Тетіктерді механикалык вңдеуге арналған дайындама түрін таңдау Дайындамалар туралы жалпы мәліметтер



бет1/4
Дата29.12.2023
өлшемі42,86 Kb.
#145000
  1   2   3   4

түрін таңдау
Дайындамалар туралы жалпы мәліметтер
Одан беттердің пішінін, өлшемдерін, касиетгерін өзгерту жолы- мен тетік жасалатын бұйымды дайындама деп атайды.
Дайындамаларды түрі бойынша ажырату кабылданған (оларды алудың технологиялық әдісі негізінде):

  • қүймалар;

  • соғылған жэне қалыпталған дайындамалар;

  • илемнен жасалған дайындамалар;

  • пісірме жэне аралас дайындамалар;

  • үнтақты металлургия әдістерімен алынатын дайындамалар;

  • конструкңиялық керамикадан жасалган дайындамалар.

Әрбір түрдегі дайындаманы бірнеше тэсілмен алуға болады, бірақ осы тэсілдердің барлығы бірыңғай әдіске жататын болады. Мысалы, қүйма құмды немесе қабықшалы калыпқа, кокильге жэне т.б. құюмен алынуы мүмкін.
Дайындама даналап жасалатын (құйма, соғылма) немесе үздіксіз (илем шыбығы, құбыр, жолақ жэне т.с.с.) болуы мүмкін. Егер үздіксіз дайындамадан жеке даналап жасалатын дайындамаларды алу қажет болса, оны арнайы технологиялық жабдықтарда (қайшыларда, бас- пақтарда, араларда, қол араларда жэне т.с.с.) үздіксіз дайындаманы кесіп жасайды.
Құю әдістерімен кез келген өлшемді, барлық металдар мен қо- рытпалардан жасалған кез келген пішінді дайындамаларды (құйма- ларды) алады. Алайда құйманың сапасы металды қалыпта кристал- дандыру шарттарына байланысты болады. Кейбір жағдайларда құймалар қабырғаларының ішінде ақаулар түзілуі мүмкін болады (ыстық жэне суық жарықшақтар, шөгіндік қаяулар, борпылдақтық, кеуектілік). Бұл ақауларды көбінесе қаралтым механикалық өңдеуден кейін ғана байқауға болады.
Қысыммен оңдеу арқылы болат пен қорытпалардан жасалған дайындамаларды алады.
Соғылған дайындамаларды дара жэне ұсақ сериялы өндірісте, сондай-ақ металдың көлемдік қасиеттеріне аса жоғары талаптар қойып, өте ірі олшемді дайындамаларды жасау кезінде колданады.
Пішін үйлесімі бойынша дайын тетікке жақын, қалыпталған дайындамаларды негізінде жаппай ондірісте колданады.

Илемнен жасалған дайындамаларды дара жэне сериялы өндірісте қолданады.


Таңдалған пішінді илемнен жасалған дайындама өлшемдерін евдеуғе арналған эдіпті есепке алып, келденең қима бойынша анықтайды.
Пісірме жэне аралас дайындамаларды жеке құрамдық элемент- терден алады, олардың эрқайсысы эр түрлі болуы мүмкін (қүйма, қалыпталған дайындама жэне т.с.с.). Күрделі пішін үйлесімді конст- рукңияларда қолданады. Дайындамалардың бұл түрінің механикалық өвдеумен түзету қиын болатын ақаулары (шалыстау, ішкі кернеулер, жарықшақтар) болуы мүмкін.
¥нтақты металлургия эдісімен алынатын дайындамалар пішіні мен өлшемдері бойынша дайын тетікке сәйкес келеді жэне тек таза өвдеуді ғана жиі қажет етеді.
Конструкңиялық керамикадан жасалған дайындамаларды қажақ- ты орталарда жэне қызған жағдайларда қолданады.
Тетікті механикалық өвдеу үшін тавдалған дайындаманы алғаш- қы дайындама деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет