Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылы Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебінің КММ 11 «А» сынып оқушысы
Тойман Дарханға
Мінездеме
Тойман Дархан Жеңісұлы 12.12.2006ж жылы толық, тәрбиелі жанұяда дүниеге келген. Осы аталған мектепте бірінші сыныптан бері оқиды. 2021 жылы осы мектептің 9 сыныбын өте жақсы білім көрсеткішімен аяқтап бітірді.
Дарханның білім алып, тәрбиелеуіне ата-анасы тарапынан толық жағдай жасалды. Ата-аналары әр уақытта мектеппен, сынып жетекшімен тығыз байланыста болады. Дарханның тәртібі, үлгерімі туралы хабарласып, ата-ана жиналысына қатысып отырды. Дархан өте зерек оқушы болып көзге түсе білді. Көпшіл, ашық мінезді, ақкөңіл, салмақты, жауапкершілігі жоғары ұл. Берген тапсырманы үлкен жауапкершілікпен орындайды. Қоғамдық жұмыстарға белсене қатысады, сабақтан себепсіз қалмайды, сабақтан кешікпейді.
Дарханның сүйіп оқитын пәндері: биология,химия,тарих. Сонымен қатар, Дархан мектептің сыныптан тыс жұмыстарына барлық қоғамдық іс шараларына белсене қатысады. Сыныптастары арасында беделі жоғары, сыйлы.
Болашақта Дархан өз мамандығының нағыз иесі боларына сенім артамыз және сенімдіміз.
Мектеп директоры И.Т.Сейтбекова
Сынып жетекшісі Н.Н.Қанапия
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылы Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебінің КММ 11 «А» сынып оқушысы
Қабыл Назарға
Мінездеме
Қабыл Назар Бақытұлы 19.03.2006ж дүниеге келді. Назар осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысады. Назар толық емес отбасында тәрбиеленеді(әкесі қайтыс болған). Жалпы, Назар сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы. Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Назар өз білімін жан – жақты жетілдіреді.
Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Назар мектептегі шараларда өз өнерімен жоғары нәтижелерге жетіп жүр. Сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі.Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай Өте белсенді. Назар болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Мектеп директоры И.Т.Сейтбекова
Сынып жетекшісі Н.Н.Қанапия
Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ ауылы Сүйінбай атындағы орта мектеп Үшбұлақ бастауыш мектебінің КММ 11 «А» сынып оқушысы
Базарбек Нұрасылға
Достарыңызбен бөлісу: |