Тұқым қалай түзіледі



Дата22.11.2022
өлшемі14,92 Kb.
#51908
түріБағдарламасы
Байланысты:
document name



Автор: Сарина Жанар Жайлыбаевна
Пән: Жаратылыстану
Сынып: 4-сынып
Бөлім: Мен - зерттеушімін
Тақырып: Тұқым қалай түзіледі

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):



4.2.1.2 өсімдіктің тіршілік циклін сипаттау; 4.2.1.3 тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттау; 4.2.1.6 өсімдіктерді қорғау жолдарын ұсыну



Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі. Көптеген оқушылар: Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады. Кейбір оқушылар: Адамның өсімдіктің саналуандығына әсерін, Қызыл кітаптың өсімдіктерді қорғаудағы рөлін түсінеді.

Тілдік мақсаттар:

Оқытудың тілдік мақсаты Оқушылар -өсімдіктің тіршілік циклін сипаттайды; -өсімдіктердің таралу жолдарын атайды, сипаттайды; -өсімдіктерді қорғау туралы өз ұсынысын түсіндіріп, әңгімелейді. Пәндік лексика және терминология Тұқым, өскін, ересек өсімдік, солу; Көшет, ересек өсімдік. Таралу, жануарлар, адам, жел, су арқылы, өздігінен таралу. Диалог/жазу үшін пайдалы фразалар сериясы Талқылау сұрақтары: Талқылау сұрақтары: Өсімдік қалай пайда болады? Әрі қарай ол қалай өсе бастайды? Өскін мен ересек өсімдікті салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. Өсімдіктерді қалай қорғауға болады? Жануарлар өсімдіктің таралуына қалай көмектеседі?

Күтілетін нәтиже:

Талқылау сұрақтары: Өсімдік қалай пайда болады? Әрі қарай ол қалай өсе бастайды? Өскін мен ересек өсімдікті салыстырыңыз. Ұқсастығы мен айырмашылығын табыңыз. Өсімдіктерді қалай қорғауға болады? Жануарлар өсімдіктің таралуына қалай көмектеседі?

Бағалау критерийлері:

Оқушылар өсімдіктің тіршілік циклін зерттейді, тұқым қалай таралатынын түсінеді, тозаңдану нәтижесінде тұқымның түзілуін сипаттайды. Төменгі және жоғары сатыдағы өсімдіктердің айырмашылықтарын түсінеді. Өсімдіктерді қорғау жолын ұсынады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Интернет-ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу

Пәнаралық байланыс:

Математика, дүниетану, әдебиеттік оқу, көркем еңбек

Бастапқы білім:

Өсімдіктің мүшелерін, олардың атқаратын қызметін біледі. Жергілікті өсімдіктерді атайды, өсімдік түрлерінің өзара ұқсастығы мен айырмашылығын анықтайды. Өсімдіктің фотосинтез үпроцесінде оттек бөлінетін біледі. Өз өлкесіндегі табиғат бірлестіктерін сипаттап, тіршілік ортасына қарай өсімдіктерді салыстыра алады, қоршаған орта жағдайына өсімдіктің бейімделуін түсіндіре алады. Адамның 

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2-топ «Көк кәмпиттер» Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Мен ақылды баламын» әр бала өздерінің жақсы қасиеттерін атап, қалай өсіп келе жатқандарын айтады. Мыс: Мен Балнұр, балдай тәтті үйдің еркесімін. Мен Асқар, барлығынан біліміммен барлығынан асып түссем деймін т.б. «Бір сөзбен» әдісі барысында оқушылар берілген сөздердің ішінен бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтын үш сөзді таңдайды. (қуаныш, немқұрайлылық, шабыт, зерігу, сенімсіздік,сенімділік,рахаттану,алаңдау) Жаңа топ құру. Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Сары кәмпиттер» 3-топ «Қызыл кәмпиттер» Жұмыс ережесін келісу Алдыңғы білімді еске түсіру (ұжымда) ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау. Оқу мақсатын таныстыру Қызығушылықты ояту Күтілетін нәтижені анықтау Тозаңқап Сызбаға қара. Гүлдің қандай бөліктері көрсетілген? Тозаңқаптың ішінде не болады? Тозаң не үшін қажет деп ойлайсың?

Сабақтың ортасы

Ширату тапсырмасы. (Т) «Бірін-бірі оқыту»«Үйрете отырып үйренемін» әдісі бойынша жүргізіледі. Дескрипторы: тозаңдану үдерісімен танысасады; • тозаңданудың өсімдік үшін маңызын түсінеді

Сабақтың соңы

Өсімдік тіршілігіндегі маңызды үдерістің бірі – тозаңдану. Гүлдің тозаңы тозаңқаптың ішінде жетіледі. Ол жетілген кезде тозаңқап ашылады да, тозаң сыртқа шашылады. Шашылған тозаң гүлдің ортасында орналасқан жатынға түседі. Тозаңның жатынға түсуін өсімдіктің тозаңдануы дейді. Тозаңдану жүргеннен кейін өсімдік гүлінің орнында жеміс дамиды және тұқым түзіледі. Өсімдіктің тозаңдануына түрлі бунақденелілер, тіпті жел мен су да қатысады. Кейде қоршаған ортаның қолайсыз әсері өсімдіктің тозаңдануына кедергі келтіреді. Сен білесің бе? Гүлдердің кейбірі белгілі бір бунақденелі арқылы ғана тозаңданады. Мысалы, бедені түкті ара мен балара ғана тозаңдандырады

Рефлексия




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет