Тетікбөлшектердің нобайлары мен жұмыс сызбалары



Дата21.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#85221
  • Кескін. Көріністер

Көрініс деп нәрсенің қараушыға көрінетін бетінің кескінін айтады. Кескіндердің санын азайту үшін көріністе көрінбейтін сызықтарды үзілме сызықпен кескіндеуге рұқсат етіледі.

  • Көрініс деп нәрсенің қараушыға көрінетін бетінің кескінін айтады. Кескіндердің санын азайту үшін көріністе көрінбейтін сызықтарды үзілме сызықпен кескіндеуге рұқсат етіледі.
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.
  • Негізгі проекциялар жазықтықтары ретінде текшенің жақтары қабылданған. Оларды 1, 2, 3, 4, 5 және 6 деп нөмірлейік (1а- сурет).
  • 1 ─ фронталь проекциялар жазықтығы (π1);
  • 2 ─ горизонталь проекциялар жазықтығы (π2);
  • 3 ─ профиль проекциялар жазықтығы (π3).
  • Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты оның пішіні мен өлшемдері туралы алдыңғы көрініс мүмкіндігінше толық мағұлмат беретіндей етіп орналастыру керек. Сондықтан алдыңғы көріністі басты көрініс деп атайды.
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.
  • Қосымша көрініс
  • Нәрсенің негізгі көріністерінде бұрмаланып кескінделетін бөлігінің пішінін анықтап, өлшемдерін көрсету үшін қосымша көрініс қолданылады.
  • Онда нәрсені негізгі көріністерде бұрмаланып түсетін бөлігіне параллель жазықтыққа проекциялайды. Қосымша проекциялар жазықтығындағы көріністі сызба жазықтығымен беттестіреді. Проекциялау бағытын нұсқамамен көрсетіп, оның жанына бас әріп жазылады. Қосымша көріністің жоғарғы жағына да осы әріп жазылады. Қосымша көріністі бұрып орналастыруға болады.
  • Соңғы жағдайда көріністің жоғарғы жағына нұсқама мен бас әріптен кейін бұру белгісі қойылады.
  • Егер қосымша көрініс бас кескінмен тікелей проекциялық байланыста орналасса, онда қарау бағытын көрсетпеуге және қосымша көріністі белгілемеуге болады.
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.
  • Жергілікті көрініс
  • Нәрсенің түгелдей емес, тек шағын бөлігінің кескінін жергілікті көрініс деп атайды. Шектеу сызығы ретінде тұтас жіңішке ирек сызық пайдаланылады. Жергілікті көріністі белгілеудің қосымша көріністі белгілеуден айырмашылығы жоқ. Жергілікті көрініс негізгі көріністе, қосымша көріністе болуы мүмкін
  • Инженерлік пәндер кафедрасының лекторы Ахметова Н.С.

Әдебиеттер

  • Есмұханов Ж. М. Сызба геометрия. А.: «Мектеп», 1987. – 168 б.
  • Жаңабаев Ж. Инженерлік және компьютерлік графика. – Алматы, «Мектеп», 2005. – 304 б.
  • Бәйдібеков Ә.К., Мусалимов Т.К., Ж.М. Садықова, С.Ә. Қолбатыр. Инженерлік графика. – Алматы, «Білім», 2012 – 264 б.
  • Қарымсақов У.Т. Сызба геометрия: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТЗУ, 2015. – 213 б.
  • Нәби Ы. А. Сызба геометрия және инженерлік графика:. - 2-ші бас., толықт.- Алматы: Бастау, 2010. 276 б.
  • Нұрмаханов Б. Н. Сызба геометрия. – Тараз: 1999.
  • Ыбраев А. Инженерлік графика. Техникалық жоғары оқу орындары мамандықтарының студенттеріне арналған оқулық. – Алматы, «Білім», 2005. – 248 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет