Тіл дамыту әдістемесі — педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.
Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті, мазмұны бар.
Әдістеменің басты міндеті — балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін жинақтау, жасау.
Тіл дамыту әдістемесінің мазмұны — баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
Тіл дамыту әдістемесінен басқа ғылымдармен байланысы;
Сондықтан тіл дамыту әдістемесі қазақ тілінің граматика тарауымен тығыз байланысты.
Тіл дамыту әдістемесі қазақ тілімен өте қатты байланысы бар,мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту жәнеде балабақшада мектепке барғанша дейін ана тіліміздің барлық граматикалық формаларын меңгеріп бару керек.
Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Е.И.Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан — жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.
Елизавета Тихеева е. и. Тихеева мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеуді дамыту бағдарламасының бөлімдерін жүйелеп, дамыта алған алғашқы зерттеуші болды.
Бұл бағыт мектеп жасына дейінгі балалардың тілдік қабілеттерін қалыптастыруды
Кішкентай балалардың сөздік қорларын арттыру
Сөйлеу мәдениетін дамыту
Балаларды адамгершілікке баулу ойын тапқыр сөйлеуге ақылды салмақты ой айтуға баулау
Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту ойдан ертегі шығарып айтуға дағдыландыру