Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері



Дата19.10.2023
өлшемі0,75 Mb.
#119281

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

ОРЫНДАГАН; ЗАКИРОВ РАСУЛ ПД-303

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі

және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның

дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.

Тұлға деп жеке әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды

қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе

әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға

қасиеттеріқатарына жатқызылмайды, тұлғаның қасиеттері болып адамдар мен қоғамға қатысты

көрініс беретін қасиеттер саналады. Адам тұлға болып тек әлеуметтік ортада қалыптасады.

Адамды жүйелі зерттеу мәселелерін қарастырған Б.Г.Ананьев және оның шәкірті В.А.

Ганзеннің айтуы бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына индивид, тұлға,

іс-әрекет субьектісі, жеке даралық жатқызылған.

Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады. Биологиялық түр болғандықтан

әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми

құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға

мүмкіндік береді, осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады.

“Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады,

нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады.

Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек

адамының биологиялық дене құрлымын өзгертіп, өзіне бағындырды. Сонымен қатар, адам түрлі

кәсіби мамандық иегері ретінде іс-әрекет субъектісі болып қалыптасады.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап,

оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық

ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі деп түсініледі.

Темперамент (лат. temperamentum - бөліктердің қажетті арасалмағы) адамның психикалық іс-әрекетінің динамикасын сипаттайтын тұрақы жеке ерекшеліктердің: психикалық процестер мен күйлер ағысы қарқындығының жылдамдығының ырғағының - жиынтығы. Темперамент дегеніміз психикалық процестердің өтуінің динамикалық ерекшеліктерін және адам мінез-құлқын,олардың күшін,жылдамдығын,пайда болуын,тоқталуы мен өзгерісін сипаттайтын қасиеттер жиынтығы



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет