Тұқымдастар спектрі. Сәнді гүлді және сәнді жапырақты



бет1/5
Дата24.05.2022
өлшемі33,64 Kb.
#35536
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ГШлдн лек 14


Дәріс №14


Тақырыбы: Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары. Гидропоника.
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары
1. Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтары. Тұқымдастар спектрі.
2. Сәнді гүлді және сәнді жапырақты бөлме өсімдіктерінің биоалуантүрлілігі.
3. Сәнді гүлді құмырадағы бөлме өсімдіктері.
4. Кактустар – сәнді бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының бірі.
5. Фитодизайн туралы жалпы түсінік.
6. Сәнді өсімдіктердің гидропоникасы.
Құрылысы мен тіршілік әрекеттері алуан түрлі бөлме өсімдіктерін көптеген жағдайда төмендегідей негізгі топтарға бөліп қарастырады: сәнді жапырақты, сәнді гүлді, сәнді гүлді құмырадағы бөлме өсімдіктері және кактустар.
Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының тұқымдастар спектрі



Алатын орны

Тұқымдастар



Түрлер саны



Жалпы түрлер
санынан %

1

Araceae

10

20

2

Cactaceae

8

16

3

Euphorbiaceae

3

6

4

Geraniaceae

3

6

5

Begoniaceae

2

4

6

Marantaceae

2

4

7

Cannadaceae

2

4

8

Crassulaceae

2

4

9

Amaryllidaceae

2

4

10

Asteraceae

2

4

11

Primulaceae

2

4

12

Liliaceae

2

4

13

Onagraceae

1

2

14

Malvaceae

1

2

15

Bromeliaceae

1

2

16

Balsaminaceae

1

2

17

Gesneriaceae

1

2

18

Ericaceae

1

2

19

Hyacintaceae

1

2

20

Acanthaceae

1

2

21

Cornaceae

1

2

22

Araliaceae

1

2




Барлығы

50

100

Бөлме өсімдіктерінің негізгі топтарының тұқымдастар спектрін құрып, талдау жасаудың нәтижесі 22 тұқымдастың ішінде жетекші орынды Аройниктер (Araceae ) және Кактустар (Cactaceae) тұқымдастары алатынын көрсетті. Түрлер құрамы жөнінен бірінші орында тұрған Araceae тұқымдасына Aglaonema commutatum (Өзгергіш аглаонема), Aglaonema costatum (Қабырғалы аглаонема), Alocasia macrorhiza (Жуан тамырлы пілқұлағы) және т.б. көптеген түрлер жатады.


Екінші орында тұрған Кактустар тұқымдасынан бөлме жағдайында Cereus peruvianus (Перуан цереусы), Cereus jamacaru (Ямакару цереусы ), Epiphyllum crenatum (Тарақша эпифиллюм), Echinocactus grusonii (Грусон эхинокактусы), Mammilaria bocassana (Бокасс мамилляриясы ), Opuntia leucotricha (Ақ түкті опунция), Rhipsalidopsis gaertneri (Schlumbergera gaertneri) (Гартнер рипсалидопсисі) және Zygocactus truncatus (Schlumbergera truncate) (Зигокактус усеченный (Шлюмбергера усеченная), декабрист) өсімдіктері кең тараған түрлер болып саналады.
Үшінші және төртінші орындарды үш түр санымен Euphorbiaceae (Сүттігендер), Geraniaceae (Қазтамақтар) тұқымдастары алады.
Acalypha wilkesiana - Уилкс акалифасы – Акалифа Уилкса. Сүттігендер тұқымдасына жататын жылдам өсетін жақсы бұтақтанатын мәңгі жасыл бұта. Акалифа өсімдігі алуан түске боялған әсем жапырақтары үшін өсіріледі. Табиғи жағдайда 3 м-ге жете өседі. Жапырақтарының пішіні жүрек тәрізді, мыс түстес күлгін-қоңыр. Отаны: Жаңа Гвинея, Ява.
Декоративті жапырақты бөлме өсімдіктері. Araceae - Аройниктер тұқымдасы –Ароидные. Aglaonema commutatum Өзгергіш аглаонема – Аглаонема изменчивая. Онша биік емес шөптесін өсімдік. Сабағы қысқарған, шырынды. Жапырақтары ұзын сағақты, орталық жүйкенің екі жанынан күмісше жылтыраған жалпақ жолақ өтеді. Отаны: Филиппин
Cornaceae –Кизиловые-Қызылдар тұқымдасы, Aucuba japonicaЖапон аукубасы - Аукуба японская. Өңі терідей қалың, жылтыраған жасыл жапырақты мәңгі жасыл бұта. Жапырақ алақанындағы сап-сары алтындай жарқыраған дақтары болады. Халық көбінесе алтын ағаш деп атайды. Аукубаны негізінен әсем жапырақтары үшін өсіреді. Ұсақ гүлдері бұтақтарының ұшын да шоқ-шоқ болып тұрады. Отаны: Жапония.
Araceae - Аройниктер –Ароидные. Dieffenbachia maculateТеңбіл диффенбахия - Диффенбахия пятнистая. Әдемі жапырақты, тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Берік те етженді сабақты. Жапырағының көлемі 40 см-ге дейін жетеді, түсі ала, ақ, жиегі жасыл,ақ таңдақты болады. Диффенбахия үй жағдайында гүлдемейді, бойының биіктігі 2 м. Отаны: Орталық және Оңтүстік америка.
Araceae - Аройниктер –Ароидные. Monstera deliciosaДеликатес монстера немесе тартымды монстера – Монстера деликатесная или привлекательная. Жапырақтары әшекейлі тілімденген, үлкен жылтыр. Монстера әдетте орман арасында шырмалып өсетін лианаларға жатады.
Отаны: Орталық және Оңтүстік Америка.
Cannadaceae - Тұттар - Тутовые. Ficus benjamina – Бенджамин фикусы немесе Жылтырауық фикус – Фикус Бенджамина или блестящий. Жапырақтары жылтыр, кезектесіп орналасқан, өркендері жіңішке мәңгі жасыл ағаш. Отаны: Шығыс Азия.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет