыны  берерлік  сөздерді  қазақ  тілінен  іздегенде  көп  ретте 
жазығымыз табылып жатады. Дəл қазір тілімізде осы іздеу, 
іздену процесі жүріп жатыр. Көп жоқтың орны толып жатыр. 
Осы  уақытқа  дейін  тіл-тілдерді  интернационализмдер 
болмаса,  не  аз  болса,  ол  тілдің  қауқарсыздығы,  дамымай 
қалғандығы  деген  түсінік  басым  болып  келеді.  Шынын-
да,  тілдің  дамуы  ондағы  интренационалдық  сөздердің  көп-
аздығына  қарап  өлшенбесе  керек.  Егерде  əңгіме  таралған 
барлық терминдерді сол қалпында қабылдап, оларды өз тілің 
арқылы  меңгерсең,  интертерминдер  шапқыншылығына  тап 
келгендей  болар  едік.  Онсыз  да  дендеп  бара  жатқан  шетел 
сөздері  қаптай  беретін  болса,  ана  тілімізге  қатер  төнді  дей 
беріңіз.  Интертерминдерге  тəуелді  болмай-ақ,  өз  тіліңнің 
байлығын  іске  жаратқан  жапон  мен  қытай  халқының 
тəжірибесін алыңыз. Олар ғылым мен техника жетістіктерін 
өз  тілі  негізінде  меңгеріп,  дамытып  отыр.  Тексере  келсек, 
жапон  тілі  кеше  ғана,  яғни 1945 жылдан  былай  қарай  ғана 
өзіндік қуатқа ие болған екен. 
Интертерминдерге  тиюге  болмайды  дейтін  түсінік 
бұларды  шынында  да  құран  сөздеріндей  етіп  жіберді.  Со-
дан  барып  бұлар  да  баста  белгілі  бір  тіл  ішінде  туындап, 
терминдік мəнді жүре келе жүктеген қарапайым сөздер екенін 
елемейтін  де  болдық. «Тиіспе», «аударма»  деуден  бұрын 
бұл сөздер нені білдіріп тұр, қандай мағынаны арқалап тұр 
дегенге  зер  салу  керек  қой.  Міне,  қазір  интернационалдық 
терминдерге  осылайша  қарау  ағымы  пайда  болды.  Бұл  тіл 
дамуының өзіндік даму табиғатына тəн құбылыс. 
Терминдер төркініне үңілгенде, олардың да шығу, жасалу, 
пайда  болу  тегі,  тілдік  мекен-жайы  болатынын  байқаймыз. 
Мысалы, медициналық терминдер əуелде латын тілінде пай-
да болған екен. Олар кейін барлық тілдерге еніп, сол күйінде 
қалыптасып  кетті.  Бұларды  аударып  əуре  болудың  қажеті 
шамалы. Ал кеше ғана ғарышты игеруге орай пайда болған 

303
спутникті,  Октябрь  революциясына  орай  туған  совет, 
большевиктерді көптеген тілдер өз мүмкіндіктері негізінде 
қабылдап алды. 
Термин аудару, жасау, қалыптастыру мəселесінде ғылым 
саласын  саралап  қарастыру  қажет.  Мəселен,  техника,  фи-
зика,  математика,  механика  тəрізді  дəл  ғылымдардың,  хи-
мия,  биология,  медицина  сияқты  табиғаттану  ғылымдары 
терминдерін бір қатарға қойып қарауға болмайды. Бұлардың 
терминдерін  аударуға  келгенде  барынша  ыждағаттылық, 
біліктілік  қажет.  Кейбір  тілдер  компьютерді  аударып 
қолданып жатыр. Мəселен, түріктер мұны белгі саяр («санай 
білетін») деп алған екен. 
Ал  қоғамдық  ғылымдар  саласына  келер  болсақ,  əңгіме 
басқаша. Бір қарағанда бұл ғылымдар қоғамдық өмірдің ай-
насы іспеттес қой. Саяси-экономикалық, мəдени-əлеуметтік, 
оқу-тəжірибелік,  өнер-білімге  байланысты  ұғымдардың 
бəрін  жинақтап,  оларды  аударуға  тиістілері  қайсы,  тіліміз-
ге  бейімдеп  алуға  болмайтыны  қайсы,  сол  қалпында 
қалдырылатындары  қайсы  дегендерді  саралау  керек.  Олар-
ды аударудың принциптері мен тəсілдері айқындалуға тиіс. 
Онсыз терминологияда жүйелілік болмайды. 
Терминологияның  бұл  мəселелері  қазақ  тілі  түгілі  орыс 
тілінде əлі түбегейлі қарастырылған жоқ. Интернационалдық 
термин атауларының төркініне тереңдемей, олардың əуелгі 
лексикалық  мағынасын  тексермей-ақ,  терминдік  тұлғада 
мəнін  ғана  аударып  қателесіп  жүрміз.  Шынында,  бұлар  да 
əу баста кəдімгі қарапайым сөздер ретінде дүниеге келгенін 
аудармашылар ескеріп отыруға тиіс. Сөйтіп əлгі атаулар ке-
ле-келе шарттылық пен дəстүрлі қолданысқа көшкен. Міне, 
мəселенің осы жағына қатты мəн беріп отыруға тура келеді. 
70 жыл бойындағы терминологиялық процесті қадағалап 
отырсақ,  тілімізге  еніп,  ендіріліп  жатқан  термин  мен  атау-
ларды  «орыс,  совет  жəне  интернационалдық»  деп  жіктеп 
келген екенбіз. 
Профессор  Ə.  Қайдар  бұларды  осылайша  үш  топқа  бө-
леді  де,  əрқайсысының  арасалмағын,  санын  ойша  топшы-

304
лап  таңдайды,  оның  ойынша,  орыс  терминдерінің 70% 
мағынасы  түсінікті  болғандықтан  қазақшаға  аударылған 
да, 30% сол  қалпында  қабылданған.  Осылардың  арасынан 
ғалым  советизмдерді  бөліп  алады  да,  оны 20% шамасында 
деп  есептейді.  Бұлардың  бір  тобы  таза  орыс  (славян) (со-
вет,  большевик,  листовка,  самолет,  вертолет,  пулемет, 
паровоз, станок, завод, почта, ведомство, сот, паром т.т.) 
де, екіншілері орыс, еуропа жəне шығыс элементтері аралас 
(колхоз, партбилет, профсоюз т.б.) термин сөздер. 
Бұл  жерде  əсіресе  терминологиялық  жүйені  қалыптас-
тыру,  реттеу,  жасау  жайына  келгенде  əрбір  тілдің  өз  таби-
ғатына тəн ерекшелігін қатты ескеріп отыру керек. Мəселен, 
орыс  тілі  мен  қазақ  тілі  жағдайын  алайық.  Орыс  тілінің 
ғылым  мен  техника  саласындағы  терминологиялық  қоры 
негізінен еуропа мен шығыс елдері элементтерінен тұратыны 
байқалды. Осыны үлгі тұтқан қайсыбір қаламгерлер, орыс-
интертерминдерден  неге  қашамыз  дегенді  айтқысы  келеді. 
Сөйтіп қазақ тілін қатар қойғысы келеді. Орыс тілінде тер-
мин қалыптастыру ісі XVII ғасырдан басталған. 
Ал қазақ тілінің терминдермен жабдықталуы небары 60-
70 жылдың аржақ-бержағы. Мұны есепке алмай қарабайыр 
салыстырудың  мəні  жоқ.  Нені  болса  да  жұтып,  сіңіріп 
жіберетін  алып  тілдің  термин  қалыптастыру  жайы  бір 
басқа  да,  күш-қуаты  бойында,  өз  мүмкіндігін  əлі  барынша 
жарқырата  ашып  іске  жарата  қоймаған  қазақ  тілінің  жайы 
екінші  басқа.  Орыс  тілі  шет  тілі  элементтерін  қанша  бол-
са да көтеріп кете алады. Одан оның беделі төмендеп, мəні 
көмескілене  қоймайды.  Ал  қазақ  тіліне  бет  қаратпай  тыс 
элементтерді қабылдай берсек, еңсені басып тастауы мүмкін, 
əлденудің  орнына  əлсіреуі,  баюдың  орнына  құнсыздануы 
мүмкін.  Сондықтан  қазақ  тіліне  сөз  қабылдаудың  ана 
тілге  зиянын  тигізбей,  заңды  принциптерін  барынша 
сауаттылықпен, қатаң сақтау керек. 
 
 
 
 

305
* * *
Игі əсер, игі ықпал деген ұғым көп айтылып келді. Осының 
байыбына  барып,  парқын  біліп,  дəйекті  пікір  қозғаушылар 
аз. «Ұлы  орыс  тілі  қазақ  тілін,  сондай-ақ  басқа  тілдерді  де 
осылайша  ықпал  ету  нəтижесінде  керемет  байытты»  деген 
жалаң түсінік етек алған. 
Жалпы  баю  деген  не  өзі?  Мұны  баз  біреулер  сөздік 
қордың молдығына саяды. Яғни тірі тілде қанша сөз болса, 
ол  соншалықты  бай  тіл  деп  ұғынушылар  бар.  Тіл  байлығы 
мұнымен  ғана  айқындалмайды.  Əрине  сөздер  мен  сөз 
тіркестерінің,  сөз  түрлендіргіш  қосымшалардың  молдығы 
да  белгілі  дəрежеде  тіл  байлығының  көрсеткіші  бола  ала-
ды.  Əйтсе  де  тілдің  оралымдылығы,  икемділігі,  мағына 
туындатқыштығы негізгі фактор болуы керек. Егер орыс тілі 
қазақ тілінің ішкі мүмкіндіктерінің артыла түсуіне септігін 
тигізіп жатса, мұны игі əсер қатарына жатқызуға болар. 
Ал тіл табиғатына жат əлгіндей сірескен бөтен тұлғалар-
дың қаптауы баю емес, басылумен барабар құбылыс. Мұндай 
сөздер қатары, əсіресе Кеңес үкіметі тұсында көбейе түскені 
мəлім. 
Тіліміздің  өз  мүмкіндігін,  яғни  сөзжасам  түрлерін 
жетілдіре,  түрлендіре  түсудің  орнына,  ізденіп  тер  төгудің 
орнына  осындай  дайын  қабаттарды  қаптатуды  тіл  баюы-
на  жатқызуға  болмайды.  Осының  бəрінен  тілдердің  өзара 
игі  əсерінен  гөрі,  бір  тілдің  екінші  тілге  үстемдігін,  бұл 
жерде  орыс  тілінің  қазақ  тіліне  жасап  отырған  өктемдігін 
көреміз. Бұлар терезесі тең дəрежедегі дамыған тілдер емес. 
Бірі – бағынышты,  бірі – басыңқы  үстемдік  рөл  атқарған 
тілдер.  Соған  қарамастан  қазақ  тілінің  терминологиялық 
лексикасының  біршама  қалыптаса  түскенін  мойындау  ке-
рек. Мұны саралай келсек, сала-салаға жіктеп, өзіндік жəне 
өзгелік деп бөліп қарастыруға болады. Сонда шамамен 100 
мыңға тарта деп есептеліп жүрген терминдердің өзіндігінен 
гөрі, өзгелігі əлдеқайда басым жататынын байқаймыз. Мұны 

306
кез  келген  екі  тілді  терминологиялық  сөздікті  мысалға  ала 
отырып дəлелдеуге болады. Осының бəрінде, қанша деген-
мен бұйығы жатқан тілдің байырғы лексикалық қазынасына 
қозғау  салғаны  да  мəлім.  Терминологиялық  ізденістер 
там-тұмдап  болса  да  тіліміздің  ішкі  мүмкіншілігін  сарапқа 
салуға  жетектеді.  Ғылымның  əр  саласындағы  терминге 
мұқтаждықты зиялы қауым ізденімпаздықпен өтеуге тыры-
сып отырғанын байқаймыз. Бұл жерде орыс тілінің игі əсерін 
көруге болады. Осы бағытты ұстанып, оның тиімді үлгілерін 
жан-жақты  дамытудың  орнына  орыстың  мундирі  мен  ко-
кардасын  киген  терминдерді  қаптатып  жібердік.  Аударуға 
келмейтін,  баламасы  табылмаған  орыс  интертерминдерді 
қыбылдау  принципінде  өрескел  қателіктер  жіберілді. 
Олардың  қазақ  тілінің  сөз  қабылдау  заңдылығына  сəйкес 
қисынын  келтіріп  сіңдірудің  орнына,  орыс  тілінің  өз  нор-
масымен алып, қалшиттық та қойдық. Бұл түпнұсқа тілінің 
жазба  əдеби  нормасын  сақтау  орыс  рухын  сақтау  болып 
шықты.  Мұның  ар  жағында  таза  «орыстандыру»  саясаты 
менмұндалап тұрды. Ал біз болсақ, мұны асқан мəдениетке 
жетудің төте жолы деп қабылдап, жарыса мадақтап жаттық. 
Бұл  төңкерістен  кейін  болған  құбылыс.  Бұл  əсіресе  жазу-
мен,  алфавитпен  байланысты  күшіне  ене  түсті. 42 əріптен 
тұратын  орыс  алфавитін,  кириллицаны  қалай  қабылдадық, 
солай тіліміз өз табиғатынан алшақтай бастады. Бұл алфавит 
күшіне ене келе жазу ғана емес, тіпті ауызекі сөйлеу тілімізге 
де кері əсерін тигізе бастады. 
Жалпы  шет  сөздерді  қабылдау  жөнінен  ежелден 
қалыптасқан  дəстүрімізді  тастап,  Кеңес  кезінде  неге  ғана 
құбыла  қалғанымыздың  түп  себебі  «орыстандыру»  саяса-
тында  жатқанын  ескерткен  едік.  Бір  қызығы,  орыс  тілінде 
қаптап жүрген шет тіл терминдерінің ешқайсысы өзінің түп 
негізі,  яғни  заңдылығы  сақталып  алынған  емес.  Жазу  мен 
терминдерді реттеуде орасан зор еңбек еткен зиялыларымыз 
осыны неге ескермеді екен деген ойға қаласың. 
 

307

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет