Төлеген Айбергеновтің «Сағыныш» өлеңі



бет1/4
Дата17.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#83589
түріСабақ
  1   2   3   4

Сабақтың тақырыбы: Қажығали Мұханбетқалиұлының «Тар кезең» романы



ІV бөлім Мәңгілік ел – мәңгілік мұрат
Қазақ әдебиеті
9-сынып

Оқу мақсаты:

  • Б/С 9.3.3.1 шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаты:

  • шығарманың идеясын ғаламдық тұрғыдан талдап, әдеби эссе жазу.

Бағалау критерийлері:


1-тапсырма. Шығармадағы көтерілген мәселе арқылы тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
Дескриптор:
  • көтерілген мәселені саралайды;
  • шығарманың тақырыбын анықтайды;
  • шығарманың идеясын түсіндіреді.

Шығарманың негізгі идеясы
Шығарманың тақырыбы
Көтерілген мәселе
Жауап үлгісі:
Көтерілген мәселе:
  • отарлау саясаты;
  • халық тағдыры;
  • батырлық, қайсарлық;
  • бірлік.

Шығарманың тақырыбы:
Қазақ­стан тарихында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы» атымен әйгілі болған халықтың тағдырындағы Ресейдің отарлық билеу кезеңінің оқиғалары.
Шығарманың идеясы:
Ресейдің отарлау саясатындағы озбырлықтардың (атақоныстардан, жайылымдардан еріксіз айыру, жазықсыз ауылдарды ­шауып, адамдарды өлтіру, тонау, барымталау, өзішілік басқару жүйесіне тиым салу, т.б.) етек алуына халықтың қарсыласу қуатын таныту.
Шығарманың негізгі идеясы
Шығарманың тақырыбы
Көтерілген мәселе
Әдеби өмірд
Әдеби
Эссе дегеніміз (фр.essai – тәжірбие, лат. exagium – құрау) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін.
Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-публицистикалық жанрдың бір түрі.
Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.
Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.
Анықтама бұрышы
Эссе жазушының өзіндік көзқарасын, сыни ойын жетілдіру, ұстанымын дәлелді бекіту үшін жан-жақты білім алып, ақпараттық қарулану, тақырыпты ашуда метатанымдық білігін тиімді қолдану, шығармашылық қабілетін шыңдау, ой жүйелілігін реттеу, жазу түрлеріне қарай жазу тәсілдерін таңдай біліп, эссе түріне қарай жазу стилін сақтау, ой жүйесінің бірізділігін сақтауда сөз оралымдарын тиімді қолдану, шығармашыл жазбаларда сөздік қорының байлығын дамыту, талдау жұмыстарында қажетті термин сөздерді тиімді қолдану.
Басқа эссе түрлеріне ұқсамайды.
  • Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген.
  • Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек.

  • Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет