Реферат Тақырыбы: Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы. Орындаған: Бекбол Ақбөпе Тобы: ппм-012 Мазмұны



бет1/4
Дата18.10.2023
өлшемі175,26 Kb.
#118122
түріРеферат
  1   2   3   4

ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік - гуманитарлық ғылымдар факультеті


Реферат
Тақырыбы: Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы.

Орындаған: Бекбол Ақбөпе
Тобы: ППМ-012
Мазмұны
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Сөздің психологиялық мағынасы мен құрылымы
2. Сөйлеу мәдениетінің психологиялық қырлары.
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


Кіріспе
Тіл дамытудың қайнар бұлағы - баланың өзін қоршаған ортасы, басынан өтіп жатқан оқиғалар.Тіл - ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі - халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден - бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады. Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу - бүгінгі заманның талабы. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгерту өзекті мәселенің бірі екендігі баршаға мәлім. Бүгін заман өзгерді, қоғам алмасты, еліміз тәуелсіздік алды, тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қайта жанданып жатыр. Тіл дамыту арқылы оқушылардың ақыл - ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір - бірімен достық қарым - қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады. Тіл дамыту тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс- әрекет кезіндегі тілдік қарым- қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр- түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым- қатынас жасай білуге үйретеміз. Мектеп жасындағы балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде мұғалімнің:-балалардың сөздік қорларын дамыту;
-жаңа сөздерді меңгерту;
-үйреген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру басты міндет саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет