Тыныс алу Тірі ағзалардың ерекше қасиеттерінің бірі — тыныс алу. Сыртқы орта мен ағза арасында үнемі газ алмасып отыру арқылы тірі жүйелер аэробты тыныс алуды қамтамасыз етеді. Жасушаларда биологиялық синтез және ыдырау үрдістері үздіксіз жүріп



Дата25.11.2023
өлшемі17,64 Kb.
#125801

Тыныс алу
Тірі ағзалардың ерекше қасиеттерінің бірі — тыныс алу. Сыртқы орта мен ағза арасында үнемі газ алмасып отыру арқылы тірі жүйелер аэробты тыныс алуды қамтамасыз етеді. Жасушаларда биологиялық синтез және ыдырау үрдістері үздіксіз жүріп отырады. Осы үрдістердің үздіксіз жүзеге асуы ағзаларды энергиямен қамтамасыз етеді.
Аэробтық ағзалар, аэробтар (гр. αηρ — ауа және βιοζ — тіршілік) –молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын ағзалар.
Аэробтық ағзаларға барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көпжасушалы жануарлар, саңырауқұлақтар, микроағзалар жатады. Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық үрдісті аэробиоз деп атайды. Аэробтық ағзалар өз ағзасына енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады.
Анаэробты ағзалар, анаэробтар (гр. аn – сыз, сіз, емес қосымшасы, гр. аеer – ауа және гр. Віos – тіршілік) – оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін ағзалар.
Жасуша цитоплазмасында тыныс алудың анаэробты үрдісі жүреді.
Глюкоза = сүт қышқылы + энергия.
Тыныс алудың аэробты кезеңі митохондрияның ішкі мембранасында өтеді. Глюкоза + оттегі = көмірқышқыл газы + су + энергия.
Энергияның мөлшері аэробты кезеңде жоғары болады. Бұлшықеттердің ауырсынуы бұлшықеттегі оттегі қорына байланысты. Оттегінің мөлшерінің азаюына байланысты анаэробты кезең жүріп сүт қышқылы бұлшықеттерде жиналып, ауырсынуды тудырады.
Өсімдіктерде тыныс алу үрдісі күндіз де түнде де барлық мүшелерінде жүреді. Өсімдіктердің жануарлардан айырмашылығы олардың ағзасында екі үрдіс қатар жүреді: тынысалу мен фотосинтез. Тынысалуда фотосинтезге қарама-қарсы реакция жүреді. Тыныс алу кезінде глюкоза ауадағы оттегімен реакцияға түсіп, көмірқышқыл газы мен су, энергия бөлінеді. Тыныс алу күндіз де, түнде де, ал фотосинтез тек күндіз жарықта жүзеге асырылады. Барлық тірі ағзалар атмосфералық оттекпен тыныс алады, ал фотосинтез процесінде фотосинтездің қосымша өнімі ретінде оттегі бөледі.
Тыныс алу кезеңдері

Кезең атауы

Өтетін орны

Химиялық өзгерістер

Энергетикалық нәтиже

1.Даярлық

Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда (қоректік вакуольдерде)

Қорек заттары мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге және май қышқылдарына дейін ыдырайды

АТФ-0 молекула Энергия тек жылу түрінде

2. Оттексіз

Жасуша цитоплазмасында

Глюкоза пирожүзім немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды

АТФ-2 молекула

3. Оттекті

Митохондрияларда

Гликолиз өнімдерінің 02 мен өзара әрекеттесуі кезінде С0220-ге дейін ыдырайды

АТФ-38 молекула Сондай-ақ жылу түріндегі энергия


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет