Тілік, ең бастысы, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттері күтіледі



Pdf көрінісі
бет1/48
Дата07.12.2022
өлшемі2,82 Mb.
#55637
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48


1
Білім бер
у 4.0. «Пе
даг
ог» кәсіптік стандарты 
БІЛІМ БЕРУ 4.0. 
«ПЕДАГОГ» КӘСІПТІК СТАНДАРТЫ
ЖОБА


Білім бер
у 4.0. «Пе
даг
ог» кәсіптік стандарты 
2
ҚҰРМЕТТІ ПЕДАГОГ!
Сіздің жасап жатқан еңбегіңіздің қоғам үшін маңызы зор, ол елдің дамуы мен өркендеуін қамтамасыз етеді 
Қазіргі өзгермелі және болжамы қиын әлемде Сізден: жаһандық білімділік, мамандық, жауапкершілік, құзырет-
тілік, ең бастысы, балаларға деген сүйіспеншілік қасиеттері күтіледі.
Осы сенімдерге сай болу үшін Сіз еңбек жолына қадам басқан сәттен бастап оның әрбір кезеңінде өзіңізді үнемі 
дамытып, жетілдіріп отыруыңыз керек.
Сондықтан біз «Педагог» жаңа кәсіби стандартын әзірледік, бұл жерге педагог мамандыққа кіріскен сәттен 
бастап қызмет шыңына жеткенге дейін оның бойында болуы шарт қасиеттер мен ерекшеліктер, оған қойыла-
тын талаптар туралы заманауи түсініктерді енгіздік. 
 
Осы стандарт қазақстандық педагогтердің кәсіби даму бағытын нұсқаулыққа айналуы тиіс, өйткені ол педагог-
тің қандай болуы, нені білуі және жасай алуы және жұмыс орнында не істеуі керек екенін көрсетеді. 
Кәсіби стандартта педагогті оқытудың барлық негізгі бағыттары, ресурстары және өзін-өзі үнемі дамыту мен 
әріптестік ортада даму, білім алушылармен жұмыс істеу стратегиялары келтірілген деп үміттенеміз. Стан-
дарт - өте маңызды құжат болып табылатындықтан, педагогикалық білімге және педагогтің кәсіби дамуына 
қатысы бар барлық тұлғалар осы негізгі мәселелер бойынша біртұтас түсінікке ие болғаны біз үшін маңызды. 
Сондықтан кәсіби стандарттың мақсаты - педагогтердің кәсібилігі мен сапасын арттыру үшін мектептерді, 
педагогикалық жоғары оқу орындарын, біліктілікті арттыру ұйымдарын, білім басқармаларын біріктіру.
Әрине, сондай-ақ кәсіби стандарт бізге аттестаттау, біліктілік тестін тапсыру кезінде педагогтің еңбегін 
объективті бағалауға мүмкіндік береді. Жаңа стандарттың көмегімен қоғамның, ата-аналардың педагогке де-
ген сенімі артады деп үміттенеміз, өйткені олардың педагогикалық жұмыс сапасының нормалары мен өлшем-
дері туралы нақты түсінігі қалыптасады.
Құрметті әріптестер, Сіздерден осы құжатпен танысып, пікірлеріңізбен және ұсыныстарыңызбен бөлісулеріңізді 
сұраймын. «Педагог» кәсіби стандартын бірлесіп әзірлейік!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет