Топқа бірігу Сөз жұмбақ Қ у а т электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы Оқу мақсаттары



бет1/2
Дата02.03.2023
өлшемі240,24 Kb.
#71329
түріБағдарламасы
  1   2

Джоуль тобы
Ленц тобы
Ампер тобы
Топқа бірігу

Сөз жұмбақ


Қ
У
А
Т
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әрекеті. Джоуль-Ленц заңы

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

8.4.2.12 – жұмыс және қуат формулаларын есептер шығаруда қолдану
8.4.2.13 – Джоуль-Ленц заңын есептер шығару үшін қолдану;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар: электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын, Джоуль-Ленц заңын білу; Оқушылардың басым бөлігі: электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңын тұжырымдау; Кейбір оқушылар: электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль-Ленц заңының формулаларын есеп шығаруда қолдана алу

Бағалау критерийлері:

• Электр тогының жұмысы мен қуатының формуласын біледі; • Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы Джоуль-Ленц заңын тұжырымдай алады; • Электр тогының жұмысы мен қуатын, Джоуль-Ленц заңының формулаларын есеп шығаруда қолданады алады

Пәнаралық байланыс:

математика, тарих

Жаңа сабақ
Электр тогының жұмысы мен қуаты. Электр тогының жылулық әсері, Джоуль-Ленц заңы
Электр тогының бар екенін оның жылулық, химиялық, магниттік және биологиялық әсерлері бойынша білуге болады дедік. Осы әсерлер арқылы электр тогы, нақты айтқанда электр тогының көзі жұмыс жасайды. Мысалы ток өткенде өткізгіш қызады, соның салдарынан олардың ішкі энергиясы өседі. Ал өткізгіштің ішкі энергиясының артуы ток жұмысының есебінен жүреді, осы жұмысты есептейік. Сонда электр өрісі A=qU жұмыс өндіреді.Бұл заңды тәжірибе жүзінде 1841 жылы ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және 1843 жылы Петербург академигі Э.Х.Ленц ашқан. Сонымен электр тогының жылулық әсерін түсіндіретін заң Джоуль- Ленц заңы болды.
Электр тогының жылулық әсері тұрмыстық, өнеркәсіптік жылу қондырғыларында қолданылады. Олар электр шамдарында, өлшеу техникаларында, аспаптарында, электрлік дәнекерлеуде, тағы да басқа көптеген қазіргі заманғы техниканың салаларында пайдаланылады.
A=qU; I=q/t
Тізбектің бөлігіндегі токтың жұмысы ток күшінің кернеуге және жұмыс өндіруге кеткен уақытқа көбейтіндісіне тең:
A=IUt егер I=U/R; U=IR;
I жүйесінде жұмыс Джоульмен (Дж) өлшенеді.
1 Дж = 1А·1В · 1 с
Токтың жұмысын өлшеуге арналған құрал электр санауыш деп аталады
егер I=U/R; U=IR;
Өткізгіштерді тізбектей жалғау үшін A=I2Rt
Өткізгіштерді параллель жалғау үшін A=U2/Rt
1 Вт∙сағ. = 3600 Дж
1 гВт∙сағ = 100 Вт = 360 000 Дж
Токтың қуаты
Токтың қуаты t уақыттағы ток жұмысының сол уақыт аралығына қатыныасына тең:
P=A/t=IU
егер I=U/R; U=IR; 
Өткізгіш неге қызады:
Джоуль- Ленц заңы.
Ағылшын физигі Ресей физигі
Джеймс Джоуль Эмилий Христианович Ленц
(1818-1889) (1804-1865)
Тогы бар өткізгіштің бөлініп шығатын жылуының мөлшерін ток күшінің квадраты, өткізгіштің кедергісіне және өткізгіш бойымен ток жүретін уақыттың көбейтіндісіне тең:
Q=I2Rt
Үйреніп ал, қажетіңе жарайды!
Электр санауыштар туралы
Электр санауыштардың пайда болу тарихы XIX ғасырдан басталады. XIX ғасырдың бірінші жартысында электр және магниттік қасиеттердің біртұтастығы теория жүзінде дәлелденді. XIX ғасырдың екінші жартысында теорияны практика жүзінде дәлелдеу басталды. Су турбинасына, санауышқа, ток трансформаторына, әр түрлі двигательдерге, динамо- машинаға, шамдарға патент берілді, яғни бұл қондырғылар әр түрлі мақсаттарға қолданыла бастады. Осыған дейін трансформатор жасаған венгр Отто Титус Блати және динамо-машина жасаған Аньош Йедлик и Вернер фон Сименс ең алғашқы индукциялық электр санауыш жасады. Тағы да бұдан басқа (Галилео Феррарис— 1885 жылы, Никола Тесла — 1888жылы, Шелленбергер — 1888жылы), сол кездегі ұдайы электромагнитизмді теориясын дамыта отырып, электр энергиясын өлшейтін электр санауыштардың пайда болуына үлес қосты.
Бұл комерсиялық өнім көпшіліктің сұранысына ие болды. Осы электр санауыштардың көмегімен тұтынған электр энергиясын есептеуге мүмкіндік туды.
1888 ең бірінші айнымалы токтың электр санауышын жасаған ғалымдар Оливер Б. Және Шелленбергером.
Үйреніп ал, қажетіңе жарайды!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет