«томирис» пьесасы



Pdf көрінісі
бет1/5
Дата16.05.2023
өлшемі342,38 Kb.
#93747
  1   2   3   4   5
Байланысты:
ТОМИРИС



ҚҰРАСТЫРҒАН: ТОҒЖАН ЖАЙЛАУБЕК 

«ТОМИРИС» ПЬЕСАСЫ 
Кіреуке деген парсының 
Қанын әзір төккем жоқ. 
Ұлымның кегін аламын, 
От болып мен жанамын. 
Меңдібай Әбілулы 

Біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасырда ата-бабаларымыздың мекені ұлы сақ 
даласын билеген Тұмар патшайым дүниежүзіне грек тарихшысы 
Геродоттың 
«Тарих» деген кітабы негізінде Томирис деген атпен танылған. Себебі Геродот 
сақтың 
Тұмар деген сөзін «Томирис» деп жазған. 

Шахимарден Қабиденұлы шығарма атауын осы әлемдік нұсқасы бойынша алған.

Шығармадағы Кир патшаға құпия жолмен баратын 
«Шұғыла» - ойдан алынған 
есім. Бұл - Томиристің екінші аты емес. 

Казақ қыздарының батырлық жолы осы Томирис-Тұмар ханымнан бастау алады. 
Шығарманың негізгі сюжеті біздің дәуірімізге дейінгі 530-жылдар шамасында өмір 
сүрген, біздің арғы тегіміз - сақтардың патшасы Томиристің қазіргі өмір сүріп 
отырған жерімізді жау қолынан қорғап қалғанн ерен ерлігіне байланысты өрбиді.

Томирис «Төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған, «жеңілуді білмейтін» 
парсы патшасы Кирдің шапқыншылығынан көшпенділер даласын қорғап қана 
қоймайды, оның әскерін түгелге жуық талқандап, Кирдің басын өз қолымен қанға 
батырады. 

Пьесада Кирді өз елі 
«патшалардың патшасы - ұлы Кир» деп атайды. Келген 
елшілерге де солай атауды талап етеді.

Автор «
массақ» деп алған бізге таныс «массагет» - сақ тайпасының баламасы, 
яғни сақ-массагет деген ұғымды береді.

Массагеттер (гр. massagetai) - ежелгі грек авторларының деректері бойынша 
Каспий мен Арал теңізі аралығын мекендеген тайпалар тобының ортақ атауы.

Ғалымдардың массагет атауын ашуы: 

кейбіреуі массагет атауы «masyo» - «балық» деген сөзден шыққан, 
сондықтан «балық жегіштер» деген ұғымды білдіреді деп жорамалдаса,

екіншілері «мас», «сака» және «та» деген сөздерден құралып, «ұлы сақ 
(скиф) ордасы» деген мағынаны білдіреді дейді.

Енді біреулері «маза - геттер», «ұлы геттер» деп түсіндіреді. 

Осылардың ішінен автор 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет