Топ: 102топ стоматология орындаған: серикбай асылзада тексерген: Kалменова Б. Т эссе тақырыбы:Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау



Дата27.10.2022
өлшемі13,27 Kb.
#45675

Топ:102ТОП СТОМАТОЛОГИЯ
Орындаған:СЕРИКБАЙ АСЫЛЗАДА
Тексерген:Kалменова Б.Т
ЭССЕ
Тақырыбы:Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау.

Әлеуметтану-қоғaм туралы сенімді білімдердің логикалық дұрыс жүйесі; бұл болaшақ оқиғаларды болжап, әлеуметтік үдерістердің болуындағы заңдылықтар мен үдерістерді көрсетуге мүмкіндік беретін ғылым. Ол жеке мінез-құлық пен адaмның ішкі әлемі туралы субьективті факторларды зерттеуге сүйенбейді, керісінше тарихи тұрақты және екпінді сипаттағы әлеуметтік қауымдастықтар, таптар мен институттардың өзара әрекеттесуі туралы обьективті білімдерді зерттеуге негізделеді.
2. Әлеуметтанулқ теориялардың даму кезеңдерін талдау
3. Әлеуметтану пәнінің негізгі құрылымы және қызметтері
Әлеуметтану пәні-бұл қоғамның әлеуметтік өмірі, яғни адамдар мен қауымдастықтардың өзара әрекеттесуінен туындайтын әлеуметтік құбылыстардың кешені. Әлеуметтану әлеуметтік өмірді, яғни олардың әлеуметтік мәртебесімен байланысты мәселелер бойынша әлекметтік субьектілердің өзара әрекеттесуін зерттейді.
Қазіргі әлеуметтанулық құрылымда үш тәсілдеме бар:1)Мазмұндық тәсілдеме-үш негізгі компоненті эмпириялар, теориялар, әдістемелер.2)Үш тәуелсіз деңгейі-іргелі, қолданбалызерттеулер, әлеуметтік инженерия 3)Әлеуметтік инженериядан шығады
Макроәлеуметтану және микроәлеуметтану болып бөлінеді.
4. Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдармен арақатынасы.
Әлеуметтану-экономика, құқық, демография, психология, социобиология, экология, тарих, саясаттану. Әлеуметтану қоғам туралы барлық ғылымдармен оның өмірінің әлеуметтік аспектісімен байланысты.

5. Әлеуметтік институттар мен процестер.
Әлеуметтік институт- (institutum латын тілінен - орнату, құру)-бұл бүкіл қоғамдық ағзаның тұтастық ретінде тұрақты қызмет етуін қамтамасыз ететiн адамдардың әлеуметтік өмiрiнiн арнаулы құрылғысы. Әлеуметтік институт-бұл заңдар мен әдет-ғұрыппен, салтпен, дәстүрмен, мінез-құлық нормаларымен және ережелерімен бекітілген адамдар арасындағы қарым-қатынастарды өзгерту мен жетілдіру тетіктерiнiң эволюциясы үдерiсiнде қалыптасқан әлеуметтік тәжiрибенiн формасы.
Барлық әлеуметік институттар негізгі және екінші дәрежелі леп бөлінеді. Екіншілер біріншінің элементі болып табылады.
Негізгі:үй, саяси, шіркеу, кәсіби. Екінші:экономикалық, саяси, социомәлени және тәпбиелеу, нормативті-санкциялайтын, стратификация.
Әлеуметтік процесс - қоғамдық өмірдің нақты тенденциялары көрініс табатын әлеуметтік әрекеттердің өзара байланысы. Әлеуметтік процестердің субъекті болып адамзат қоғамымен қоса жеке бір мемлекет, нақты әлеуметтік қауымдастықтар, ұйымдар мен институттар табыла алады. Әлеуметтік процесті жүйелердегі, әлеуметтік институтар мен ұйымдар жағдайларының кезеңді aуысуы деп сипаттай аламыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет